Lada Largus көлігі «орталықтандырылған қалалық такси» жобасына ұсынылды

(Дауыстар: 1)
 Lada Largus көлігі «орталықтандырылған қалалық такси» жобасына ұсынылды



b]Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Азия Авто» кәсіпорнында болып, «Лада» желісінің жаңа модельдерімен танысты, Согра кентіндегі толық циклді автомобиль зауытының құрылысын аралады. [/b]

Бір апта бұрын ғана тұсауы кесілген жаңа өндірістік желіні Елбасыға кәсіпорынның директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкин таныстырды. «Бипек Авто-Азия Авто» компаниялар тобы бүгінде General Motors, SkodaAuto, Volkswagen, KIA Motors, Renault-Nissan АВТОВАЗ сияқты әлемдік концерндермен технологиялық әріптестік орнатып, елдегі автомобиль өндірісін алға сүйреп келеді. Кәсіпорынның «Лада» маркалы өнімдеріне қазақстандықтар тарапынан сұраныс мол. Бұған дейін «Азия Авто» аталмыш желінің тек Lada 4х4 және Urban модельдерін ғана шығарып келген. Жол талғамайтын бұл «Нивалардың» бірі ауылды аймаққа арналса, бірі қалалы жерлерге лайықталған болатын. Енді оларға Lada Granta, Lada Kalina және Lada 4x4 5d модельдері қосылып отыр. Алдағы тамыз айында олардың қатарын Priora толықтырады. Ал қыркүйекке қарай Vesta және XRAY кроссоверін, әмбебап Largus көлігін өндіру жолға қойылады. Зауыттың аға шебері Дәурен Балғабаев – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Бұған дейін әлемге әйгілі жеті машинасаушы компанияның тәжірибесімен танысып, Volkswagen компаниясында жұмыс істеген маман мұндағы өнім сапасы алманиялық көліктерден ешбір кем түспейтінін атады.

Кәсіпорын басшылығы Президентке Lada Largus көлігін «орталықтандырылған қалалық такси» жобасына ұсынды. Ұлт Көшбасшысы болашақта еліміздің қалаларында біріздендірілген қалалық такси қызметін жолға қою қажеттігін қадап айтқаны белгілі. А.Балушкиннің айтуынша сол ойдың үдесінен шығу жолында Lada Largus моделі таптырмас нұсқа болмақ.

-Бұл көліктің шанағы өзге жеңіл автомобильдерге қарағанда әлдеқайда биік. Мұндай биіктік клиенттің емін-еркін отыруына өте қолайлы. Ал көліктің артқы бөлігіндегі жүксалғышы мейлінше кең. Қосалқы бөлшектері мен қызмет көрсету құны өзге модельдерге қарағанда арзан. Сондықтан оны қалалық такси көлігі ретінде пайдалануға әбден болады, - деді Анатолий Балушкин. Өз кезегінде мемлекет басшысы компанияның табыс аясын кеңейту бағытындағы ізденісін құптайтынын жеткізді.

Есімжан Нақтыбайұлы

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Қаңтар 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Жаңалықтар