ҰБТ-дан 53 балл жинаған бойжеткен өзіне қол жұмсады

(Дауыстар: 1)
ҰБТ-дан 53 балл жинаған бойжеткен өзіне қол жұмсады

Оңтүстік Қазақстанда мектеп бітіруші түлек Аида Сапарбай өзіне қол салып, қайтыс болды.

Бұл оқиға Сарыағаш ауданына қарасты Ошақты ауылында орын алған. №107 Ю.Сареми атындағы мектепте оқыған түлек сынақтан небәрі 53 балл жинаған (оның сегізі орыс тілі пәнінен жинаған) қыз он жеті жасқа толған күннің ертеңінде мал қорада асылып қалған. Бұл ақпаратты аудандық білім бөлімінің басшысы Мұрат Маханов растады. Тіпті қыздың психологиялық күйзеліске түсіп жүргенінен де хабардар екен. Алайда басқа мәлімет беруден бас тартып, «Білемін, сіздерге сенсация керек. Бірақ, қызды көміп алайық алдымен. Ертең хабарласыңыз» деп қысқа қайырды.

Айта кетейік, бойжеткеннің күйзелісте жүргенін айналасындағылар да байқаған. Бұл тестілеу сынағына дейін орын алған. Осыдан кейін психологтар ҰБТ-ға қатыстырмай-ақ қойсақ қайтеді деген көрінеді. Білім бөліміндегілер психологтардың ұсынысын қабылдамай, ақыры сынаққа қатыстырыпты. Алайда бұл ақпаратты ауданның бас педагогы растамады.

Аиданың денесін 21 маусым күні, таңғы уақытта ағасы өз үйлерінің мал қорасынан тауып алған. Бұл іс Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының 1 бөлімінде тіркелген. Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қыздың денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

korrespondent.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Қаңтар 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Жаңалықтар