Бекжанов Еркебулан

Бекжанов Еркебулан
с. Тансык, Аягозский район
Қызылқия орта мектебі
10 класс



Президент - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің кепілі

Тарих қойнауына санамалап еніп отыратын күнтізбегімізге тағы бір айтулы мереке, қуанышты күн қосылмақшы. Ол бірінші желтоқсанда тойланатын мереке Қазақстанның тұнғыш президенті күні.Ақпарат беттерінен оқығанымыздай бұл мереке шет елдердің талайында тойланады екен. Бұл мерекені ол елдерде әртүрлі тойлайды екен.Сондай ақ бұл мерекені тойлауға бүкіл Қазақстандықтар дайындық жұмыстарын жүргізуде.Соның ішінде менің мектебім де өз үлесін қосуда.Түрлі спорттық сайыстар,бастауыш сыныптардан бастап жоғарғы сынып оқушыларына дейін шығармалар aсайысы,журналисттер сайысы, сыныптардағы тәрбие сағаттары, тәлім сәттері осылардың бәрінде Президенті дүние жүзіне әйгілі саясаткердің,қазақ елінің алғашқы басшысының Қазақстанның енсесін котеріп тәуелсіздік жолымен көк байрағын нық алып жүрер Елбасының өмір жолы, ерен еңбегі жайлы айтылды.Елбасымыз тәуелсіздіктің көк байрағын өз қолымен тұнғыш котеріп,тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрды.

Тәуелсіздікті қазақ халқы ұзақ аңсады,үш ғасырға жуық отаршылдықтың тауқыметін тартып,қилы кезең,зар заманды бастан өткерді.Тарихтың талай бұраланынан өтіп,азаттықты көксеп,еркіндікті ансап арманына жетті.

Президентіміздің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл халықтық сайлауда айқын жеңіске жетіп,ел тізгінін өз қолына алды.Қазақ халқының бағына біткен Назарбаевтай Көшбасшысына ел тәуелсіздін аманат етіп, жауапкершілік жүгін арқалатты. Елін тура жолға бастайтындығына, халқының сенімін ақтайтындығына елі сенді. Президентімізге жасы тоқсаннан асқан халық ақыны Ш.Әбенов бата берсе, тілдік қолтанбамызға ''Елбасы'' сөзін ендірген,бкөрнекті жазушы Ә.Кекілбаев ақ жол тілеп,ниет тілегін білдірген.

Президент бастамасымен тәуелсіз қазак елінде дуниежүзілік тарихи маңызы бар істер атқарылды.1991 жыдың күзінде адамзат баласына 40 жылдан астам уақыт бойында тек апат қаупін төндіріп отырған полигон мәңгіге жабылды.Осылайша адамзат тарихында туңғыш рет жойқын қарудан Қазак елі бас тартқан ел болды.

Ел басыны ілгері идеясы бес мемлекеттің басын қосқан еуразиялық экономикалық одақ, ЮНЕСКО күнтізбесіне Абай,М.Әуезов,Қ.Сәтбаевтардың мерей тойларының енуі, Париж, Лондон, Берлин, Токиода қазақ орыстарының құрметпен аталуы,ән күйәлеріміздің еркін шалқуы, мәдениетіміздінің,өнеріміз бен ғылымымыздың жаңаша түлеуі Елбасымыздың еңбегінің, сарабдал саясатынын арқасы.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уакытта талай істер жүзеге асырылды.Соның ішінде әсіресе 1997 жылғы қабылданган «Қазақстан-2030» бағдарламасы мен елорданың Алматыдан Астанаға көшуін ерекше айтып өткен жөн. Жаңа Астана жаңа дәуірдін астанасы бола білді. Көк байрағы желбіреген тәуелсіз қазақстанды әлемнің іргелі мемлекеттері тани бастады. Әлем елдерімен теңескен елімізде халқымыздың әл ауқаты жаңа деңгейге көтерілііп,қазақ елі талай асулардан өтті.

Елбасы тәуелсіз ел муддесі ушін талай белдерден өтті жіне оның дамуына қажет деген небір өте ауыр реформаларды тиімді жүргізіп,жүзеге асыра білді.

Елбасы сонымен қатар жастар саясатына да аса жоғары мән беріп келді. Қазақтың лирик ақыны М.Жумабаев ''мен жастарға сенемін''деп жыр арнаса, Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында деп ұлтжанды жастарга үлкен сенім артты.

Президентіміз жастардын сапалы білім алып,ғылымның ой шұқырын тереңірек игеруіне үлкен мән берін келеді.

Инновациялық жобаларды өмірге әкелетин,экономика,ғылым,білім сапаларында жүзнгн асыруға болатын жобалар жасайтында жастар. Бұл пікір ''Жас отан''жастар қанатынын екінші съезінде сойлеген сөзінде мен сіздерге сенемін,жас қазакстандықтар.Мен сіздердің біздің еліміз Қазақстанға,деген сүйіспеншіліктеріңізге сенемін!-деп үлкен сенім артты. Қазіргі заман адамзат билігін біліммен бағындырудың заманы, ғылымның, білімнің заманы. Мемлекеттік тіл мәртебесін иемденген ана тілінің бұлағынан сусындаган білімді жастар күш жігерін тәуелсіз елінің гүлденуіне аранамақ. Елбасын, ел тәуелсіздігін, ел ертеңгі ұгымдарын қастерлейтін, ұлт көшбасшысының еңбегін бағалай білетін жастар ел болашағы. Президентіміздің жетекшісімен әліде талай экономиклық, әлеуметтік, ұқықтық және саяси түбегейлі өзгерістер бола беретініне мен сенімдімін.
Рубрика: Конкурсы » Сочинения - Отзывов: 0
Добавить комментарий
Задать вопрос

Навигация меню

Нашли опечатку? Выделите текст, нажмите Ctrl + Enter и отправьте нам уведомление.

Последние новости