Қайратова Ару

Қайратова Ару
г. Зыряновск
Школа №9
7 класс



Менің отаным Қазақстан

Менің кіндік қаным тамған туған жерім Қазақстан. Мен өз елімді, жерімді сүйемін, себебі менің балалық шағымның, сәнді де қызықты күндері осы Қазақстанда өтіп жатыр. Менің есімнен алғаш мектепке қадам басқаным, ұстаздармен танысып, әліппені қолыма алғаным әлі күнге дейін кетер емес. Өмірімде осы оқиғалар естен кетпес ең қызықты сәттерім. Бұл қызықты да, тәтті балалық шағым менің сүйікті отаным, қазақ жерінде өтіп жатыр.

Қазақстанымның табиғатына мән беріп қарашы. Табиғаты өте әсем, ауасы таза, орман-тауға, қазба байлыққа өте бай.

Шығысымдағы асқақтаған Алтай тауы, Ертіс өзені, батысымның мөлдіреген Каспий теңізі, екі аралықта орналасқан Сырдария мен Әмурдария бүкіл әлемге танымал Тянь-Шань тауының кербез табиғатына деген менің махаббатым шексіз. Өсімдіктің қайсы бір түрін алып қарашы, барлығы Қазақстаннан табылады. Кен орындары да өте көп.

Ата-бабаларымыз бізге кең байтақ қазақ жерін аманат етіп тастап кетті емеспе?! Қаншама ел осы қазақ даласы үшін соғыстар жүргізді. Туған жері үшін қасық қанын аямай, жау қолына осынау киелі қазақ жерін бермей ұрпақтан-ұрпаққа мұра қылып жеткізіп отыр емеспе?! Қаншама тер төгілді, қаншама, жан берілді десеңізші?! Сол себепті жерімізді қорғайық. Мен қазақ жерінің патриотымын, ер жеткенде өз отаным, елім, жерім үшін аянбай еңбек етемін. Қазірден бастап осыған өзімді даярлаймын. Бұл менің ең бірінші алдыма қойған мақсатым. Осыған жетемін деп сенемін.

Бүгінгі Қазақ жерін мекендейтін халық саны – 16 196 800 адамға жуық. Сондай-ақ елімізде 135-тен астам басқа ұлт өкілдері өмір сүруде. Барлығы бір-бірімен тату-тәтті бір шаңырақ астында, яғни Қазақстан Республикасында достық пен сыйластықта өмір сүреді. Шын мәнінде қазақ халқы қонақжай, мейірімді халық.

Қазақстанның тұңғыш президенті - Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев.

Біздің президентіміз қазақ жерін онан сайын көркейтуде, әр қалада ғимараттар, балабақшалар, мектептер салынуда. Астананың өзін алып қарасақ, күн сайын өзгеріп, құлпырып барады. Астана әсем қалалардың бірі ғой. Қазақстанда осындай әдемі де көркем қала болғанына қуанамын. Біздің президент Қазақстан үшін аянбай еңбек етуде. Осы үшін біз алғысымызды білдіру керекпіз.

Біздің ел басымыз білімге ғана емес мәдениет саласына, спортқада өте үлкен назар аударып отыр. Қазақ жастары өте өнерлі. Бірі өлең айтып би билесе, енді біреулері спорттағы жетістіктерге қол жеткізуде. Тағы бірі құнды шығармалар, өлеңдер жазады. Осыған орай әр қалада әр баланың таңдауына байланысты үйірмелер бар. Жаздағы өтіп кеткен олимпиада барлығымыздың есімізден кетер емес. Қаншама қазақ жастары жүлделі орын алды, осыған орай марапатталды. Қазақ елінің гимні айтылып,туған жеріңнің туы көкке көтерілгенде қалай қуандық десеңші! Әншілерімізде, бишілерімізде барлық елге барып өз өнерлерін көрсетеді. Олардың жетістіктерін айтып жеткізу мүмкін емес.

Менің Отанға деген сүйіспеншілігім шексіз екенін айта бергім келеді, ал бұл сезім үшін мені патриот етіп тәрбиелеген анама алғысымның шегі жоқ.

Туған жерім сені мәңгі сүйемін,
Керек болса отан үшін күйемін.
Елім әлі саған талай жақсылықты үйемін,
Осы антпен соңғы сөзді түйемін.

Мен Қазақстан үшін талай еңбек сіңіремін. Қазақстан мен сені сүйемін! Мен үшін саған тең келер жер жоқ!
Рубрика: Конкурсы » Сочинения - Отзывов: 5
Меруерт | 5 декабря 2012 20:43
Хорошо классно
Eldar | 7 декабря 2012 22:51
Keremet! 5+
Арай | 8 декабря 2012 14:40
оте тамаша!!!!!
Адина | 11 декабря 2012 17:50
тамаша!!!! маган оте унады ойынды жеткизе айтипсин))) smile
....... | 17 декабря 2012 21:21
Хорошее сочинение, мне очень понравилось. Молодец).... winked
Добавить комментарий
Задать вопрос

Навигация меню

Нашли опечатку? Выделите текст, нажмите Ctrl + Enter и отправьте нам уведомление.

Последние новости