Мас күйінде көлік жүргізіп, бас бостандығына шектеу қойылды - ШҚО
24.02.2021 | 11.10
0
472
ШҚО-да ер адам мас күйінде көлік рөліне отырып, екі жылға бас бостандығын шектеу туралы жаза тағайыналды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, көктемде ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылыпты. Алайда, бірнеше ай өткен соң, тағайындалған жазаға қарамастан мас күйінде көлік тізгініне қайта отырған.
Екінші рет құқық бұзушылыққа барған ер адамға 2 жыл бас бостандығын шектеу туралы жаза тағайындалды. Бұдан былай пробация қызметінде есепте тұратын болады.
- Испекторлар онымен профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізеді. Егер тағы құқық бұзушылық қайталанған жағдайда есепте тұрған адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - дейді Шемонаиха аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Гүлмира Бөлекбаева.
Комментарии (0)