Үздік клуб меңгерушісі анықталды

(Дауыстар: 1)
Үздік клуб меңгерушісі анықталды
Тәуелсіздік таңымен оянған Белағаш өңірінің титулды ұлты көгершіндей қалқыған көк жалауымызбен бірге самғап, бұлбұлдың сайраған әніндей әсем Әнұранымызды өзгелермен бірге шырқап, бір ғана Елтаңбада берілген таңбаларға қарап тарихтың тағдырына куә болып, тілі де, діні де өзге, дегенмен, татулығы жарасқан отбасындай өзге ұлттармен оң қарым-қатынас жасап, бейбітшілік күнін кешіп келеді. ШҚО Бородулиха ауднының қазақтары салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды берік ұстанып, ата-бабамыздан қалған асыл істерді ары қарай жалғастырып, өз мәдениетімізді дамытуға еңбек етіп жатыр.

Осы орайда біз сөзге тартқан АМҮ директоры Қанат Балықбаев бауырымыз:

Тарихтың талай сұрапыл, қиын-қыстау жылдарын басынан кешкен еліміздің мәдениеті Кеңес дәуірі кезінде біраз ақсаңдап қалғаны ешкімге құпия емес. Сондықтан ШҚО басқада өңірілерімен бірге, Бродулиха ауданында да Батыстың шылауына түсіп құлдырап бара жатқан мәдениетімізді сақтап қалу үшін қызу жұмыстар атқарылып жатыр. Мәдениет ошақтары қайта жөндеуден өткізіліп, жабылып, шашылып қалған кітапханалар жер-жерде қайта жанданып, жұмыс істер адамы бар, жан-жақтағы клубтар мен мәдениет ошақтары қайыра бой көтеруі жолында ауданымызда талай жұмыстар атқарылды. Біраз елді мекендерде, атап айтсақ, Новопокровкада мәдени ошақтардың ашылуы да қолға алынды. Енді соның нәтижесін жұртқа паш ету үшін А.Бычковский басқаратын Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту және спорт бөлімімен, Бородулиха аудандық Орталық Кітапхана ұжымымен және А.Шпилкина басқаратын Достық Үйі бірлесіп, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырып, бірінші рет «Үздік клуб меңгерушісі - 2016» конкурсын өткізіп отырмыз,- деді.

«Үздік клуб меңгерушісі - 2016» конкурсында 1-ші орынды Жезкент ауылдық клубының меңгерушісі Рита Хабулинова, 1-ші орынды Жаңа Шүлбі ауылдық клубының меңгерушісі Мерхат Қабамбаев, 3-ші орынды Новопокровка ауылдық клубының меңгерушісі Айгүл Ордыбаевалар иеленді.

Президенттің халыққа жолдауы мен түрлі мәдени-бұқаралық бағдарламалар аясында ШҚО жер-жерінде мәдени ошақтарын жандандыруға зор күш салынып жатыр. Айтары жоқ, бұндай игі шаралар: «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деп барша қазақ елінің бір пұшпағы саналатын бородулихалықтарды да жігерлендіру үстінде. Оның басты тұлғасы - клуб меңгерушілерінің алатын орны зор.

Үздік клуб меңгерушісі анықталды

Шынымен де әр ұлттың өзіне ғана тән, ешкімге ұқсамайтын, болмыс-бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын мәдениеті болады. Мәдениет арқылы ұлттың бет-бейнесін, рухани болмысын, жанын, ақыл-ойын, парасатын айқындауға болады. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.

ШҚО түкпір-түкпірінде түрлі әлеуметтік бағдарламалар бойынша мәдени ошақтар бой көтеріп, жаңадан салынып, бұрын тұрғызылғандары қайта жөндеуден өтіп жатыр. Сондай мәдени орынның бірі Бородулиха ауданындағы Ново-Шүлбідегі Мәдениет Үйінің ғимараты қайта жанданып, тұрғылықты халық жұмыспен қамтамасыз етілді.

Айта берсек, бір ғана біздің ауданында бірнеше мәдени ошақтар жаңадан бой көтерген екен. Әкімшілік пен облыстық мәдениет басқармасы тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында Новопокровка мен Ново-Шүлбі елді мекендеріндегі мәдениет ошақтары бой көтерді.

Осы конкурсқа қатысып, екінші орынды еншілеген Мерхат бауырымыз.

- Тарихсыз, мәдениетсіз, дәстүрсіз ел болмайды.Халықта бар тарих пен мәдениетті сақтау, ұрпаққа жеткізу - ел парызы, - деп сөзін тұздықтады.

Бородулиха ауданында клуб меңгерушілері тарапынан азаматтардың ұлттық-мәдени бiрлестiктерге қатысуы, үнемі өткізілетін мәдени іс-шаралары негізінде мәдени насихаттың аясының кеңейтуі, ұлттық және мәдени өзiндiк ерекшелiктерді қорғау мен дамыту қамтамасыз етіледі.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар