Ақырзаман: ақиқат па, аңыз ба?

(Дауыстар: 35)
  • 26 наурыз 2012, 15:25 |
  • Пікірлер: 228
Ақырзаман: ақиқат па, аңыз ба?Ақырзаман. Атының өзі әрі-сәрі күйге түсіретін, соңғы мың жылдан астам уақыттан бері ауық-ауық адамзатты үрей құшағына орап, дүрліктіріп келе жатқан ақырзаманның келетіні, анығырағы болатыны туралы алыпқашты әңгіме соңғы он жылдан бері тоқтаусыз әңгіме өзегіне айналып келеді. Биыл тіпті үдеп тұр. Себебі ағымдағы жылдың аяғында ақырзаман анық келеді екен-мыс.

Бұл әңгіме жәй әңгіме күйінде қалмай, дүниежүзінің көптеген көріпкелдері мен ғалымдарының, дін өкілдерінің, саясаткерлері мен қайраткерлерінің арасындағы таусылып бітпес пікірталас, дауға айналған тақырып болып отыр. Голливуд киногерлері түсірген ақырзаман туралы фильм де отқа май құя түскендей болды. Сонымен, шынында да ақырзаман таяп келе жатыр ма? Оның 2012 жылдың аяғында болатыны қаншалықты ақиқат?

Жалпы ақырзаман деген не өзі? Оны шынымен де жер бетіндегі тіршіліктің, тіпті жер планетасының тып-типыл жойылып кетуі деп түсінуге бола ма?

Нострадамусқа сенеміз бе, Ньютонға ма?

Жер бетіндегі тіршілікті, тіпті планетаның өзін тып-типыл жойып жіберетін алапат күштің әсерінен болатын ақырзаман туралы әуелі діни кітаптарда баяндалған және оның белгілері келтірілген. Мәселен, пайғамбардың хадисте-рінде ақырзаманның кіші белгілері ретінде ең алдымен Мұхаммед пайғамбардың дүниеге келуі аталған. Себебі Мұхаммедтен (ғ.с.) соң басқа пайғамбар келмейді. Одан соң бала әкеге бұйрық беретін заман болады, қылмыс, сатқындық, зұлымдық көбейіп, ішімдікке әуестік артады, жалған пайғамбарлар шығады, кәпірлер мен мұсылмандар соғысады, байлардың саны артады, құдайға қарағандар, иманды адамдар азайып, олар айналадағы күнәкарлықты көрген соң Алла тағалаға жақындай түседі делінген. Ақырзаманның кіші белгілерінің барлығы түгелдей орындалды дейді ғалымдар. Үлкен жеті белгілерінің де біразы орындалып қойған. Енді Мәдінің келуі, күннің батыстан шығатыны, сөйлейтін Таббатул ара атты жер жануарының шығуы, жер бетіне Тажалдың келуі, Исаның (ғ.с.) түсуі, жер шарын көк түтін басуы, бірі – Батыста, бірі – Шығыста, үшіншісі – Араб түбегінде жер сілкінуі, Яжұқ, Мажүж атты алып халықтың пайда болуы, Құран аяттарының ғайып болып, иманды адамдардың түгесіліп, барлық мұсылмандар көз жұмып, Қағбаның көкке көтеріліп, Иеменнен басталған өрт жер бетін жабатыны сияқты белгілері қалып тұр екен. Ақырзаман болғанда жер бетінде мұсылман қалмайды, оны көрмейді делінеді хадисте.

Ал осы заман ғалымдары ақырзаманды жер бетінде болатын табиғи өзгерістермен байланыстырады. Мәселен, күннің қатты ысуы немесе сууы. Америкалық ғалымдардың пайымдауынша, 2012 жылы күн белсенділігінің артуына байланысты электронды толқын жердегі барлық электр қуатын жойып жіберуі мүмкін. Тағы бір ғалымдар 2012 жылы 21-желтоқсанда күн жүйесіндегі планеталар тізбегі қалыптасады. Соның ретімен басқа да планеталар сап түзеп, нәтижесінде әлем бір кезеңнен екінші кезеңге алмасады дейді.

Ақырзаман туралы болжам жасаушылар ежелгі заман өркениетінің таңғажайып жетістігі болып саналатын ежелгі майя күнтізбесіне де сілтеме жасайды. Ол күнтізбе асқан дәлдігімен таңғалдырады және 2012 жылмен аяқталады екен. Майялықтардың көзқарасы бойынша әлем соған дейін төрт рет өзгерген, яғни, төрт дәуірді бастан кешкен. Олардың барлығы да «табиғи өзгерістер» нәтижесінде өзгерген немесе жойылған. Біз өмір сүріп отырған кезең – оның бесіншісі. Әйгілі физик Исаак Ньютон да 2012 жылдың ар жақ-бер жағында дәуір алмасуы болады деген болжам жасаған екен. Ньютон құпиясы аталатын сол еңбек қазір Израильдің ұлттық кітапханасында құпия сейфте сақталып отырған көрінеді. Ежелгі шумерліктер де аспан әлемінде тағы бір планета бар деп білген. Ол жерге жақындағанда жер бетінде табиғи өзгерістер болып тұрады екен. Ғалымдар соңғы жылдарда бұрын белгісіз бір планетаның пайда болып, жерге жақындай бастағанын байқаған. Ал әйгілі көріпкел Ванга мен орта ғасырдағы Нострадамустың ақырзаман жөніндегі пікірлері екі ұшты.

