Көпбалалы аналар мен зейнеткерлерге азық-түлік тегін таратылды

(Дауыстар: 1)
Көпбалалы аналар мен зейнеткерлерге азық-түлік тегін таратылды

Өскемен қаласындағы «Freshmarket» сауда орталығының жанында Үржар ауданының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауданның 13 ауылдық округінен келген шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлері ауылшаруашылық өнімдерін ұсынған жәрмеңкені Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов пен ШҚО әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин аралап, көрді.

Жәрмеңкеде қой мен сиыр еті - 1000, жылқы еті - 1100, көкөністер - 60, балдың литрі - 900, сарымайдың келісі 1500 теңгеден саудаланды.

Үржар аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Назым Байпейісованың айтуынша, қала базарының нарығынан 20 пайыз төмен бағада сатылған халықтың негізгі тұтынатын өнімдерінен жәрмеңкеге ең қажетті деген азық-түліктер әкелініпті.

- Жәрмеңкеге бес мың тоннаға жуық ет, 10 тонна картоп, екі тонна сәбіз бен орамжапырақ, сондай-ақ, сүт пен шұжық өнімдерін әкелдік, - дейді Назым Байпейісова.

Бұл күні Жанай ауылынан әкелінген «Швабские колбаски» ЖШС-нің өнімдерін алушылардың қарасы көп болды. Өйткені, мұнда шұжықтың келісі 400-900 теңгеден саудаланды. Аталмыш комбинат отандық өндірістің дамуына қомақты үлес қосып отыр. Осыдан 21 жыл бұрын іске қосылған кәсіпорын жыл санап мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен қарқынды дамып келеді. Өңірде ет өндірісінің дамуына септігін тигізіп отырған комбинат алдағы уақытта еңбек өнімділігін арттыра түсіруді жоспарлап отыр. Комбинат басшысы Сайлаубек Нүрсиленовтің айтуынша, өндіріс күніне үш мың тонна өнім дайындап, шұжықтың 70 түрін шығарады.

- Біздің аудандағы ең ірі өндіріс орны. 60 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмыз. Өнім сапасының жоғары болуын назарда ұстаймыз. Сол үшін Германиядағы алдыңғы қатарлы шұжық өндірушілермен үздіксіз тәжірибе алмасып отырамыз, - дейді Сайлаубек Нүрсиленов.

Үржарлық жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жәрмеңкеге келген зейнеткер қарттар мен көпбалалы аналар үшін қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Мұнда сиыр мен жылқы еті, картоп, сәбіз, сарымсақ сияқты көкөністер қап-қабымен тегін таратылғанын айта кеткен жөн.

- Дүкендегі бағаны көпшіліктің қалтасы көтере бермейді. Сол себепті де әр сенбі сайын өтіп тұратын жәрмеңкеден қалған емеспін. Өйткені, мұнда сатылатын өнімнің бағасы қаладағы базармен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Сондықтан біз сияқты зейнеткерлер үшін бұл тиімді. Бүгін маған бір қап сарымсақ пен ет өнімін тегін бергені үшін үржарлықтарға алғысымды білдіремін, - дейді қала тұрғыны Рысқали Қабдуалиев.

Айтпақшы, үржарлық өнерпаздардың концерті де көпшілік көңілінен шықты. Әсіресе, Гүлмира Темірбекова, Райгүл Чүкенова, Әліби Қаниев, Дархан-Айнұр Садуақасовтар, Айжан Желдібаева сынды әншілерге ерекше құрмет көрсетілді. Сөйтіп, өскемендіктер мен қала қонақтары арзан азық-түлік ұсынып, ән мен күйге бөлеген үржарлықтарға ерекше ризашылықтарын білдірді.

Ажар Сағатбекова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар