Ираннан әкелінген жәдігерлерді тамашалады

(Дауыстар: 1)
Ираннан әкелінген жәдігерлерді тамашалады

Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының Қасым Қайсенов көшесінде орналасқан ғимаратында Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінің мәдени орталығының қолдауымен «Наурыз әлемді шарлауда!» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Наурыз мейрамы жақындаған сайын қаланың мәдени өмірі де қыз-қыз қайнап, түрлі шаралар көптеп өтуде. Қала тұрғындарына көктем лебіндей қуаныш сыйлаған сол көп шаралардың бірі - осы көрме. Наурыз - жер бетіндегі ең көне мейрамдардың бірі. Оны тойлау дәстүрі осыдан үш мың жылдан астам уақыт бұрын иран жерінен бастау алған көрінеді. Бұл мерекені ЮНЕСКО адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізген. 21 наурызды БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық Наурыз күні деп жариялап, ол наурыз айының 21-інен 22-сіне қараған түні атап өтіледі. Бүгінде бұл күн Қазақстан жерінде тұрып жатқан барлық ұлттардың сүйікті мерекесіне айналып отыр.

Көрме шығыстың әртүрлі елдерінде мерекенің қалай аталып өтілетіні жайында сыр шертеді. Сонымен қатар, мұнда келушілер Иранның сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын, сондай-ақ, есімі бүкіл дүниежүзіне белгілі суретші Махмұд Фаршчианның шығыстың нәзік романтикасы мен араб поэзиясының нақыштарынан, ертегі кейіпкерлерінің сұлулығынан нәр алған туындылары мен Әмір Йеганенің, Әли Матиннің, Хамид-Реза Хосайнзаденің фотосуреттерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге қойылған жәдігерлердің біраз бөлігі Ираннан жеткізіліпті.

Көрменің ашылу салтанатында сөз алған Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінің кеңесшісі Масуд Шейх Зейнеддин адамзат баласын тек мәдениет пен өнер ғана жақындата алатынын, бірін-бірі терең тануға мүмкіндік беретінін ерекше атап айта келіп, Иранның көне тарих пен мәдениетке бай ел екенін, наурыз басталар кезінде иран халқы дұға оқып, адамзат баласына жақсылық тілейтіні туралы әңгімеледі.

Сондай-ақ, шара барысында облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Раушан Нұрмұханова да сөз алып, Наурыз мерекесін тойлаудың қарсаңында өңірде дәстүрлі онкүндіктің басталғанын айта келіп, қала тұрғындары мен қонақтарына осындай керемет көрмені тамашалауға мүмкіндік берген Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігінің мәдени орталығына алғысын жеткізді.

Осы арада көрме аясында иран киносының фестивалі өтіп, көрермендерге Иран Ислам Республикасының таңдаулы актерлері қатысқан фильмдер көрсетілетінін де айта кетейік.

Мейрамтай Иманғали
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар