Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2019 жылдың 7 желтоқcанына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

«Мен Ұлықбектің сырларын білемін» – Өскеменде ақынның 65 жасы тойланды

0

119

Көптен бері көні кеуіп жатқан Өскеменді жыр нөсері жуып өтті. Сауыр тауының тұсынан шыққан тоқымдай қара бұлт Алатауды бөктерлеп келіп Алтай аспанында жаңбырға айналды.  Жыр-жаңбырдың жаратушы иесі қазақ поэзиясының ұлығы, биыл көктемде  65 жасқа толған Ұлықбек Есдәулет аға болатын.

    Ақынның аты театрға беріле ме?

Жарты күнге жалғасқан жыр кешінің алғашқы тиегі Пушкин атындағы облыстық кітапханада ағытылған. Оған облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова арнайы қатысты. Оқырманмен оңаша ой бөліскен кештің тізгінін Қазақстан жазушылар одағы облыстық филиалінің директоры Әлібек Қаңтарбаев ұстады. Өз тарапынан шапан жауып, құрмет көрсеткен жүргізуші кеш қонағының бағытын сонау бала кезіне бұрып жіберді.

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болғаннан бері ойлануға уақыт таппай жүрген Ұлыағаң қимас күндерінің, қызығы мен шыжығы мол сонау шаққа қуана-қуана сүңгіп кетті. Педагогтар отбасында, ақындар ауылында өскен болашақ ақынның балаң арманы, Өскеменге жеткен өрімдей жастың алғашқы талабы, Алматыға жеткен жас ақынның құтты қадамы... Бәрі де жас ұрпаққа үлгі-өнеге болар қызыты әңгімелер еді. Мектепті енді бітірген 17 жасар баланың «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетіне қалай келгені. Сол кезде реадакциядағы қаламгер ағалардың  қолында дипломы да жоқ боз баланы қалай «Ұлыаға» атандырғаны туралы есті естеліктер айтылды. Ақынның студент күннен бірге жортып келе жатқан сырлас досы Түсіпхан Түсіпбеков ағамыз әңгіменің қызығына елтіп отырып, «Мен Ұлықбектің Бейсенгүл білмейтін сырларын білемін» деп салды. Сонда барып халық көрермендердің алдыңғы қатарында отырған ақынның жары отырғанын аңғарды. Ел алты алаштың аяулы ұлын әлпештеп отырған ақын жарына қошамет көрсетті.

Кеш барысында қазақтың бір тура әншісі Роза Рымбаева арнайы бейнесәлем жолдап, «Заман-ай» әнін қалай орындағаны туралы айтып берді. Өңірге белгілі әншілер Майра Қаламқызы мен Қайрат Майжаров орындады содан кейін бұл әнді. Кітапхана тарапынан құрылған «Тамшы» шығармашылық орталығының мүшелері ақын өлеңін мәнерлеп оқыса, ақын Қуаныш Еркінұлы арнау айтты. Ал, қарт қаламгер Советхан Қалиғожин ақынға арнау жазып әкеліп оқып берді. Онан соң ақ батасын берді. Кітапхана қызметкері Гүлнұр Зұлқаршынқызы оқырмандар арасында кеш қонағына байланысты сұрақтар қойып, дұрыс жауап бергендерге ақынның кітабын сыйлады. Кітапхана директоы Бибігүл Шағиева ақынның портреті салынған сызбаны, сондай-ақ ақын жарына гүл сыйлап, елдің ыстық ықласын жеткізді.

Темір тұлпар сыйлады

Кітапханадан шыққан жұрт облыстық драма театрға қарай ағылды. Өйткені ол жерде Ұлыағаңның «Алтын ұям - Алтайым» атты шығармашылық кеші өткетін-ді. Кештің аты бұлай аталуының да өз себебі бар. Сарыарқа төсінде, Алатау бауырында көлемді-көлемді кеш өткізген айтулы ақын туған елінде өткізгелі тұрған алғашқы ірі кеші бұл.

