Ауылдағы көшеге көпбалалы ананың есімі берілді – ШҚО
18.05.2022 | 09.51
0
57
Өскеменге іргелес жатқан Ертіс ауылдық округінің әкімшілік орталығы Прапорщиково ауылында көшелердің біріне көп балалы ананың есімі берілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Енді Комсомольская көшесі Құсайынова Нұрғаным Бағыбайқызының есімімен аталады.
– Бұл кісі – көп балалы ана. Алты баланы өмірге әкеліп, өнегелі тәлім-тәрбие берді. Қазіргі уақытта Құсайыновтар отбасының балалары округтің қоғамдық өміріне белсене атсалысып жүр, – деп мәлімдеді Ертіс ауылдық округінің әкімдігі.
Комментарии (0)