Семейде 19 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
29.01.2021 | 09.53
0
897
Семейде 19 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жол апаты кеше түстен кейін болған. Куәгерлер оқиға орнынан желіге фотосурет жариялады. Суреттен жолда көлік кептелісі пайда болғанын көруге болады.
- Мына үлкен кептеліске алматылықтардың өзі таңдана қарады, – деп жазды пост авторы.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, Audi маркалы көлікпен келе жатқан 28 жастағы жігіт жаяу жүргіншіні «зебрада» қағып кеткен. Оқиға орны – Қабанбай батыр және Герцен көшелерінің қиылысы. Жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізіліпті.
– Оның денсаулығына қаншалықты зиян келгенін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысының нәтижелері бойынша заңды шешім қабылданады, – деп мәлімдеді ШҚО ПД.
Комментарии (0)