Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 16 шілдесіне валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

0

Осыдан бірнеше жыл бұрын Күршім ауылының тұрғыны Мамырбекова Гүлжан Тынымханқызы хабар-ошарсыз кеткен еді. 2011 жылдың 19 сәуірінде банкоматтан ақша шешіп, кішкене баласына тамақ аламын деп үйінен шығып кеткен жас келіншек үшті-күйлі жоғалған. Бүгін туыстары мен үйдегі қос құлыншағының Гүлжанды іздеп, күтіп жүргендеріне тұп-тура 8 жыл толып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Гүлжанның қос ұлы бүгінде есейіп қалды. Ол кезде үлкен ұлы 12-де, кенжесі не бары 1 жаста ғана еді. Аналары жанында болса, биыл жазда 40 жасқа толады екен. Қанша жыл өтсе де, аналарына деген сағыныштары басылар емес. Осы уақыт бойы үміттерін үзбей, іздеумен, күтумен келеді...

«Сен жанымда болмағалы тура 7 жыл болды, анашым. Қайда жүрсең де, мен сені жақсы көремін, анашым.  Қайтып оралшы бізге, қатты сағындым сені. Жанәли де, менде үлкен болдық, енді біз саған қараймыз. Өтінемін, анашым, келші жанымызға. біздің көз жасымызды Алла жерге тастамайды! Өтінемін, келші жанымызға», - деп жазыпты Гүлжанның үлкен ұлы осыдан бір жыл бұрын әлеуметтік желідегі парақшасында.

Анасынан ерте айырылған баланың жанайқайы кімнің болса да жүрегін селт еткізер.  Жылдар жылжып, араға қанша уақыт салса да, анасының із-түссіз жоғалып кетуі баланың үмітін үздірмейді, көңілін суытпайды екен. Ол әлеуметтік желі арқылы анасына іздеу салып жүр.

 Гүлжан Мамырбекова – әскери қызметкер, Күршімдегі 27955 әскери бөлімінің ефрейторы болған.

Жоғалып кеткен күні ол банкоматқа ұжымдас танысымен бірге кеткен екен. Оны нақты көрген адамдар бар. Үйінен шығып кеткеннен кейін Гүлжан анасына қоңырау шалып, қазір қайтатынын айтады. Алайда дәл сол сәттен бастап байланыссыз қалған.

Гүлжанның жоғалып кеткеніне ата-анасы белгілі бір адамдардың қатысы бар екеніне сенімді. Тіпті, ол туралы бүкіл ауыл білетін, сезіктенетін көрінеді. Бұл оқиғаның жай-жапсары бірқатар облыстық, республикалық газеттерде ашық жарияланған болатын. Десе де, 8 жыл бұрын басталған іздеу мен тергеу амалдары еш нәтиже бермей, іс тоқтап қалады.

Бұл жұмбақ оқиғаның жұмбақтары көп секілді. Гүлжанның әкесі Тынымхан Мамырбековтың айтуынша, 19 сәуір күні оның қызын ертіп кеткен адам жай ұжымдас қана емес. Ол – Гүлжанның кенже ұлының әкесі, бұрыңғы жігіті.  Екеуі ұзақ уақыт қарым-қатынаста болып, үйленеміз деп жоспарлап жүрген. Алайда жігіт уәдесінен тайып, басқа қызға үйленіп кетеді.

-Ол кезде Гүлжан екеуінің ұлы 9 айға толып қойған, - дейді туыстары.

Екеуінің баласы бар екенін некелескен жарына айтпауын өтінген жігіт ұлына қаржылай болысып тұруға уәде етеді. Бірақ бұл уәдесін де орындамайды. Осыған қатысты араларында біраз келіспеушілік болған көрінеді.

19 сәуір күні ол Гүлжанның ұялы телефонына 15 рет қоңырау шалған. Айлығы түскенін айтып, банкоматтан барып бірге шешіп алайық деп ертіп кетеді. Банкоматтағы бейнебақылау камерасына Гүлжанның оның көлігіне қайта отырғаны түсіп қалған.

Бас кезде «банкоматқа дейін ғана жеткізіп салдым» деген жігіт, бұл сөзінен тайып, камерадағы бейнежазба анықталған соң «ары қарай үй жағындағы бұрылысқа дейін жеткіздім» деп өзгеріп салады. Гүлжанның ата-анасының сөзінше, бұл жігіт айтқандарын сан рет өзгертіп, талай құбылса да, полиция оны тексеріп, тергеуге аса ден қоймаған екен.

-Гүлжанды соңғы рет көрген адам болғандықтан басты күдікті сол еді. Алайда ол қамауға да алынбады. Көп ұзамай, тіпті, қызмет бабымен басқа жаққа ауысып кетті, - дейді Тынымхан Мамырбеков.