Жалпы көріпкелдер мен болжаушылыр ақырзаманның болатын уақыты туралы бірыңғай пікірде емес. Оның көбінде 2012 жыл аталғанымен, алғашында кейбіреулері осыдан мың жыл бұрынғы уақытты, одан соң 1033, 1248, 1603, 1658, 1910, 1962 жылдарды көрсетіпті. Енді бір болжаушылар ақырзаманның болатын уақыты ретінде 2000, 2011, 2014, 2016, 2018, 2020 жылдарды атапты. Тіпті британдық ғалымдар ақырзаманның хронологиясын жасап шығыпты. Онда алдын ала болжанса да, болмай қалған ақырзаман жылдары енген. Мәселен, алғаш рет осыдан мың жыл бұрын Еуропаны үрей билеген. Адамдар күнделікті жұмыстарын тастап, шіркеуге барып тығылған. Кейбіреулер мүліктерін кедей-кепшікке таратып, құдайдан жаса-ған күнәлары үшін кешірім сұрап, жалбарынған. Аквитанияға жауған қызыл жаңбыр мен Англия-ға түскен метеорит еуропалықтарды одан әрі дүрліктірген.

Қазақы түсінігіміз қандай?

Ақырзаман туралы айтқанда, алдымен ауызға бала кезімізден естіп өскен аңыз-әңгімелер мен дана билеріміз, данышпан ойшылдарымыз айтып кеткен болжам-дар, нақыл сөздер еске түседі. Мә-селен, олар «Белдеусіз үй болады, белгісізден би болады, сиыр пұл болады», «Қар суы теріс ағады», «Ақырзаман болғанда су тартылар, қарап тұрған жігітке қыз артылар» деген сияқты болып келеді. Бір нәрсені қиынсынып немесе түңіліп отырған адамға басқалардың «заманақырды төндірмей отыр» деп жататыны да есте. «Ақырзаман болғанда жер бетін топан су қаптап, тек қайығы барлар ғана аман қалады екен, ал басқалары балық болып кетеді екен» деген сияқты қорқынышты әңгімелерді үлкендердің балаларға айтып оты-ратынын ұмытқанымыз жоқ. Жас бала бір нәрсеге зеректік танытып, ойының ұшқырлығын аңғартса, үлкендердің «Ақырзаманның баласы деген – осы. Бәрін іштен оқып, біліп туады» деп жататыны да ойымызда. Біз бұл жерде ойға оралып, тіл ұшына ілінгендерін ғана сөз етіп отырмыз. Әйтпесе ақырзаман туралы қазақы түсінік жөнінде таңды таңға ұрып сөз етуге болады. Мәселен, «Мен жасырақ кезімде ауыл ақсақалдарының әңгімесіне көп құлақ қоюшы едім. Әсіресе, ескіше де, жаңаша да (орысша) сауатты, өз заманының білімді адамы болған Заманбек Кенжин деген ақсақал ақырзаман туралы әңгіме айта келіп, оның барлығын ғасырлар тоғысында міндетті түрде небір үлкен өзгерістер болатындығымен түсіндіретін. Осы ойын негіздей келіп ақсақал 1890 жылдардан бастап Совет өкіметінің орнауына байланысты оқиғаларды тілге тиек ететін» дейді бүгінде өзі де жетпіс екіге келген, Тарбағатай ауданы, Құйған ауылында тұрған Кеңесбек Ахметқалиев ақсақал.

– Сондықтан ақырзаман дегенді дүниенің құрып, бітуі деп теріс түсіндірмей, ғасырлар тоғысындағы белгілі бір өзгерістердің болуы мүмкін деп қана білу керек, – дейді ардагер.

Ұлу жайлы жыл болады

Қоян жылын шығарып салып, Ұлу жылын қарсы алар тұста қазақстандық көріпкелдер, оның ішінде жұлдызшылар, құмалақшы-лар да қалың жұртты алаңдатып отырған ақырзаман туралы болжам жасап, өз пікірлерін білдірген болатын. Әлі де айтып жатыр. Олардың дені биылғы жыл адамзатқа, оның ішінде қазақстандықтарға ешқан-дай қауіп төніп тұрған жоқ дегенге саяды.

Көріпкел Мұхтар қажы Сейденов, Қазақстанның құрметті кәсіби халық емшісі, жауырыншы Айсұлу Әмзеева да ақырзаман туралы сөз-дердің бәрі бос қауесет екендігін айтып, елді дүрліктіруге, халықтың үрейін ұшыруға болмайды деген пікірде. Биыл өмірге сәбилер көп келіп, демографиялық ахуалымыз жақсара түседі. Мемлекетімізге іштен де, сырттан да келер қауіп жоқ дейді. Ғалымдар да ақырза-ман дегенді тек бір дәуірдің екінші бір неғұрлым жетілген, дамыған дәуірмен алмасуы деп түсіну керек деп түсіндіреді.
Тақырыпты түйіндей келгенде осынау жарық дүние, діни түсінік бойынша жалған дүние қанша-лықты мәңгілік болса, ақырзаман туралы аңыздың да соншалықты мәңгілік екені ләзім. «Тумақ бар жерде, өлмек бар» екенін ескерсек, бәрі де жалғыз Жаратушының қолында екенін қайталаудан басқа амал жоқ.


Дін өкілдері не дейді?

Нұрлан қажы Асанов, Қазақстан мұсылмандары діни басқар-масының Өскемен өңірі бойынша өкіл имамы:

