Өскеменде «Еңселі елім – ертеңім» атты мерекелік концерт өтті
27.09.2021 | 10.49
0
152
Өскеменде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Байжігіт атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің «Еңселі елім – ертеңім» атты мерекелік концерті өтті.
Аталмыш жаңа бағдарламаны облыстық мәдениет басқармасы мен Байжігіт атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі ұйымдастырып отыр.
- Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Еңселі елім – ертеңім» атты мерекелік концертты ұйымдастырып отырмыз. Елдегі карантиндік шектеулерге байланысты көптеген мерекелік бағдарламаларымыз көрерменсіз өтті. Бүгін қала тұрғындарының қатысуымен өткізіп отырмыз. Шектеу шараларының талаптары қатаң сақталып, орын санын шектедік, - дейді ұйымдастырушылар
Шараның шымылдығын күйші Байжігіттің күйімен түрді. Бағдарлама барысында өнерпаздар ұлттық ән-күйлерден бөлек, әлемдік музыкалық шығармаларды да орындады.
- Көптен бері мерекелік концерттерді тек онлайн көріп келдік. Бүгін жерлестеріміздің өнерін өз көзімізбен көріп, көзайым болдық. Осындай бағдарламаларды сағынып қалыппыз. Індеттен айықсақ қалыпты өмізімізге оралармыз. Тәуелсіздігіміз құтты болсын! – дейді қала тұрғыны Айман Жұмабеқызы.
Комментарии (0)