Өскемендік шебер қолдан кіреуке сауыт тоқиды

(Дауыстар: 1)
Өскемендік шебер қолдан кіреуке сауыт тоқидыМодель құрып, кіреуке өретін, он саусағынан өнер тамған өскемендік Александр Фролов өз жұмыстарымен қалалықтарды таң қалдыруда.

Сол жағалау ауданының тұрғыны модель құрастыруды бесінші сыныпта, жас техниктер станциясында үйреніпті. Станцияға алғаш келгенде авиамодельдеуден бастаған ол оқуын тәмамдаған кезде кемемодельдеуден топ капитаны атанады. Мұндағы жасаған ең алғашқы моделі «Торғай», яғни іштен жанатын қозғалтқышы бар ұшақ моделі. Ұшақтың кок бөлшегі (тұмсығы) торғайдың маңдайына ұқсас болғандықтан солай атапты.

Баласы дүниеге келгенде оның шығармашылық жұмысы қайта жаңғырды. Ұлына арнап жасаған тұңғыш ойыншығы темір-терсектен, тот баспайтын құрыштан құралған робот еді. Еске түсірсек, Александр осыдан екі жыл бұрын мекенжай жазылған тақтайшаны ұстап тұратын алып темір роботты жасап шығарған.

Сондай-ақ, ол бос уақытында кіреуке, яғни жейде түріндегі, дөңгелек металл шығыршықтардан өрілген сауытты әзірлеумен айналысқанды сүйеді. Бұдан басқа электрлі ұшақтар, қашықтықтан басқарылатын көліктер, іштен жанатын қозғалтқышты кемелер, аэробот осының барлығы өнертапқыштың шеберханасынан табылады.

– Балалық шағымда ағаштан жасалған ойыншықтармен ойнадым. Ал ұлымның заманға сай ойыншықтары болғанын қалаймын. Әрі осы робот, көліктерді өз қолыммен жасасам әлде қайда дұрыс болады деп шештім. Оның үстіне маған көп еңбекті талап ететін жұмыс ұнайды. Тіпті жасаған ұшақтарымды дұрыс ұшыра алмасам да оларды құрастыру өте қызықты. Белгілі бір құрылғыға ғаламторда немесе дүкенде көзім түссе, оны жасап бітпей қоймаймын, - дейді Александр Фролов.

Бүгінгі күнде бірнеше бастаманы қолға алған өнертапқыш ендігі кезекте көзі жанатын роботты құруда. Сондай-ақ, сыртқы бақылау камерасын негізге ала отырып, оған диод орнату арқылы дала шамын жасауды бастады. Бұл шамды үйінің ішкі ауласына орналастырмақ, және оны қозғалысқа сезімтал ету қарастырылуда. Яғни, егер адам аулаға кіретін болса, жарық бірден қосылады.
- Александрдың жасаған дүниелері, бәрімізді таң қалдырады. Жақында көліктің зуылдаған дауысын естіп қалдым. Қарасам бұл оның қолынан шыққан ойыншық көлігі екен. Әдетте, біздің көшеде көліктер жоғары жылдамдықпен жүреді, ал осы жолы ойыншықтың шығарған дауысын көлікпен шатастырған жүргізушілер жылдамдықты азайтқайнын байқадым. Бір жағынан ұлына ойыншық, екінші жағынан бізге де пайдасы тиетіндей, - дейді көршісі Амангүл Ерімбетова.

Алға қойған мақсаты көп болғанымен, соңғы уақытта Александрге маза бермей жүрген бір идея бар. Бұл велочоппер құрастыру. Өнертапқыштың айтуына қарағанда мұны ұлымен серуендеу үшін, әрі өзінің қалауы осы болғандықтан жасамақшы.

Гүлжан Естаева


Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Ақпан 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
Жаңалықтар