Ядролық медицина орталығы Семей қаласында қашан іске қосылады?

(Дауыстар: 1)
Ядролық медицина орталығы Семей қаласында қашан іске қосылады?

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов Семейдегі ядролық медицина орталығының жабдықталуы мен іске қосылуына қатысты мәселелерге арналған кезекті отырысты өткізді. Аймақ басшысы сала басшылары мен мердігерлік ұйымдарға проблемалық сұрақтарды шешу жолдарын бір апта ішінде анықтау жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Семей қаласындағы орталықтың құрылысы 2012 жылдың наурызында басталып, 2013 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс еді. Алайда нысанды тапсыру мерзімі 2015 жылдың желтоқсанына дейін ұзартылып, бас мердігер мен субмердігердің жіберген қателіктерінен, емдеу мекемесін мерзімінде тапсыру мүмкін болмады.

ШҚО әкімінің орынбасары Димитрий Гариков түсіндіріп өткендей, 85 орынға арналған, жертөлесі мен техникалық қабаты бар үшқабатты орталықтың бас мердігері - «ЕртісГЭСқұрылыс» ЖШС. Ядролық орталықтың құрылысы мен жабдықталуына бюджеттен қомақты қаржы қарастырылған. Нысанның құрылыс жұмыстарының 97 пайызы бүгінде аяқталғанымен жабдықталуында кемшіліктер жетіп, артылады.

Қазіргі таңдағы басты проблема - субмердігер ұйым болып табылатын «Медтехника» АҚ сұйық радиоактивті қалдықтарды алатын және сақтайтын жүйені дұрыс орналастырмаған. Өткен жылы тәуелсіз сарапшылар комиссиясы аталмыш жобаны жүзеге асыруда бірнеше кемшіліктерге жол берілгенін анықтаған-ды. Атап айтқанда, желдеткіш жүйесінің, желдеткіштер мен жалпы корпустың электр жарығымен жабдықталу категориясының, бақылау аймағы бөлмесінің әрлеу жұмыстарының, орналастырылған сантехникалық құрылғылардың жобаға сәйкес келмейтіні әшкереленген еді.

- Сарапшылардың жұмысшы комиссиясының отырысында сұйық радиоактивті қалдықтарды алатын және сақтайтын жүйені алмастыру жайында бірнеше рет ескертілген, - деді Димитрий Гариков. - «Медтехника» АҚ басшылары бұл кемшіліктерді жоятындарына сендірген болатын. Алайда қазіргі уақытта акционерлік қоғам өз міндеттемелерін орындамай отыр. Бас мердігер мен субмердігердің бірінші басшыларына қатысты қылмыстық істер қозғалған.

Жиналыс барысында «Медтехника» акционерлік қоғамының өкілі Игорь Кузьменко облыс әкімінің «жетіспейтін медициналық жабдықтарды қашан жеткізесіздер?» деген сауалына нақты жауап бере алмады. Оның айтысына қарағанда, бас мердігер тиісті қаражатты толық аудармаған. Дегенмен қолдағы құжаттар да, облыс әкімінің орынбасары да бұл уәждің шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

- Бас мердігердің «Медтехника» АҚ аударған қаржысы барлық қаражаттың 63 пайызын құрайды. Келісімшарттың талаптары бойынша, ол бар болғаны 30 пайыз алдын ала төлем жасау керек болатын, - деді Димитрий Гариков. - Компания жеткізіп берген сұйық радиоактивті қалдықтарды алатын және сақтайтын жүйенің сапасы сын көтермейді. Олардың өзі әлі толық орналастырылмаған, жетпіс пайызы әлі жүк көліктерінде сақтаулы. Атқарылған жұмыстардың актілері де жоқ.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жиналыста көтерілген мәселелерді ерекше бақылауға алып, бір аптаның ішінде тығырықтан шығу жолдарын көрсету жөнінде тапсырма берді. Ол үшін орнатылған жүйелердің жобаға қаншалықты сәйкес келетінін, оның техникалық және техникологиялық сертификатын тексеру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар екі компанияның арасында қол қойылған барлық құжаттарды мұқият зерттеген соң барып, кінәлілердің жауапқа тартылатыны ескертілді.

- Тұрғындардың денсаулығы мен өміріне қатысты барлық мәселелер жан-жақты әрі ерекше екшеленуі қажет. Мен екі жақтың өкілдерімен де бірнеше рет жүздестім, олардың әрқайсысы жіберген шалағайлылықтарын қысқа мерзімде жөндейтіндері жөнінде уәде берген. Бұл жерде соттың шешімін алға тартып, ақталудың қажеті жоқ. Екі компанияның өзара қарым-қатынасының орталықтың құрылысына ешқандай қатысы жоқ. Бүгін біз бюджет алдындағы міндеттемелерді орындамаудың өрескел мысалына куә болып отырмыз. Мемлекет қаржысының әр теңгесі қатаң сұралатын болады. Халық үшін қажетті медицинаның осы түрі оларға көрсетілуі тиіс, - деп қорытындылады жиынды облыс басшысы.

Димитрий Гариков «Ертіс ГЭС құрылыс» ЖШС-нің басшысы Александр Изотовтың қазір қамауда отырғанын, ал «Медтехника» АҚ-ның бірінші басшысының Ресейге кетіп қалғанын жеткізді. Соған қарамастан, аталмыш әлеуметтік нысанды 2016 жылдың шілдесінде іске қосу жоспарланған.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар