Өскемендік студент Малика Ахметжанова жаңа ерекше жобаға жолдама алды

(Дауыстар: 1)
Өскемендік студент Малика Ахметжанова жаңа ерекше жобаға жолдама алды

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың 1-курс студенті Малика Ахметжанова танымал әнші Ерлан Көкеевтің жаңа жобасына қатысуға шақырту алды.

Айта кетейік, Малика Ахметжанова Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен 25-інші «Жас қанат» республикалық байқауының ақтық сынына дейін өтті. Нәтижесінде, Астана қаласы әкімдігінің арнайы жүлдесіне ие болды. Байқауда Бритни Хьюстонның «I have nothing» әнін орындаған жас әншіге Жанар Дұғалова алғысын білдіріп: «Шынымды айтсам, осы уақытқа дейін Бритни Хьюстонның «I have nothing» әнін орындауға батылым жетпей жүрген болатын. Ал бүгін сенің нар тәуекелге бел буып, мұндай үлкен шығармашылық туындыны қорықпай орындаған өжеттілігіңді көріп, саған жоғары баға қоямын» деген екен.

Малика Ахметжанованың айтуынша, оның кәсіби музыкалық білімі жоқ. Сондықтан, ол әншілікпен әзірше тек хобби ретінде айналысып жүр.

– Байқауға қатысқан кезде бастысы жеңіс емес, тәжірибе екенін ұқтым. Өйткені, мұнда төрешілік ететін қазылар алқасы қатысушылардың дайындығын бірден байқайды. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» дегендей болашақта өзіме қатысты айтылған сынды түзейтін боламын, - дейді Малика Ахметжанова.

Аталмыш байқауда «Сұлулық байқауына қатыссаң бас жүлдені аласың. Алайда, ән байқауында ақсаңдап тұрсың, саған әлі тыңғылықты дайындық қажет» деп сын-пікірін білдірген Ерлан Көкеев жас әншіні өзінің жаңа жобасына қатысуға шақырған.

– Аталған жобаға қатысуға келісім берген жағдайда Астанаға қоныс аударуыма тура келеді. Сол жағы аздап қиындық туғызып отыр. Сондықтан Ерлан Көкеевтің ұсынысын ойланып жүрмін, - дейді Малика Ахметжанова.

Ажар Сағатбекова

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Ақпан 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
Жаңалықтар