– Біз қазір өмір сүріп отырған кезеңді адамзат баласының бастан кешіп отырған кезекті бір дәуірі деп есептесек, ақырзаман дегеніміз соның аяқталатыны болып шығады. Шындығына келгенде діни ұғымдағы соңғы сәт – қиямет-қайым. Оның екі түрі бар. Біріншісі, дүниенің тоқтауы. Екіншісі, адамның дүниеден өтуі. Ақырзаманды мұсылман көрмейді. Ал оның қашан болатыны – бір Аллаға ғана аян. Ислам ғұламалары көне кітаптарға сілтеме жасай отырып, жер бетінде болуы мүмкін табиғи өзгерістер Тажалдың келуіне байланысты туындайды деген пікір айтады. Әр дінде әрқилы айтылғанымен, Тажалдың келуі туралы барлық қасиетті кітаптарда бар. Жалпы пайғамбардың хадистерінде ақырзаман белгілері туралы толығымен баяндалған. Егер әр оқиғаға Құран аяттарымен сипаттама беретін болсақ, оның дәл келіп жатқанына күмән келтірмейміз. Тіпті Ислам дінінің келуінің өзі ақырзаманның белгісі ретінде түсіндіріледі. Жалпы ислам дініне дейін де адам баласына Алладан бірнеше елші жіберілгендігін білеміз. Олар арқылы да ақырзаманның болатыны туралы ескертілген. Бірақ соңғы түскен қасиетті Құран кәрімді ешкім өзгерте алған жоқ. Ол өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ. Оны Алла тағала өзі қорғап, қорғаштайды. Ол жаратушымыздың адамзатқа берген уәдесі болатын. Сол сияқты ақырзаманның келуі де жаратушымыздың берген бір уәдесі екенін ұмытпаған жөн.

Көріпкелдер не дейді?

Назарбек Қожамсейіт, жұлдызшы:

– Негізінен алғанда, елді селт еткізіп, сенсациялық хабарларды таратуға құмар кейбір шетелдік ақпарат құралдарының соңғы кездері ақырзаман «жасағыш» болып алғаны жасырын емес. Қазіргі таңда кейбір көріпкелдер «2012 жылдың 21-желтоқсанында ақырзаман болады» деп елді дүрліктіріп жүр. Тіпті америкалық Голливуд киноөндірісі түсірген «2012» атты фильмдегі сюжеттер және ежелгі Майя өркениетінде өмір сүрген тайпалардың жасаған күнтізбесінің 2012 жылы 21-желтоқсанда аяқталуы халықты үрейлендіріп отыр. Алайда аталған жайттардың логикалық қисыны бар ма? Әлемді дүрліктірген бұл болжамды өз басым шешіп көруге тырыстым. Тарих тереңіне кеткен көне заманда Майя өркениеті болған. Қазір ғалымдар бұл өркениетке 5200 жыл болғанын айтуда. Майя күнтізбесі, расында, 2012 жылдың 21-желтоқсанымен бітеді. Бірақ бұл «әлемде ақырзаман орнайды» дегенді білдірмесе керек. Ежелгі өркениетті зерттеген ғалымдардың айтуынша, майялықтар ақырзаман турасында еш нәрсе демеген. Мая өркениеті тұсында да жер сілкіністері, күннің тұтылуы болып тұрған. Ал ақырзаманның қашан болатыны бір Аллаға ғана аян. Сондықтан халықтың көңіліне қаяу түсіріп, жақсылыққа деген үмітін сөндіруге болмайды. Осы орайда менің айтарым, биылғы жыл адамзат үшін жаңа кезеңнің бастауы болатынына сенім мол. 2012 жылы жақсылыққа құштар, ақжүрек, кеңпейілді азаматтардың асығы алшысынан түседі. Керісінше, пейілі тар, табиғатты ластап, үнемі жаман нәрсе ойлап жүретін бейбақтар биылғы жылдың үлесінен құр қалуы мүмкін. Бәлкім, қасиетті кітаптарда айтылған «Алтын заман» кезеңі осы 2012 жылдан ары қарай орнайтын шығар. Майя күнтізбесінің 2012 жылы 21-желтоқсанда тәмамдалуы әлемде жаңа өмір сүру стандартын қалыптастыруы ықтимал. Бұйыртса, оны да көре жатармыз.

«Жақсы сөз – жарым ырыс». Адамдарға шөкімдей болса да, жылы сөз қажет. 2012 жылды «Рухани тазару жылы» деп атар едім. Сондықтан Ұлу жылында жақсылыққа бастайтын ұлы өзгерістер көп болады деп кәміл сенемін.

Ертөстік Тасболатов, құмалақшы:

– Мен ақырзаман туралы әңгімені бала жастан естіп келемін. Қазір жасым елу алтыға келді. Әлі сол сөз. Жалпы ақырзаманды құмалақ арқылы немесе жұлдызға қарап болжауға болмайды. Ол тек Алланың ісі. Бәрі бір жаратушының ғана қолында.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz
Айдар: Қоғам

Пікірлер:

