Рейтинг:
(Голосов: 1)

Қолжетімді баспана 2020 бағдарламасы

Қолжетімді баспана 2020 бағдарламасыҚолжетімді баспана 2020 бағдарламасы бойынша Өскемен қаласынан пәтерді ұзақ мерзімге жалға алу арқылы қалай сатып алуға болады? Бұған қанша уақыт кетеді? Қандай қүжаттар керек? Мен жалғыз басты анамын, екі балам бар. Өскемен қаласында үйіміз жоқ. Баларымның біреуі биыл, екіншісі келесі жылы оқуға барады. Соған дейін баспана ала аламын ба?

Сұраққа жауап:

Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының орынбасары А.Жаксылыков хабарлау бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 қантардағы "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағытты" атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, жыл сайын жалға беру үйлерін салу және жалға беру, одан әрі сатып алу механизмін көздейтін Қол жетімді баспана-2020 бағдарламасы әзірленуде. Жалға беру үйлерін салу, оларды Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылы жас отбасыларға сату әзірленіп отырған жобада көзделген. Бағдарлама бірнеше бағыттар бойынша іске асырылады 1) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй салуы, "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ арқылы сату 2) кезекте тұрғандарға жалға берілетін тұрғын үй салу 3) жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын уй салу, "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ арқылы сату 4) жеке тұрғын құрылысы 5) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым 6) Самұрық-Қазына жылжымайтын мүлік қорымен тұрғын үй салу. Бағдарламаның болашығы бар бағыттарының бірі Қазақстан ипотекалық компаниясының желісі бойынша жалға берілетін тұрғын үй құрылысының дамыту. Алайда бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Үкіметімен Бағдарламаны іске асыру механизмі әзірлеген жоқ. Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Сіздің өтінішіңізде баяндалған сұрақтарға қазіргі уақытта жауап берүге мүмкіншілік жоқ.
Рубрика: Вопросы и ответы » Общество - Отзывов: 0
Добавить комментарий
Задать вопрос

Навигация меню

Нашли опечатку? Выделите текст, нажмите Ctrl + Enter и отправьте нам уведомление.

Последние новости