Такси жүргізушісі жолаушының сөмкесін тартып алды – Өскемен
24.02.2021 | 09.35
0
311
Ақпан айының басында полицияға 43 жастағы тұрғын қоңырау шалып, сөмкесін таксист тартып алғанын хабарлаған.
Кейінірек жолаушы жол ақысын төлей алмаған болып шықты. Жүргізуші оны сөмкесін тартып алып, жолда қалдырып кеткен. Сөмкеде әмиян, төлқұжат, бес жүз теңге, банк картасы мен ұялы телефон болған. Жалпы шығын – 45 мың теңге.
– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адамды ұстады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді, – деді полиция өкілдері.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Комментарии (0)