Баян | 10 желтоқсан 2012 12:59
Ақырзаман бұрыннан келе жатқан аңыз әңгіме ғой. Кім біледі? Болады ма болмайды ма? Тек бір ғана Алланың қолында ғой. Ақырзаман болады дейді. Бірақ, адамдар имансыз, қатігез болған кезде.
Динара | 10 желтоқсан 2012 13:04
Менің әжем айтқан - ақырзаман болады деп Әжемнің атасы айтыпты. Ол уақыт жақындағанда, пендеміз имансыз болады деп. Бірақ, қазір барлығымыз яғни, мұсұлман халқымыз намаз оқып, иманға бет бұрып жүрміз ғой. Аллах біледі не боларын, өзі шешеді ғой. Ақыр заман болады, болады деген адамның басына көрінсін. Менімше, Қазақстанға ешнарсе болмайды. Мен сенбеймін де қорықпаймында. Тек 1 ғана Аллахтан қорқу керек. Қазақстаннан айналып шет елдерге барсын ол,
Камшат | 10 желтоқсан 2012 16:20
Керемет жазыпсыңдар бауырлар ! Мен бала кезімнен естіген едім 2000 жылы ақыр-заман болат деп ,содан бері жүректе бір қорқыныш үреи туып тұрады .Өзім үшін емес өзгелер үшін ,балаларым үшін ,барша мұсылман қауымы үшін үреи туады. Тек құраннан өзіме сабырлық аламын.
Армангул | 10 желтоқсан 2012 17:53
Ниетіміз дұрыс болсын! Бір Аллаға ғана аян істі әңгіме қылудың керегі шамалы. Көппен көреміз де. Және де біреулерге көрсетсін деудің де керегі жоқ. Ниетіміз қауыммен ғой. Алла қаласа шам алсаң да қашып құтылмайсың. Ең жақсысы болмай-ақ қойсын. Менің ойымша күннің, планетаның табиғат заңдылығына байланысты өзгеріс болуы мүмкін. Бұл тек күнтізбелік мәлімет. Алланың құдіреті тек өзіне аян. Аман болайық, ағайындар! Ниетіміз бұзылмасын. Сау басқа сақина тілемейік!!!!!!
Жеңісгүл Мухитова | 10 желтоқсан 2012 18:47
ақыр заман ешқашан болмайды, сенбеңіздер!!!!!!!!
Эленора | 10 желтоқсан 2012 19:19
акыр заман болмайды бир алланын колында ел не демейди есек не жемейди жаманды айтсан жаман жугирип келеди сол ушин жаксыны айту керек деп ойлаймын
saltush | 10 желтоқсан 2012 19:41
salem kazak halki 21nwi jeltoksannan tek jaksilik kuteik,,,, barlyktarynyzga ALLA jar bolsyn.aman bolynyzdar
Фарида | 10 желтоқсан 2012 21:21
Ақыр заман 2012-де болады дегенге сенбеймін. Бірақ түптің түбінде ақыр заман болады, ол қашан болатынын ешкімде білмейді
Нурхан | 10 желтоқсан 2012 23:14
Алланын колында бари.
Хапура | 10 желтоқсан 2012 23:57
Акыр заман болатынына сенемин,бирак ол кашан кай уакытта болатыны бир Аллахка гана малим.
2012 | 11 желтоқсан 2012 01:30
Жандарныз неткен татти еди Мусылман адам ешкашан олимнен корыкпайды Акырзаман болуы болмауы тек бир гана жаратушы Аллахтын колында Кашан болатынын ешким билмейди. болды деген куннин озинде мен озим олем деп корыкпаймын жакыныннын оз козиннин алдында олгени киынгой, Акыр заман болатын куни мусылман адамдар кормейди делинген сүр үрлейди дейди жан алгыш периште сол кезде барлык нарседен оте шыгатын самал жел болады ол мусылмандардын жанын алады екен. Мусылман бауырлар оны ойлап шошыганша ана омирге не алып бара жатырмыз соны ойлау керек
Сакен Данияров | 11 желтоқсан 2012 01:37
Бір аллаға ғана айан.Басқа түскенді көз көреді ,егерде шын болса ешқайда қашып құтылмаисын.
Бұл басқа дін өкілдерінің ислам дініндегі мұсылмандарды қорқытып үреилендірудің бір амалы ғана.
Қуат Сүлеименов | 11 желтоқсан 2012 01:41
Бір аллаға ғана айан.Басқа түскенді көз көреді ,егерде шын болса ешқайда қашып құтылмаисын.
Бұл басқа дін өкілдерінің ислам дініндегі мұсылмандарды қорқытып үреилендірудің бір амалы ғана.
Улбосын | 11 желтоқсан 2012 02:53
Бәрі бір АЛЛАНЫҢ қолында
123456789 | 11 желтоқсан 2012 13:34
ақырзаман болмайды өтірік
123456789 | 11 желтоқсан 2012 13:37
адамдарды қорқыту үшін таратылған өтірік
Дана | 11 желтоқсан 2012 19:18
О, қазақтар кімді айтсаң сол келеді, ешекті айтсаң құлағы көрінеді дегендей нені айтсаң сол келеді. Сондықтан бұл ойды санамыздан өшірейік. Егер болып жатса, тек өзің ғана сол ақырзаманда қалмайсың ғой!!!!!!!!!
Бұл туралы айтпаңдаршы денем түрщігеді.
гулсезим | 11 желтоқсан 2012 21:08
АҚЫРЗАМАН БОЛМАСЫН winked ЖАҚСЫЛЫҚТЫ ЖОЛДАСЫН smile
динара | 11 желтоқсан 2012 23:58
ақыр заман болмаиды мен буган сенбеимин мен те кана Аллага кага сенемин,акыр заман бола болмаима оны БІР ӨЗІ Алла Тагала биледи ,О Алла мұндай сұмдықтаң сақтаныз no
Асель | 12 желтоқсан 2012 00:08
Бари де бир Алланын колында достар! Тек жаксылыкка умтылайык! Жаксы соз жарым ырыс деген бекер емес. Омірден түнілмейік. ТЕК ЖАҚСЫЛЫҚ ДОСТАР)))))))))))
