Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Өскемендегі облыстық қан орталығында болды

(Дауыстар: 1)
Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Өскемендегі облыстық қан орталығында болды


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді. Жұмыс сапарының барысында Елбасы облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірге Өскемендегі облыстық қан орталығында және «Азиа АВТО Қазақстан» акционерлік қоғамы кәсіпорынында болды.


Өткен жылы қолданысқа берілген медицина мекемесін аралап көрген Президент заманауи қондырғылармен мұздай жабдықталған орталықтың қызметімен танысты. Адам өмірінің арашашысы деген абыройлы міндетті арқалаған ақ халатты жандармен, сондай-ақ, қан тапсырушы донорлармен тілдесті. Қазіргі уақытта өтіп жатқан донор айлығы аясында қан тапсыруға Өскемендегі 27943 әскери бөлімінің қызметкерлері мен сарбаздары да келген екен.

– Аса мәртебелі Елбасы! Біз әскерміз. Біздің міндетіміз Отанды қорғау. Біз үшін ең бастысы – елдегі Сіз орнатқан тыныштықты қорғау. Өткенде Ақтөбеде болған оқиға ол – нағыз сатқындық. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіз бізге бұйрық беріңіз. Ондай сатқындардың көзін құртамыз. Түбімен жоямыз. Мемлекетті қорғау біздің парызымыз, – деді Елбасымен кездескенде 27943 әскери бөлімінің қызметкері, лейтенант Олжас Әбенов.

Сондай-ақ, еліміздің Президенті, Бас Қолбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев алдында қатардағы сарбаздар Берлі Оразалимов пен Дмитрий Андрюшенко да сөз сөйлеп, Отанды қорғау жолында қажет болса жандарын қиюға дайын екендіктерін жеткізді.

– Бұл әрине дұрыс. Алайда сіздер өмірлеріңізді де сақтап, Отанды да қорғауларыңыз керек. Қан тапсыру арқылы қазірдің өзінде адамдардың өмірін құтқаруға көмектесіп жатырсыздар. Бұл да үлкен іс, – деп атап көрсеткен Мемлекет басшысы бүгінгідей аумалы-төкпелі шақта елдің тұрақтылығын сақтап, тыныштығын күзету бәрінен де маңызды екенін баса айтты.

Шығыс-Ақпарат

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Ақпан 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
Жаңалықтар