Қуанышбекова Айдана

Қуанышбекова Айдана
г. Аягоз
9 сынып



Жарқынболашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы

І Тұғырын асқақтатқан туған елдің
ІІ Адал ұл ер боп туса-ел тірегі
(Б.Момышұлы)

1.Кемеңгерлік қадам
2.Еліміз даму жолында

ІІІ Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысының жолы-тәуелсіз мемлекетіміздегі даңғыл жол
Із салып тыңнан,соныдан,
Ертеңін елдің таныған.
Көрінген ерең еңбегі
Тәуелсіздіктің таңынан.

Жетелеп шыңға халықты,
Бастаған жолға байыпты.
Қастерлер халқы мәңгілік,
Нұрсұлтан Назарбаевты!
Болат Үсенбаев

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде танылуы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт көшбасшысы қызметінің жемісі.Тәуелсіздік Қазақстан халқы үшін бағажетпес бақыт. Ел халықтарына осы бақыттың келуіне ұшан-теңіз қызмет еткен тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды. Кеңес Одағының ыдыраған кезінде Қазақстанды басқарған ,тәуелсіз мемлекеттің Ұлт көшбасшысының орны мен рөлі туралы халық аузында және шетелдерде көп айтып жатыр. Бізді Ұлт көшбасшымыз Қазақстанды тәуелсіз Қазақстанға айналдырудың барлық қиын жолдары мен белестерінен аман өткізді. Елбасының дара тұлғасы тарих беттерінде танылды. «Әділеттің ақ жолы» шығармасында Президенттің саяси қайраткер,Мемлекет басшысы ретіндегі ұстанған бағытына, ел басқарудағы күрделі жолдан таймайтын ерлігіне Қазақстан халқы куә болды.Елбасымыздың ең үлкен ерліктерінің бірі деп кеңестік дәуірде бірнеше республика біртұтас мемлекет болып, кейіннен дербестік алған сәтте айналасы ашық-шашық жатқан еліміздің мемлекеттік шекарасын айқындап, іргемізді қымтап бергендігін айтуға болады.Ресей, Қытай секілді алып державалардан ара шегімізді ажыратып алу оңай шаруа емес еді.Бұл да Елбасымыздың асқан кемеңгерлік саясатының жемісі. Н.Ә.Назарбаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі ерекшелігі халықшылдығы, шыншылдығы . Ол халыққа алдағы тұрған мәселелерді ашық,түсінікті түрде жеткізеді. Халықпен үнемі байланысады.Елбасы туралы кітап жазған ағылшын жазушысы Дж.Айткен 2009 жылғы 14-шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісіне берген сұхбатында «...Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың өз халқы үшін сіңірген бәрінен де үлкен еңбегі аса қиын жағдайда сан ұлттан құралған халқын соңына ертіп, олардың тарихи қалыптасқан достығы мен ауызбірлігіне сына қақтырмай, топтасқан күйінде сын сәттен сүріндірмей алып шыққандығы, осының негізінде жас та тәуелсіз мемлекетті құра алғандығы деп есептеймін.Ұрпақтарға болашақ үшін жол сілтейтін бұл құбылыс Қазақстан тарихындағы маңызы өлшеусіз болып табылады және әлі талай айтылатын болады» деген.

Ұлт көшбасшымыздың көрегендігі,мемлекет пен халық тағдырына қатысты өзекті мәселелерді болжай білгіштігі дана адамға ғана тән қайталанбас парасат иесінің бейнесі.1997 жылы « Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың қауіпсіздігі,материалдық әл-ауқатының жақсаруы» атты мемлекеттің тәуелсіздігін толық баянды етуге,дамыған экономика құруға бағытталған стратегиялық жоспарын жария етті.Бұл Жолдауда «Қазақстан 25-30 жыл көлемінде дамуының деңгейі жағынан әлемдегі орта дамыған мемлекеттердің тізіміне енуі керек»делінген.Осы тағдыршешті мақсатты Елбасының дана басшылығымен Қазақстан 30 жылда емес,15 жыл мерзім ішінде орындап үлгерді. Құқықты мемлекетімізде әділетті қоғам орнатты. Бүгінгі таңда Елбасы әлеуметтік әділеттілікті халықаралық қатынастарда және елдің ішкі қатынастарында басымдыққа айналдыруға шақырды. Алланы,адамды сүйе білген басшы ғана әділетті сүйе алмақ.