акмаржан | 12 желтоқсан 2012 00:24
recourse егер болса казак халкымен бирге коремиз Атам Казак не кормеген бул атана налет акырзаманнанда аман-есен отемиз жасымандар тек бир Аллага гана аян тек бир Алла гана сактаиды
жазира | 12 желтоқсан 2012 10:39
бір аллағана біледі, ертең не болады.
Қыдырбай | 12 желтоқсан 2012 11:38
21-деген бос әңгіме. Бәрі де тек бір Алланың қолындағо.Құрметті қазақ халқы бос дүрбелең салмауарыңызды сұраймын.Бәрінде жұртпен бірге көремізғо.Ақырзаман бұл адамдардың,табиғаттың бұзылуы.
Асель | 12 желтоқсан 2012 11:54
Бір ғана АЛЛАҒА сыйынып! Халқым неге сонша бир шетел киносына бола улкен проблема қазақ халқын мазалап жур. Бекер айтпаган да шығар қазақ халқы аңқау деп! сондықтан әр мұсылман сабырлы, шыншыл болуы керек! Осыны болады деп сенетін болсақ шынымен болуы мүмкін! Тыныш қана ЖАҢА 2013 ЖЫЛДЫ аман - есен қарсы алайықшы! Бала - шағамыз бізденде жақсы өмір сүруі үшін!!!
жазира | 12 желтоқсан 2012 12:03
Бір аллаға сенейікші.
жазира | 12 желтоқсан 2012 12:05
Ақырзаман болмайды. тек аллаға сенейік, иман келтірейік.
БАНУ | 12 желтоқсан 2012 15:03
өтірікккккккккккккккккккккккккккккккккк тек бір АЛЛАҒА СЕНУ КЕРЕК smile
Салима | 12 желтоқсан 2012 17:05
АқырЗаман туралы барлық адам әр түрлі пікірде. ғалымдардың бізге ескерткеніде дұрыс шығар егер ол заман білмей, естімей келсе қайтер екенбіз. Біз тілегенмен ол АЛЛАХтың қолындағы құбылыс қой. Ол заман болмасын, пенделер өздері айтып шақырып алады. Неде болса ел-жұрпен бірге көрерміз. Бірақ бәріміздіңде өмір сүргіміз келеді, жаратқан ием маңдайымызға сол өмірді жазсын.Аллахты ұмытып кететін кездеріміз көпқой . Адамдар қызықпыз ғой байып кетсек адам танымай қаламыз, кедейленсек құдайды кінәлап жылаймыз. Ешкімді көре алмаймыз біраудің бақытын айтып қызғанамыз, егер сол адамда бақыт болмаса күлеміз. no Бар өміріміз Аллахқа мәлім.
Нуржан | 12 желтоқсан 2012 20:02
ассаллаумагалейкум мусылман бауырлар мына айтып аткан кейбир созден халкымыздын урейи ушып жатыр курметти мусылман бауырлар ол акыр заман болатыны белгили бирак адам баласы билмейт тек кана Жаратушы иемиз АЛЛАХ кана билет одан корка бергенше журегимизге иман келтирип намазга жыгылып басымызды саждеге тигизейик сонда гана акыр заманнын азабынан кутыламыз курметти мусылман бауырлар
Айгул | 12 желтоқсан 2012 20:39
Ештене болмайды адамдар кызык жаман зат ойлаганнан баска ештене билмейди. оздерине коринсин бизден аулак
Бейбіт | 12 желтоқсан 2012 23:12
Агалармен Апкелер жасым кіші болса бірденке айтайын! Акыр заман заман деп шуланга осынша соз еткенше жаксы нарсе айтып жірсеңіздерші ЖАМАН АЙТПАЙ ЖАҚСЫ жоқ демейме мулдем айтпауға тырсайк сонда азап болмайтынна мен сенем кішкене иман келтіріп осынны сөз еткенше біз секілді кішкене болсын арет алып намаз оқып уакыт өткізгеніміз өзімізге де келер ұрпаққа да жақсы болад! мен айтайын АҚЫР ЗАМАН болмайды! мен сенемммм 1000000 пайызга БОЛСА МАГАН АЙТЫНН десенда! Жолық қанша агайындар аман болындер
Шолпан | 12 желтоқсан 2012 23:16
Адамзат! Ақырзаманның бір белгісі Ата - анаға қарсы шығу деген екен. Алдымен Ата - Анамызга қарсы шыкпай, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білейік. Сонда ғана Қорқыныш үрейі басылады.
назгуль АргПИ Торғай | 13 желтоқсан 2012 12:51
Қудай берген жанын қайта алады деген. Текке қорықпандар барибир осы омирден кететініміз анық.
алиева сымбат | 13 желтоқсан 2012 14:15
wink
акыр заман болмайды . они тек кұдай ғана біледі мен тек оз ойимди айттим
Мукагали | 13 желтоқсан 2012 15:22
Салеметсиндерме агайын,елдин бари шулап жур акыр заман болады деп 21.12.2012 куни бирак акыр заман ол куни болмауы мумкiн ,бари тек Алланын колында,куранда жазылган акыр жаман болады деп бирак дал сол куни болады деп жазылган жок,сондыктан буган сенудин кажети жок,сондыктан намазымызды окып ,Аллага кулшылык етейк курметти жамагат.
gulmaral | 14 желтоқсан 2012 15:56
baride ALLAnin kolinda vanga ili maiya taipasy kudai meken barin bilip koyatyn olarda et pen suiekten jaratilgan dar
жанар | 14 желтоқсан 2012 16:41
Бір Аллаға ғана сенемін. Құдай сақтасын.
Жанар АЖ | 14 желтоқсан 2012 16:53
Сенбеймін Бір жаратушы ғана біледі
8 А СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ | 14 желтоқсан 2012 18:17
