"Елеулі саяси трансформацияның табалдырығында тұрмыз" – Сергей Бежецкий
17.05.2022 | 17.49
0
71
Өскемендегі Үлбі металлургия зауытының ұжымы алдағы референдумға қызу дайындық үстінде. «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Сергей Бежецкий жалпыхалықтық дауыс беруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Президент атап өткендей, Конституцияға енгізуге ұсынылған түзетулер мен толықтырулар еліміздің билік институттарын жаңаша қалыптастыруға, сапалы жаңа басқару моделіне көшуге, жаңа саяси мәдениеттің орнығуыны ықпал етуге тиіс. Биліктің халыққа көбірек берілуі де маңызды деп санаймын. Меніңше, бұл елеулі өзгерістерге жол ашады.
Сондай-ақ, жер халықтың меншігі болатыны өте маңызды. Сондай-ақ әрбір қазақстандыққа еңбек бостандығы берілетіні, қоғамның демократиялануының айқын көрінісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев референдум бойынша бейне үндеу жолдаған кезде:
«Заңға енгізілген түзетулер еліміз үшін аса маңызды. Ашығын айтқанда, біздің Конституциямыз мүлдем жаңа сипатқа ие болады... Дамудың жаңа кезеңінде, жаңа Қазақстанды құра отырып, ең бір тағдыршешті өзгерістерді ел болып бірге қабылдауға тиіспіз», - деген еді. Осы сөзден кейін-ақ референдумға тайлы-таяғымызбен қатысуымыз керек емес пе?!
«ҮМЗ» АҚ саясатында «Зауыт өз қызметін тұтынушылардың, қызметкерлердің, мемлекет пен акционерлердің ұзақ мерзімді мүдделеріне бағыттай отырып, атом энергетикасының, электрондық, металлургия өнеркәсібінің қажеттіліктері үшін жоғары технологиялық өнім өндіреді» деп жазылған.
Қазақстанның квазимемлекеттік секторының маңызды объектісі, бола отырып, «ҮМЗ» АҚ Президент саясаты мен оның бастамаларын әрдайым және толық қолдайды. Сондықтан Конституциялық реформаны қос қолдап қолдағанымыз таңсық жағдай емес деп ойлаймын. Үлбі металлургия зауытындағы әрбір жұмысшының борышы – жұмысты заңнамалық және нормативтік талаптарға сәйкес жүзеге асыру. Өйткені біздің өндірістік қызметіміз елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, яғни қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі мен өркендеуіне бағытталған, – дейді «ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы Сергей Бежецкий.
Комментарии (0)