«Н.Назарбаевтың Еуроазияда экономикалық ынтымақтастық Еуроазиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы идеясы тамаша, тиісті құжатқа қол қойылғаннан кейін оның тарихында алғашқы қадамдар да жасала бастады. Мұндай қадам бүкіл дүние жүзінде мемлекеттердің жемісті ынтымақтастығының өнегесі бола алады.

Мен Нұрсұлтан Әбішұлын Кеден Одағының сапасын өзгерту туралы уағдаластықпен,іс жүзінде жаңа халықаралық ұйымның құрылуымен құттықтағым келеді.Бұл идеяның иесі де оның өзі». Зияткерлік және іскерлік әлеміне 2000 жылы қазанда Астанада ресми сапармен келгенде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің берген бағасы.

Елбасымыз Батыс және Шығыс елдерімен дипломатиялық қарым-қатынастарды қалыптастыру , олармен экономикалық, мәдени білім,діни байланыстарды жүзеге асыру,бизнес-форумдар өткізді.1992жылғы сыртқы саясат саласындағы ерен еңбегі-еліміздің ядролық қару-жарақсыз мәртебесін нығайтуға арналған оң істері.Осыны дүниежүзілік қауымдастық мойындады.

Елбасымыз жыл сайынғы жолдауында еліміздің дамуының айқын бағыттарын белгілеп береді.Биылғы жолдаудағы Қазақстан дамуының он басты бағыты бойынша жоспарлы жұмыс жасалып келеді.

«Қазақстан халқының жаңа кезеңі экономиканы нығайтудың , халықтың әл - ауқатын арттырудың жаңа міндеттері .Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу өмірлік маңызды нәрсе.»Н.Ә.Назарбаев(Қазақстан халқына Жолдауынан)

Әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты айқын міндет,дұрыс бағыт. Ұлт көшбасшысының терең ойы «игілік басыынтымақ» деген қанатты сөзбен елдігіміздің ертеңіне үміт артады. Ұлы Абайдың « Бірің қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» кемеңгерлік сөзіне ұштасады.Түбегейлі экономикалық реформалар нәтижесінде туған Қазақстанымыз әлем таныған қуатты мемлекетке айналды. Ауылымыз абаттанып, қалаларымыз көркейіп, Астанамыз әлемдегі ең әсем қаланың біріне айналып келеді.Бүгінде Елбасы десек Астана, Астана десек Елбасы оралады.Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де болды. Ақын Күләш Ахметованың «Аңсарым асқақ Астана» жыр шумағында:

Қиялында самұрық құс самғаған,
Маң даламда жаңа туған сән қалам.
«Байтағымның ортасына ордамды
Орнатсам» деп Елбасы еді таңдаған.

Тербетілсе шөбі-жұпар, бидайы ән,
Текті қоныс тапсам неге мін қоям?!
Президент! Бұл Астана өзіңнің,
Ерлігің һәм ең тәуелсіз идеяң!
Астаналар салынбайды атүсті,
Бекзада өнер бейнелі де нақышты.

Ұлтымыздың, еліміздің рәмізіне айналған « Бәйтеректі» Елбасының өз үлгі-жобасымен салғанын бәріміз де білеміз.

« Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадамында» Елбасы барша халқымызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады. Бүгінгі күні еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындырады. «Жасыл ел» жастар отряды еліміздің барлық аймақтарында жұмыс жасауда. Халықтың адал еңбегін бағалай білетін дара тұлға. Жас Отан жастар қанаты жастарының ІІ сьезінде: «Алақан жайып,үкімет маған не береді демей, мен еліме не беремін деп жұмыс істеуіміз керек» деген Елбасымыздың пікірі жастарға ой салды.Еліміздегі Н.Назарбаев атындағы университеттің болашағы зор. «Болашақ» бағдарламасы бойынша үздік оқыған мамандар нәтиежелі еңбек етуде.Шетелдік жоғарғы оқу орындарында жолдамамен оқып білім алған жастар кең байтақ еліміздің дамуына үлесін қосып жүр. Көшбасшымыз ядролық қарусыз болашаққа бейбіт жолмен бастады. Семей полигонын жабуы үлкен ерлік. Бейбіт елде бақытты өмір сүрудеміз.Елбасымыздың 100 мектеп тапсырмасымен біздің Тана мырза аулында заманауи үлгідегі жаңа мектеп салынды. Н.Ә.Назарбаевқа алғысымыз шексіз.