АҚЫРЗАМАН БОЛМАЙДЫ. ОЛ ТЕК БІР ҒАНА АЛЛАНЫН ҚОЛЫНДА, ОНДАЙ ЫРЫМДАРҒА СЕНБЕЙІК. БОЛАШАҒЫМЫЗ ӘЛІ АЛДА. СӘЛЕМНЕН: ТАЛАС АУЫЛЫ, Ш. УАЛИХАНОВ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ,
Бекжан | 14 желтоқсан 2012 19:08
Достар ақырзаман болмайды мен айға шығып келдім
жания | 14 желтоқсан 2012 20:36
sad мен оган сенбей!!!!!!1 буны тек кана алла гана биледи recourse жане намаз окыды сураймын сонда болашакта да акыр заман болмайды!!!!
Кадірберген | 14 желтоқсан 2012 22:35
Ақыр заман болса күн батыстан шығады, су теріс ағады, деген екен
Қорықпаңдар ақыр заман болмайды Періштелер бізді қорғайды
Жадыра Т | 14 желтоқсан 2012 22:37
Ақыр заман дегенді тек надандар ойлайды деп білемін, өз басым тек аллаға сенемін
Ораз | 15 желтоқсан 2012 09:58
Ақырзаман бір Аллаға ғана аян. Ақырзаман болмайды деген сенімдемін
Ержан | 15 желтоқсан 2012 12:41
Ақыр заман ешқашан болмайды болуыда мүмкін емес өйткені Алланың пендесіне берген күні бітсе сол пендеге ғана ақыр заман болады
Ербол | 15 желтоқсан 2012 14:27
көбісі болады болмайды деп жатады ,бірақ менің ойымша болмайтын секілді, олай айтуымның себебі мысалы 2012 жылдын киносын түсіру арқылы барлық адамның заресін алып тек адамдардың сана сезімін шатастырады, және адамдарды осы киноға деген қызығушылық пайда болады
Расул | 15 желтоқсан 2012 16:20
Дурыс айтасындар бауырларым кайда болсандарда аман болындар бари Бир АЛЛАГА АЯН
жазира | 15 желтоқсан 2012 19:08
12.12.2012 осы жылы маялықтардың күнтізбесінің біткені менің ойымша ақырзаман болады деген сөз емес. Мүмкін ақырзаман деген сөз халықты бір - біріне жақындататын шығар. Тек жақсы нәрсені ойлайық. 21.12.2012 жылы жақсылық болады. аспаннан мүмкін ақша жауатын шығар winked . ТЕК АЛЛАҒА СЕНЕЙІК
akku | 15 желтоқсан 2012 20:08
akirzaman bolmaidi
Nurjamal | 15 желтоқсан 2012 21:17
Omirge aitar okpem jok.akirgi zaman otirik wigar
Анита | 16 желтоқсан 2012 14:55
Өз басым ақырзаманға сенбеймін.Өйткені ақырзаманның өзінің кем дегенде 5 белгісі болады сондықтан уайымдаудың қажеті жоқ деп ойлаймын
Альмира | 16 желтоқсан 2012 15:21
Ақырзаман шынымен де болама? шынымен аңыз ба әлде ақиқат па?
Альмира | 16 желтоқсан 2012 15:23
ақырзаман шын ба әлде өтірік па? кімге сенуге болады?
Толе би Жана тан | 16 желтоқсан 2012 16:54
olgim kelmeidi recourse aaaaaaaaaaaaaaaaaaaaaaa aaaaaaaaaaaaa kutkarundar meni otinem please seni syiem Akjynis mangi
Аяулым | 17 желтоқсан 2012 15:36
Ақырзаман болмайды.Оны тек бір Алла біледі winked
Аяулым | 17 желтоқсан 2012 15:39
Ақырзаман болмайды.
Ақниет | 17 желтоқсан 2012 16:30
Майя күнтізбесі, расында, 2012 жылдың 21-желтоқсанымен бітеді. Бірақ бұл «әлемде ақырзаман орнайды» дегенді білдірмесе керек. smile
Ақтоты | 17 желтоқсан 2012 21:47
ақыр заманның болу болмауы бір Алланың қолында... Бір Алла Тағалам жар болғай!
смака | 18 желтоқсан 2012 00:14
Алла күнәларымызды кешіре гөр
Гулшат | 18 желтоқсан 2012 02:14
Салеметсіздерме:Сабыр сактандар достар.Бір Алла сақтасын.
альфия | 18 желтоқсан 2012 14:08
ақыр заман болама
Дана | 18 желтоқсан 2012 15:16
мен бір аллаға сенемін
Айнара | 18 желтоқсан 2012 17:42
Бәрі де бір АЛЛАның қолында Қайдағы біреулердің сөзіне ермей тек АЛЛА ға ғана сенейік ақырзаманның қашан болатынын тек АЛЛА ғана біледі сондықтан одан үрейленудің қажеті жоқ өз басым оған сенбеймін
Cалтанат | 18 желтоқсан 2012 20:27
Ағайындар босқа даурықпаңдар! Алда тек жақсылық күтіп тұр.21.12.2012 тек шет елдіктердің кино шығару арқылы ақша жасау.Бос сөзге еріп қателік жасамаңыздар.Қазақ не көрмеген халық? Елбасы "Қазақстан -2050" стратегиясын шығарып отырғанда өлім туралы ойлау ұят емес пе? Қазақстанның дамуы үшін ғана,балалардың келешегі үшін бас қатырайық!
Ерболат | 18 желтоқсан 2012 21:21
Ең дұрысы күнделікті жұмысыңды жасап жүре бер. болғанымен де ештеңе істей алмайсың ғой tongue
Салтанат | 18 желтоқсан 2012 21:23
болса бола берсің crying
Азамат | 18 желтоқсан 2012 21:24
Мазгалар неменеге босқа жұртты даурықтырасыңдар?
Әсел Каримова | 19 желтоқсан 2012 13:46
Ақырзаман деп бақырғанша Алла деп иман шақырыңдар,өйткені Алла иман келтіргендермен бірге.
роза | 19 желтоқсан 2012 14:23
акыр заман болмайды . Онын бари отирик. О