Заманымыз өзіміздің Зайсан мен Алакөлдей толқып жатқан тұсында туған күнді де, мерейтойды да ұмытып кетеді екенсің. Биыл былтырғыдан қалған демалыс күндерімізді қосып алып, Ақберен екеміз аз күн тынығайық, ес жинайық деп елге келгеміз. Міне керемет кездесулер, кештер өтіп жатыр. Осыны ұйымдастырған азаматтарған, облыс басшылығына, кітапхана басшыларына, жаздық демалысын қиып келіп отырған өздеріңізге шын көңілден алғысымды айтамын, - деп елге ризалығын білдірген ақын өнер сүйер жұртқа отты өлеңдерін оқыды. Өткен жылы ғана аз тиражбен шыққан «Көздеріңе ғашқпын» атты махаббат лирикаларын облыс әкімінің орынбасары Әсем Бекқызына сыйлады. Облыс әкімінің орынбасары өз кезегінде «Сізді 65 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сізді ұлы ақын деп білеміз. Деніңізге саулық, басыңызға амандық тілеймін» деп ақ тілегені ақтарып, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының ыстық сәлемін жеткізді. Қазақтың салты бойынша иығына шапан жапты. Ал, осы шараның өтуіне бірден бір мұрындық болып жүрген облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Азамат Мұхамедчинов:

 – Ұлыағаңның жерлестері жиылып бір дүбірлі той өткізіп жатырмыз. Біз жастар сіздер салған сара жолмен жүріп келеміз. Бүгінгі кештің ең ерекшелігі сол, Ұлағаңның сөзіне жазылған әндерді әдеттегідей Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі жұлдыздар емес, тек шығыстың әншілері орындайды, – деп кештің барысымен таныстырды.

Бұдан кейінгі кеш негізінен ақынның сөзіне жазылған әндердің орындалуымен өрілді. Белгілі әнші Еркін Шүкіман шығып Тұрсынғазы Рахимовытың дүние саларынан біраз ғана бұрын жазған әнін орындағанда залдағы елдің әр жерінен «беу, шіркін», «Пақ, шіркін» дескен үндер естіліп жатты.

Қазақстан жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ақберен Елкезек «Рүстем Есдәулет атындағы театрда өтіп жатқан дүбірлі кешімен» Ұлыағаңды құттықтады. «Мен осылай атай берейін. Бәлкім, жындының айтқаны келмесе де, сандырағы келетін шығар» деп әзілдеді. Бұл бір қарағанда жай сөз болғанымен көптен бері көтеріліп келе жатқан Рүстем Есдәулетке облыстық драма театрдың атын беру мәселесін қаузап тұр еді. Бұл кешке Семейден ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов бастаған ақындар да келіп қатысты. Өткен жылы ғана мемлекеттік сыйлықпен марапатталған «бір түрлі ақын» Ұлыағаңа әзіл жыр арнады.

Шығармашылық кеш барысында ақынның сөзіне жазылған «Заман ай», «Тоты құс», «Гүл бақта», «Мөлдір мекен», «Сағынған жоқпын», «әкеме», «Ақ желкен», «Құс жолы» сынды әндерін өңірімізге белгілі Әділ Тұрғанбаев, Айжан Мәзкенова, Нұргүл Қабдоллаева, Қамит халық, Қайрат  Майжаров сынды әншілер асқақтата орындады.

 – Ұлыағаң туған жеріне келіп жатқанда қуаныштан шет қалмайық деп бізде жеттік. Бұл кісі мемлекеттік сыйлықты, «Құрмет» орденін алғанда шын қуанғамыз. Кітаптары қаншама шетел тілдеріне аудаырылды. Тек біздің ғана емес қазақтың мақтанышы бұл кісі. Сондықтан осы елдегі бауырлары бірге келіп құттықтайық деп отырмыз, –деп ағынан жарылған белгілі атымтай кәсіпкер Қайрат Мусин Ұлыағаңа темір тұлпардың кілтін ұстатты.

Ақынын ардақтаған елдің, ағаға құрмет көрсеткен інінің құшаметіне жиылған жұрт шын ризашылығын білдірді. Иә, Ұлыағаңдар келген күні көптен бері тамбай тұрған Алтай аспаны да сіркірей жөнеліп еді. Біз ақынның жыры деп қабылдағамыз. Шөлдеген елдің, сусаған жердің мейірін басқан бұл ақынның жаңбыры, Ұлағаңның жаңбыры еді...

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 14:57

"Реал Мадрид" футбол клубы жейдесінің түсін өзгертті

Бүгін, 14:43

Семей полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бүгін, 12:30

ШҚО-да "Рухани жаңғыру» бағдарламасының үздіктері анықталды

Бүгін, 11:34

Өскемен мектептерінде екінші ауысымға сабақ болмайды

Бүгін, 11:15

ШҚО-да үсіп қалған бірқазандар құтқарылды

Бүгін, 10:15

"Шығыстың" сарбаздары халықаралық қоян-қолтық ұрыста жүлдегер атанды

Бүгін, 08:45

"Сындырып, шығарып алғандар көп". ШҚО-да көктайғақта 200 адам жарақаттанды

06.12.19, 21:03

Жарма ауданында қайырымдылық акциясы бастау алды

06.12.19, 20:18

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандады

06.12.19, 19:00

Мәжіліс «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын мақұлдады

06.12.19, 18:00

«Сенің махаббатың». Өскеменде өзгеше поэзиялық кеш өтті

06.12.19, 17:54

«Торпедо» қатарынан төртінші ойында жеңілді

06.12.19, 17:33

Табысы аз отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың құрамы қалыптастырылды

06.12.19, 17:26

Өскеменде "Рухани жаңғыру - Мәңгілік ел болашағы" атты фестиваль өтіп жатыр

06.12.19, 17:24

Ұлан ауданында нанның бағасы қымбаттамайды

06.12.19, 17:01

"Лениногорский каскад ГЭС" құбыры жарылды - Риддер

06.12.19, 16:32

Риддердегі көпқабатты үйлердің төбесінен шелектеп су ағып тұр

06.12.19, 16:00

Мемлекет басшысы келер жылдағы еңбекақы мен зейнетақы көлемін бекітті

06.12.19, 15:47

Үш баланың анасы банкке 55 млн теңге қарыз болып қалған - ШҚО

06.12.19, 15:15

ШҚО-да халықаралық іздеуде жүрген есепші ұсталды

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

29.10.19, 16:03

"Времянкада" тұратын көпбалалы ана: "Балам телефоннан қабір азабы туралы ғана көреді" (ВИДЕО)

15.03.19, 16:19

ШҚО тұрғыны үйінің сыртын сыраның қалбырымен қаптап алды

05.06.19, 20:38

Тек қазақша сөйлейтін өскемендік полицей бірден екі қылмысты ашты (видео)

10.04.19, 12:04

Өскеменде 16 әйелді өлтірген КШТ маньягі қалай ұсталып еді?

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бүгін, 14:57

"Реал Мадрид" футбол клубы жейдесінің түсін өзгертті

Бүгін, 14:43

Семей полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бүгін, 12:30

ШҚО-да "Рухани жаңғыру» бағдарламасының үздіктері анықталды

Бүгін, 11:34

Өскемен мектептерінде екінші ауысымға сабақ болмайды

Бүгін, 11:15

ШҚО-да үсіп қалған бірқазандар құтқарылды

Бүгін, 10:15

"Шығыстың" сарбаздары халықаралық қоян-қолтық ұрыста жүлдегер атанды

Бүгін, 08:45

"Сындырып, шығарып алғандар көп". ШҚО-да көктайғақта 200 адам жарақаттанды

06.12.19, 21:03

Жарма ауданында қайырымдылық акциясы бастау алды

06.12.19, 20:18

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандады

06.12.19, 19:00

Мәжіліс «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын мақұлдады

06.12.19, 18:00

«Сенің махаббатың». Өскеменде өзгеше поэзиялық кеш өтті

06.12.19, 17:54

«Торпедо» қатарынан төртінші ойында жеңілді

06.12.19, 17:33

Табысы аз отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың құрамы қалыптастырылды

06.12.19, 17:26

Өскеменде "Рухани жаңғыру - Мәңгілік ел болашағы" атты фестиваль өтіп жатыр

06.12.19, 17:24

Ұлан ауданында нанның бағасы қымбаттамайды

06.12.19, 17:01

"Лениногорский каскад ГЭС" құбыры жарылды - Риддер

06.12.19, 16:32

Риддердегі көпқабатты үйлердің төбесінен шелектеп су ағып тұр

06.12.19, 16:00

Мемлекет басшысы келер жылдағы еңбекақы мен зейнетақы көлемін бекітті

06.12.19, 15:47

Үш баланың анасы банкке 55 млн теңге қарыз болып қалған - ШҚО

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: