Алтай ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шара өтті
02.12.2021 | 10.29
0
99
1 – желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күні. Айтулы мереке елімізден түкпір-түкпірінде тойланып, салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылады. Осындай шараның бірі Алтай ауданындағы «Горняк» мәдениет үйінде өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шара барысында аудан әкімі Қалиқан Байғонысов жиылған жұртшылықты құттықтап, ел дамуына қосқан үлесі үшін 24 адамға алғыс хаттар табыс етті. Оның ішінде педагогтар, дәрігерлер, спортшылар, аудан кәсіпорындарының басшылары мен қызметкерлері бар.
- Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!Бұл мерекені барлық қазақстандықтар қуанышпен атап өтеді. Ол Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы айтулы күн болып табылады және Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алғысы мен еңбегін бейнелейді. 1991 жылғы желтоқсанның бірінші күні жалпыхалықтық Президент сайлауында халық мықты да көреген Ұлт Көшбасшысы бастаған жаңа мемлекет дамуының оң бағытын таңдады.
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі Қазақстан тарихындағы шын мәніндегі басты тұлға болып табылады, - деді аудан әкімі.
Артынша көрермендерге "Престиссимо" вокалдық студиясының қатысушылары, орыс және қазақ билерін орындаған "Зыряночка" ансамблінің бишілері, ағайынды Абдуллиндер атындағы музыкалық өнер колледжінің студенті Малика Сайранбек "Сағандым елім" әнін және алтыншы сынып оқушысы Арина Шалапутова "Тәуелсіздік Толғауы" хореографиялық қойылымын ұсынды.
Комментарии (0)