бари бир Алланнын колында
NURJAMAL | 19 желтоқсан 2012 18:11
MENIN OILAUIMWA BUL OTE TAMAWA ZAMAN BOLADI DEP SENEMIN
Антон | 19 желтоқсан 2012 18:37
менин ойымша болмайт акыр заман.болсада халык тугел олмейди
Алия | 19 желтоқсан 2012 21:09
Барша Мұсылман Бауырларым имандылықты ұмытпандар Алланың бары хақ. Қазағымның қыздары ашық-шашық темекі,араққа жоламайық келешек анамыз! Ал жігіттер қауымы сіздерге айтарым шетелге еліктеменіздер! Бауырлар қазиргі заман ақырзаман емес деуге болама айел-еркекке,еркек-айелге айналып,улкеннин алдын кезіп,акені аке демей, ананы ана демей, балапандарымызды коздерін жаутендетіп далаға тастап, ар-намысымыды ұмытып бара жатырмыз біздін бұл тірлігіміз дұрыс емес Туымызды биік ұстайық, ана сүтімен дарыған тілімізді қастерлейік,Қаңқу сөзге емес бір Аллаға сенейік ертенгі күнімізден үміт үзбейік!
БАЙМУХАН | 20 желтоқсан 2012 13:28
АҚЫРЗАМАН БОЛМАЙДЫ! Адамдарды дүрліктіру үшін айтылған далбаса сөз.
Айгерим | 20 желтоқсан 2012 14:32
Акыр заман болмайды дейсіңдер,бірақ неге осы сайтқа кірдіңдер ,ақыр заманның болатынына мүлдем сенбесеңдер мына сайтқа кірмес едіңдер,значит ақыр заманға жартылай болса да сенетін болгансындар,Құдайдың өзі кешірсін ,осы біздің өмір сүріп жатқан заманымыздыңда өзі ақыр заман
Мөлдір | 20 желтоқсан 2012 16:28
Ақырзаман болсын болмасын ағайын, тәубамызға келейікші.Не болып кеткенімізді өзіміз білмейміз.Қоғамымызды,ата-анамызды,достарымызды сыйлайық,намазға жығылып, иманды болайық.Ертең ол дүниеге барғанда жауап беретінімізді ойлайық.Бәрібір өлеміз. Өлсекте күнахар болмай таза жүрейікші,бұл өмірде жіберген қателіктеріміз үшін алладан күндіз-түні дұға тілеп,сабыр сақтайық.Бәрі бір алланың қолында!!!
Инкар | 20 желтоқсан 2012 23:26
Акырзаман болмайды жамагат!Тек кана пейили бузылган адамдар ойланса екен!Алланын бары акикат!Тек бари бир алланын колында!
Мадина | 21 желтоқсан 2012 00:32
Калай ақырзаман деген сыбыс елге тарады,барлығы Аллам сақтай гөр,бір Алла деп жазып қалыпты!Түнгі клубтарда,вечерде жүргенімізде неге осы Алла есімізге түспейді?Алланың берген парыздарын орындап жургендеріміз өте аз,ал Алланың парызын орындамай,өзімізге сауап жинай алмаган бізге Алла неге көмектесуі керек?Барлығы өзіміздің қолымызда емеспе!жакын арада ешканжай акырзаман болмайды,бірак осы 2012 жылғы окиға коп мұсылманды ойландырып,тәубаға келтіретін шыгар деп ойлаймын,Адамнан әрекет,Алладан берекет!Журегімізге иман берсін ең бастысы!Сауап жинайық ағайын ең дұрысы сыбыстарга үрейленбей,экзаменге допуск алғандай арғы дүниеге де допуск керек қой!))
Гулдана | 21 желтоқсан 2012 00:33
бул да акыр заманнын бір белгісі шыгар кім біледі, солай емес пе Мадина ханым!!! сіздін созінізге косыламын..... бір созбен копке топырак шашуга да тагы болмайды.сонымен жаңа 5- заман барлык мусылман кауымына бакыт мен береке, ырыс пен кут ала келсін деп тілейік!!!!!
Мен | 21 желтоқсан 2012 10:59
Мен бакытты боламын!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! wink
Менде | 21 желтоқсан 2012 11:01
менде болгым келеди
Бахош | 21 желтоқсан 2012 11:17
Бүгін 21.12.2012-сі Қане АҚЫРЗАМАНЫ!!! Барлығы тек АЛЛАНЫҢ қолында! Осыдан 12 жыл бұрын ақырзаман болады деген болатын.Бірақ....Бұл жолы да солай болады деп ойлаймын... fellow
Айнур | 21 желтоқсан 2012 14:08
Бахош сенимен косылам менде болмайды деп ойлаганмын wink
алибек | 21 желтоқсан 2012 16:22
ақыр заман болмайды деп ойлаймын. Мен Аллаға сенемін smile
estai-togzhan | 21 желтоқсан 2012 18:12
БҮГІН 21 ЕШТЕҢЕ БОЛҒАН ЖОҚ ҚОЙ!!!БОСТАН БОСҚА ҚОРҚЫППЫЗ)))
Баймұхан | 21 желтоқсан 2012 21:48
Айттым ғой ДАЛБАСА деп.
Асхат ТалҒатұлы | 28 желтоқсан 2012 16:01
Әссәләумалайкум уа жамағат,Акырзаманын боларын алдында улкен жане киши белгилер болу керек,сондыктан еш уайымдамандар
аружан | 29 желтоқсан 2012 14:58
Ақыр заман болатындығы ақиқат ол туралы қасиетті Құран Кәрімде жазылған бірақ нақты қай күні болатыны бір Аллаға ғана аян сондықтан бір Аллаға ғана сенеиік жұрттың сандырақтағаныны сенбеңіздер
окымысты | 17 қаңтар 2013 13:24
баскасын кайдам мен ушин осы жылы жаксы болады
Ханшайым | 17 қаңтар 2013 13:27
Бир аллах колдасын кайда журсекте
сАЛТАНАТ | 23 қаңтар 2013 23:20
Ешқашан ақырзаман болмайды уайымдамаңыз.
шынгысхан | 24 қаңтар 2013 16:49
Мен акыр заманга сенбеймин.
Камшат | 30 қаңтар 2013 00:29
Осындайға сенген Аллаға күмән келтіру!!! Барлығы Алланың қолында!!! Осыған сенетін адамдарды түсінбеймін!!!
