Реформалар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс – Мұхит Тұмабаев
17.05.2022 | 16.21
0
77
Ел арасында 5 маусымда өтетін референдум қызу талқыға түсіп жатыр. Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 33 бабына өзгеріс енгізуді ұсынды.
Президенттің бастамасында халық мүддесі бірінші орында тұрғандықтан, ел тұрғындарының республикалық референдумға белсене атсалысуы өте маңызды. Мұндай пікірді облыстық мәслихат депутаты, «Агрофирма Приречное» ЖШС директоры Мұхит Тұмабаев та қолдап отыр.
– Жаңа Қазақстан дегеніміз – жаңаша ойлау және жаңа реформалар. Кез-келген реформа барлық жағынан алғанда халықтың әл-ауқаты үшін жасалады. Сондықтан оның жүзеге асуына тікелей халық, яғни біз мүдделі болуға тиіспіз. Әлбетте, ол үшін референдумға қатысу шарт. Өз басым халықтың өмірін жақсартуға бағытталған кез-келген реформаны қос қолдап қолдаймын. Жалпы кез-келген азаматтың заң тармағына қатысты қандай да бір ұсынысы, ұстанымы болады. Сондықтан Президенттің мемлекеттік маңызға ие бұл мәселені ашық талқыға салуы – оң қадам деп санаймын, – дейді Мұхит Тұмабаев.
Комментарии (0)