Ал Гүлжанның ісі болса қаралмай, тергелмей жата береді. Ата-анасы жан-жаққа жазып, көмек сұрап шырылдайды. Соның күшімен істе сәл қимыл байқалады да, ізінше қайта тоқтап қалып отырады. Себебі, тергеушілер үшін бұл істе ешқандай іліп аларлық факті жоқ екен. Гүлжанның өзі де, денесі де табылмаған. Ал «бірдеңе көрдік, естідік» деген адамдар өз сөздерін жоққа шығарыпты.

Гүлжанды іздеп табудан күдер үзбеген туыстары әлі де істі алға жылжыту үшін түрлі тұлғалар мен органдарға хат жазып, көмек сұрауын жалғастыруда. Бармаған жерлері, баспаған таулары қалмады. Гүлжанның әкесі осы 8 жыл бойы талай органдардың, көптеген беделді шенеуніктердің табалдырығын тоздырыпты. Депутаттарға да, құқыққорғау органдарына да сансыз хаттар жолданды. Қызының не өлі, не тірі екенін біле алмай отырған байғұс ата-ана  іс қайта қозғалып, дұрыс тергеу жүргізілсе, шындықтың бір шеті шығар еді деген ойда.

 

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 12:30

ШҚО-да қосымша 50 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынды

Бүгін, 12:09

ШҚО-да карантин уақытында 331 мобильді топ құрылды

Бүгін, 11:15

ШҚО-ның дәріханаларына парацетамол таратыла бастады

Бүгін, 11:12

«Қазақты сынаса Абай ғана сынасын...»

Бүгін, 10:17

Covid-19: ШҚО-да тағы 162 науқас емделіп шықты

Бүгін, 10:15

ШҚО-ға Катардан гуманитарлық көмек келді

Бүгін, 10:12

ШҚО-да өткен тәулікте 133 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін, 09:27

Семейде үйде той жасамақ болғандар ұсталды

Бүгін, 08:00

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

15.07.20, 18:22

ШҚО-да коронавирус жұқтырған 88 науқастың жағдайы ауыр

15.07.20, 17:45

ПТР әдісімен талдау қандай жағдайда тегін жасалады?

15.07.20, 17:00

ШҚО-да 35 градусқа дейін ыстық болады

15.07.20, 16:31

Күршім ауданына өкпені жасанды желдететін 10 аппарат әкелінеді

15.07.20, 16:04

Семейдегі Жастар орталығы еріктілер іздеп жатыр

15.07.20, 15:33

Үлкен Нарында көлік жуу бекеті ашылды

15.07.20, 14:17

Министрлік Марқакөлде браконьерлікпен күресу шараларын қабылдады

15.07.20, 13:21

Covid-19: Өскеменде – 54, Семейде – 16, Катонқарағайда – 13...

15.07.20, 12:49

Kaspi.kz 100 жедел жәрдем көлігін сыйға тартатын болды

15.07.20, 11:30

Қазақстанда білім грантына құжат қабылдау мерзімі ұзартылды

15.07.20, 11:00

Covid-19: ШҚО-да 192 науқас емделіп шықты

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

28.03.20, 09:45

Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

28.01.20, 12:27

Қазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілді

25.04.20, 10:23

Биік белестерді бағындарған әскери бөлім

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бүгін, 12:30

ШҚО-да қосымша 50 өкпені жасанды желдету аппараты сатып алынды

Бүгін, 12:09

ШҚО-да карантин уақытында 331 мобильді топ құрылды

Бүгін, 11:15

ШҚО-ның дәріханаларына парацетамол таратыла бастады

Бүгін, 11:12

«Қазақты сынаса Абай ғана сынасын...»

Бүгін, 10:17

Covid-19: ШҚО-да тағы 162 науқас емделіп шықты

Бүгін, 10:15

ШҚО-ға Катардан гуманитарлық көмек келді

Бүгін, 10:12

ШҚО-да өткен тәулікте 133 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін, 09:27

Семейде үйде той жасамақ болғандар ұсталды

Бүгін, 08:00

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

15.07.20, 18:22

ШҚО-да коронавирус жұқтырған 88 науқастың жағдайы ауыр

15.07.20, 17:45

ПТР әдісімен талдау қандай жағдайда тегін жасалады?

15.07.20, 17:00

ШҚО-да 35 градусқа дейін ыстық болады

15.07.20, 16:31

Күршім ауданына өкпені жасанды желдететін 10 аппарат әкелінеді

15.07.20, 16:04

Семейдегі Жастар орталығы еріктілер іздеп жатыр

15.07.20, 15:33

Үлкен Нарында көлік жуу бекеті ашылды

15.07.20, 14:17

Министрлік Марқакөлде браконьерлікпен күресу шараларын қабылдады

15.07.20, 13:21

Covid-19: Өскеменде – 54, Семейде – 16, Катонқарағайда – 13...

15.07.20, 12:49

Kaspi.kz 100 жедел жәрдем көлігін сыйға тартатын болды

15.07.20, 11:30

Қазақстанда білім грантына құжат қабылдау мерзімі ұзартылды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: