Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты
12.02.2019 | 05.03
0
12446
Жол-көлік оқиғасы кеше Бажов және Белинский көшелерінің қиылысында болған
Өскемен қаласында автобус үш жеңңл автокөлікпен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы кеше Бажов және Белинский көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полицияның мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасына автобус жүргізушісі кінәлі екен. Бажов көшесінен Промышленная көшесіне қарай бұрылу кезінде дөңгелегі тайып кеткен автобус екі жеңіл автокөлікке соғылған. Жеңіл автокөліктердің бірі үшінші көлікпен соқтығысқан екен.
Автоубс жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Комментарии (0)