Қабдолланов Ғибадат

Қабдолланов Ғибадат
Тансық ауылы, Аягөз ауданы
Қызылқия орта мектебi
10 класс



Мен тәуелсіз елдің ұрпағымын!


Тәуелсіздік...Осы сөздің мәнінде қанша тарих, жеңістер мен жеңіліс, қуаныш пен мақтаныш жатыр десеңізші...

Қазақ халқы өзінің тәуелсіздігі жолында талай қиын қыстау, бұралаңы көп азапты жолдарды басынан өткерді.

Тарихтың қилы кезеңінде қазақ елінің болашағына Нұрсұлтан Назарбаевтай көшбасшының, 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентін сайлауы халқымыздың бағы болды. Бүкіл халықтық сайлауда айқын жеңіске жеткен, тұңғыш Президентіне ел тізгінін ұстатып, тәуелсіздігін аманат етіп, жауапкершілік жүгін арқалатты.

Халық өздері таңдаған Елбасының елді адастырмайтынына, тура жолға бастайтынына сенімді еді. Халқымыз сол сенімін Елбасының толық ақтағанына бүгінгі күні көзі анық жетіп отыр.

«Тәуелсіздік – барлық қазақстандықтар үшін ең қасиетті құндылық»-деп атап көрсетті Елбасымыз 1991 жылы 16 желтоқсанда еліміздің тәуелсіздігін жариялағанда.

Еліміз тәуелсіз ел болуы елге және халық сенген болашағынан үміт еткен Елбасына байланысты болды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап саяси қиыншылықтарды жеңе білген қазақ елі бүгінгі күні әлем мойындаған мемлекеттер қатарына қосылды.

Еліміздің саяси өмірі жаңарып, қазақ даласында түбегейлі өзгерістер жасалды.

Мемлекетіміз экономикалық нарық жолына түсіп, халықтың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді. Әлеуметтік жаңа асулар бағындырылды. Шекарасы белгіленіп, еліміздің тұтастығы айқындалып, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Елбасының көрегендігінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тұңғыш рет ядролық қарудан бас тартты. Сынақ алаңының жабылуы - бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Қазақ елін жұмыр жердің түпкір-түпкірі біле бастады. Қазақ елінің тарихын өркениет дүниесі жан-жақты таныды. Ел бірлігі, ұлтаралық келісім - мемлекет саясатының басты бағыты, бағдарының бірі ретінде белгіленді. Қазақ мемлекетінің дамуы, дәуірлік ерлігінің бірі болған елбасымыз еңселеткен Астанамыз қазақ елінің мақтанышы.

Қазақ мемлекетінің бүгінгі күні елдігінің іргетасы нығайған, мықты мемлекеттің жетістігі мен табысы – Елбасымыздың даналығы мен көрегендігінің айқын көрінісі еді.

Тәуелсіздік - бізге қалдырған ата-бабаларымыздың арманы. Ол сонау Абылай хан, Төле, Қазбек би, Шәкәрім, Мағжан, Тұрар сияқты арыстардың Әлия, Мәншүк, Бауыржан Момышұлы сынды батырларымыздың, 1986 жылғы желтоқсанда көздеріне намыс оты жарқылдаған қазақ жастарының еңбегі еді.

Тәуелсіз елдің ұланы болу - біз үшін үлкен бақыт. Бұл бақыт бізге ел алдында, халық алдында үлкен мақсаттарға жетелейді. Мен намысты, білімге құштар, елін сүйер ер болатыныма сенімдімін.
Рубрика: Конкурсы » Сочинения - Отзывов: 0
Добавить комментарий
Задать вопрос

Навигация меню

Нашли опечатку? Выделите текст, нажмите Ctrl + Enter и отправьте нам уведомление.

Последние новости