тоқмұрат | 14 ақпан 2013 22:13
ақырзаман болмайды ақырзаман боларда он белгі болады дейди улкен кисилер сондықтанда сабыр болыңыздар
гулшат. | 18 ақпан 2013 12:52
кайдагы акырзаман..Онын болатыны акикат..Бирак кай ке3де екенин бир Аллахка гана аян..Мейирими шексиз Аллахтан..тек жаксылык тилейк..
Рус | 2 наурыз 2013 18:24
конес света болады деп коп адамдар солай айтады
мен болсам свичамен омир суреберемин
Нұтәлеу | 14 наурыз 2013 22:38
ақыр заман болған жоқ
индира | 27 наурыз 2013 16:57
Акыр заман болатын уакытты тек АллаХ тагала биледи! Бірақ оның болатыны акикат.Акыр заман куни буткил тиршиликтин бир тиынга да куны болмайды екен(, мына өмір сынақ амал жасайык мусылмандар
Баука | 30 наурыз 2013 15:57
Акырзаман кандайсын? 90дагы шалдайсын. 21-i келем деп. Халыкты неге алдайсын? Деген!
меруерт | 31 наурыз 2013 18:10
міне 2012 жыл да отті кетті ақырғы заман болады дегендер масқара болды бір алла бізді мұсылман халқын корғады алдағы күндер де қорғап әр атқан таңымыз нұрлы болсын
айдын | 9 сәуір 2013 07:21
акырзаман хак бир жумада болал. бирак кай жумада болатинин тек Аллах Тагала биледи.
Арман | 9 сәуір 2013 09:25
Ақырзаманға асықпаңдар!
мирка | 25 сәуір 2013 01:32
Ақырзаман деген болып жатқанын сезбейсіз бе? Ай күнің аманында адам баласының азғындығы, бір -біріне жауыздығы, қатігездігі. Басына қонған баққты білмей есіруі,іштарлық, өзгені көреалмаушылық. Осының барлығы ақыр заман демей не. Ақырзаман болғанда
Судың беті кетіп балдыры қалады,
Адамның ақылы кетіп, азғыны қалады.
Аттың жүйрігі кетіп, шабаны қалады.
Халлықтың ақылгөйі көбейіп, тыңдаушысы азады.
Ерке | 25 сәуір 2013 18:59
оййййй акырзаман деген не ол?!отирик бари... адамдар айта береди,а онын болатинин да болмайтинин да тек бир аллах тагала биледи.......сендер барин сене бериндер оси отириккке......сактансан кудай сактайди!!!!иншаллах все будет холосоооо мусульманы!)))
шымқала | 6 мамыр 2013 17:15
ақырзаман болама ?болмай ма дегенше бір-бірімізге жақсылық жасап,жылы сөйлеуден танбайықшы ағайын а
бакыт | 16 қазан 2013 18:06
Ақырзаман болмады ғой!
Асель | 30 қараша 2013 21:32
Ақырзаман болмай ақ қойсын! Дамып келе жатқан еліміз бір күнде құрып кету мүмкін емес!Оны біз немесе көріпкелдер білмейді. Бәрі бір Алланың қолында. Жаратушы иеміз жақсылықты ұнатады. Сондықтан да бәріміз жақсы істерге, дұрыс көзқарастарға, жаксы, иманды адам болуға тырысайық! Сонда ғана Жер ғаламшары аман қалады, ағайын!
жайнагүл | 3 қаңтар 2014 19:17
ақыр заманнан Құдайдың өзі сақтасын одан да елімізге бақыт пен сәттілік тілейік Қазақстан және тұрғындары мәңгілік жасасын
Гулина | 8 ақпан 2014 21:20
Менің ойымша ақыр заман болмайды. Мен бірақ та үрейленіп отырмын. Бірақ ол Алла тағаланың қолында.
Қалдыгүл | 18 тамыз 2014 18:00
Тек аллах-тағаладан жақсылық тілеу керек!
индира | 30 қазан 2014 18:58
Көріпкел Ванганың айтуы:
2018 - Қытайда әлемдік держава ашылады.
2023 - Шамалы орбита өзгереді.
2025 - Европада тұрғындар саны кемиді.
2028 - Венерада жаңа тоқ өндіру ашылады.
2033 -Әлемдік мұздар көтеріледі. 2043 - Әлемдік экономика көркейеді, Еуропаны
мұсылмандар басқарады.
2084 - Табиғат жаңарады.
2097 - Адамдар тез қартаяды.
2123 - Малыми елінде соғыс болады.
2125 - Венгрия елі космостан сигнал алады. 2164 - Жануарлар жартылай адамға ұқсайтын
болады.
2170 - Әлемде үлкен өзгеріс болады.
2183 - Марс тан жаңа колония ашылады.
2187 - Әлемде 2 үлкен жанартау атқылайды.
2201 - Күн жерді өте жаймен айналады, күн суытады.
2221 - Адамдар қорқынышты нәрселерге тап
болады.
2256 - Аспан кораблі жерге үлкен ауру
әкеледі.
2262 -Орбитамен Жер ауысады. 2279 - Тоқ көзі таусылады.
2288 - Аспаннан инопланетяндар түседі.
2291 - Күннің жылуы төмендейді.
2299 - Франция мемлекеті - Исламадарға қарсы
соғыс ашады
2371 - Бүкіл әлемде Аштық болады. 2480 - Күн мен Жер соғысады.
3797 - Бұл кезде жан жануарлар өлуі мүмкін
бірақ адамдар басқа ғаламшарда өмір сүруі
мүмкін.
3815 - Соғыс бітеді
4302 - Әлемде жаңа ел ашылады. 4304 - Бүкіл аурудың емдері ашылады.
4509 - Адамдар Құдаймен сойлесетін дәрежеге
жетеді
5076 - Адам баласы білмеген жаңа шекара
табылады.
5079 - Ақырғы заман орын алады!
Такон | 28 шілде 2016 15:13
Өз басым ақыр заман дегенге сенбеймін.Сенсемде сенбеймін.
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Ақпан 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
Жаңалықтар