Жайнарбеков Еділ

Жайнарбеков Еділ
г. Зыряновск
Школа №9
5 класс



Менің президентім!

Егемен Қазақстан, тәуелсіз Қазақстан, Ерікті ел, еңселі ел, кең, байтақ, табиғаты сұлу жер бұл менің Қазақстаным. Мен өз елімді мақтан тұтамын, қазақ жерін басып жүрген әр адамды сүйемін. Себебі, бұл менің елім, менің жерім. Ал осы елді бір шаңырақ астында тату-тәтті етіп біріктіріп отырған ол әрине біздің президентіміз. Тәүелсіздік алғаннан бері бізді "Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай", елінің болашағы үшін аянбай қызмет етіп жүрген ел басымыздың қазақ еліне жасаған еңбегі тарихта мәңгілік сақталып қалатыны сөзсіз. Мен өз елімнің патриоты ретінде елімді, жерімді, тілімді, президентімді сүйемін. Сондықтан да өзімнің сәби жүрегімнен ел басымызға мынадай жыр шұмақтарын арнағым келеді!

Ел басым менің еңселі,
Ардақтап өтер ел сені.
Елім туған асыл ер,
Биік ұсташы еңсеңді!
Ел басым менің ардақты,
Байсалды мінез, салмақты,
Өзіңдей тұлға тұрғанда,
Түсірмейміз еш бір байрақты!

Мен қазыр бесінші сыныпта оқимын, дәл қазіргі сәттегі менің мақсатым саналы да сапалы білім алып, өз еліме титтей де болса пайдамды тигізу. Ел басымыз айтқандай "Қазақстанның болашағы білімді де тәрбиелі жастардың қолында", бұл сөздер мен үшін өте маңызды, сол себепті мен шамам келгенше білімді де тәрбиелі адам болып шығуға тырысамын. Кеудемдегі жұдырықтай жүрегімнің дүрсілі тоқтағанша өз еліме қызмет етемін. Бұл жолда маған үлгі болатын бірінші адам бұл біздің президентіміз!

Қайран қазақ тілім-ай!

Ары қайда, ұят қайда, намыс қайда?!
Қазағым орысшадан ұялмайма?
Он қазақ жалғыз орыс тұрса дағы,
Он қазағым орысша сайрайды да.
Сөз басын орысшамен бастайды,
"Привет" деуден көшеде де саспайды,
Намыстанбай сәлем алған қазағым,
"Как дела" деп орысшамен қостайды!
Бұл сөзім орыс халқын бөлу емес,
Бар болғаны адасқан қазақ жасын,
Туған тіліді сүйүге жетелемек!
Рубрика: Конкурсы » Сочинения - Отзывов: 1
Меруерт | 15 декабря 2012 23:15
жаксы екен шыгарман
Добавить комментарий
Задать вопрос

Навигация меню

Нашли опечатку? Выделите текст, нажмите Ctrl + Enter и отправьте нам уведомление.

Последние новости