KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
441.66 475.14 4.86

Тамызда трамвайлар тағы да тоқтайды – Өскемен

29.07.2022, 09:35 357

Рельстерді жөндеуге байланысты тамыз айында трамвайлар тағы да тоқтайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС директоры Михаил Чайканың айтуынша, тамыз айының басында рельстердің жаңа партиясы жеткізіледі. Ескі трамвай жолдарын ауыстыру жұмыстары басталған кезде, қоғамдық көліктің қозғалысы да уақытша тоқтайды.

– Өткен жолы да трамвайлар 10 күнге тоқтаған. Бұл жолы жөндеу жұмыстарын бес күн ішінде аяқтауға тырысамыз, – деді Михаил Чайка.

Көлік компаниясының басшысы жөнделетін учаскелерді айналып өтетін қосымша маршруттарды енгізуді де қарастырып жатқанын айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив