ШҚО кәсіподақ орталығының басшысы референдумдағы негізгі міндет туралы айтты
17.05.2022 | 16.04
0
73
Елімізде 5 маусымда Конституцияға енгізілетін түзетулер мен толықтыруларға байланысты референдум өтетіні белгілі.
Ірі саяси науқан қарсаңында қоғам қайраткерлерінен бастап түрлі саладағы белсенді азаматтар түсіндіру жұмыстарымен мықтап айналысуда. Өйткені алдағы өзгерістер ел ертеңімен тікелей байланысты болмақ. Осы орайда Шығыс Қазақстандағы кәсіподақ орталығының басшысы Темірбек Қасымжанов пікір білдірген еді.
– Өздеріңізге белгілі, облыстық референдумды қоғамдық қолдау штаб құрылды. Оған салалық кәсіподақтар филиалдарының барлық төрағалары, кәсіптік бірлестіктердің белсенділері, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенділері кірді. Жұмыс жоспары қабылданды, қазір түсіндіру жұмыстары қызу жүргізілуде. Ата Заңға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар ел экономикасының қарыштауына, халық тұрмысының түрленуіне түрткі, қозғаушы күш болуы тиіс, – деді «ШҚО кәсіподақ орталығы» АКБ төрағасы Темірбек Қасымжанов.
Комментарии (0)