Елбасы мәртебесіел мәртебесі.БҰҰ-ның бас хатшысы Астанадағы тарихи саммит жөнінде айтып, бұлНұрсұлтан Назарбаевтың үлкен көшбасшылығының арқасы деген баға берді.

«Салауатты Қазақстан-2015» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізді.Қазір бізде медицина жетіліп келеді.Адам денсаулығы бірінші мәселеге қойылды. Салауатты өмір салтын ұстану әркімнің өз қалауында.Салауатты өмір салтын өз үлгісімен танытатын шебер шаңғышы әрі теннисші, ат құлағында ойнайтын жақсы спортшы екені де Нұрсұлтан Әбішұлының және бір қырын танытады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев- сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, саңлақ шыққан сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен тұлға, қажырлы мемлекет қайраткері.Алғырлығы мен көрегендігі, ептілігі мен тектілігі, батылдығы мен өжеттігі, мейрімділігі мен қайрымдылығы қатар жүретін халық адамы.

Көп ұлттылық пен көп тілділік біздің еліміздің артықшылығы болып табылады. Қазақ тілі ана тіліміз.Ата Заңымызға сәйкес мемлекеттік тіл болып табылады. Мемлекеттік органдарға ресми түрде орыс тілі пайдаланылады. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болатындығы Жолдауда айтылды.Қазақ тілі -мемлекеттік тіл, өсіп-өркендеп келеді.Ана тіліміздің дамуына Нұрсұлтан Әбішұлы өзі көшбасшы болып көрінді.Өлең жазу және шешендігі, тұрақты сөз тіркестерін қолданып сөйлегені, нақыл сөздері әсерлі. 2006жылы 6 қаңтарда сөзін Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным»-ҚР жаңа мемлекеттік Әнұраны бекітілді.

Қазқстан әлем таныған алдыңғы қатарлы елдермен бірге дүниежүзілік ұйымдарға мүше болды.Бүгінде тәуелсіз Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі өз ұлтымыздың ғана емес,бүкіл түркі жұртының көсемі ретінде төрткүл дүниеге тегіс мәлім деп толық айта аламыз. «Сүйер ұлың болса,сен сүй сүйінерге жарар ол» деп ұлы Абай өсиет еткендей, бүгінде елін, халқын сүйсінтіп отырған Нұрсұлтан Әбішұлы- бүкіл қазақтың мақтанышына, махаббатыны айналған ерекше тұлға.

Ежелден ер тілегі-ел тілегі, Адал ұл ер боп тусаел тірегі-деген аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлының ұлағатты сөзі біздіңжарқын болашаққа бастаған талантты Ұлт көшбасшысына арналғандай. Қазақстан деген елімізді Елбасымыз бүкіл әлемге танытты.

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне өзімнің жыр шумағымды шашу еткім келеді.

Тұғырын асқақтатып туған елдің
Бағына халқымыздың сіз келдіңіз.
Көш бастап басқаларға үлгі болып,
Болашаққа жол салып,бағыт бердіңіз.

Даралығын мойындатқан әлемге
Есіміңіз тарап кеткен әр елге
Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев
Аңыз болған тарихтың беттерінде.

Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысының кемеңгерлік қадамы қарыштап алға басады.Елбасының ерен еңбегі,өмірі бізге үлгі аларлық тарихи шежіре.
Рубрика: Конкурсы » Сочинения - Отзывов: 0
Добавить комментарий
Задать вопрос

Навигация меню

Нашли опечатку? Выделите текст, нажмите Ctrl + Enter и отправьте нам уведомление.

Последние новости