Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2019 жылдың 24 қазанына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

12 маралды 328 басқа жеткізген шаруашылық. Сеулмен серіктестік

0

83

Катонқарағайдағы Новополяковка ауылдық округіне қызметтік іс- сапарымызбен барғанымызда,  аудандағы өркен жайған марал шаруашылықтарының бірі «Абзал» шаруа қожалығында болып қайттық.

27 жасар Абзал Болатов басқаратын аталмыш қожалық Новополяковкадан Сенное ауылына бара жолда тау қойнауында орын тепкен. Оның құрылғанына биыл 20 жыл болыпты. Шаруашылықты құрып, аяғына тік тұрғызған Абзалдың әкесі марқұм Болат Көкенайұлы болатын. Әкесінің бастаған ісін лайықты жалғастырып, қожалықтың ендігі тізгінін өз қолына алған жас басшының бүгінгі аяқ алысы жаман емес дейді осындағы ел-жұрт. Қожалыққа келген бетте бізді қарсы алған Майра Бұқатаева есімді орта жастағы әйел Абзалдың анасы болып шықты. Біз барған күні шаруашылық басшысы қожалықтың жұмыстарымен Өскеменге кеткен екен. Шаруашылықтың өткенімен, оның бүгінгі тыныс-тіршілігімен, болашақтағы жоспарлары жайлы бізге Майра Дәуітханқызы егжей-тегжейлі таныстырып, айтып берді.

-Әуел баста, шаруашылығымызда небәрі 12 марал болған, -дейді сөз басында Майра Бұқатаева. -Марқұм жолдасым Болат жастайынан саудамен араласты. Сонау 90-шы жылдардың тоқырауында да отағасының етінің тірілігінің арқасында күн көрдік. Сол уақытта ол (жолдасы) марал мүйізін шетелге өткізумен айналысатын. Осылайша, кейіннен өзіміз де марал шаруашылығымен айналысуды қолға алып, бұрынғы совхоз жеріне тиесілі жерді алып, оны қоршап, кәсібімізді аштық. Алғашында келгенде бұл жерде бұрынғы марал совхозынан қалған мүйіз кептіру құрылғысы мен ескі лашық қана бар еді. Сөйтіп, бірте-бірте шаруамызды ретке келтіре бастадық. Маралдарды Катонқарағай өңіріндегі «Берел» совхозынан, кейіннен бұрынғы Самар ауданынан, Ресейдің Алтай аймағынан сатып алдық. Бүгінде иелігімізде марал саны 328 басқа жетті. Он екі жыл бұрын пантымен емдеу шипажайын аштық. Оның алдында марал мүйізін өткізумен ғана айналысатынбыз. Соңғы бес-алты жылда Үкімет тарапынан берілетін субсидиялар шаруашылығымызға едәуір көмегін тигізіп отыр.

Шаруашылық еншісіндегі негізгі техника түрлері бүгінде жаңалануда. Мәселен, қожалықта МТЗ-982, 952 су жаңа тракторларымен қатар, бір Т-40 доңғалақты және шынжыр табанды ДТ тракторлары, «Урал» жүк көлігі, онан бөлек, екі бірлік шөп тайлағыш, роторлық шөп шапқыш, трактор тіркемелері бар. М.Бұқатаеваның айтуынша, соңғы шыққан тракторларды лизингке, қалған жаңа техниканы өз қаржыларына алыпты. Бағалары да айтарлықтай. Тракордың әрбіреуінің құны 7 млн. теңгеден асады. Қожалық иелігінегі шабындық және жайылымдық жерлердің аумағы да баршылық. Әрине, мүйізді дала тағыларын асырау үшін біраз жердің қажет екендігі түсінікті. Қазіргі күні «Абзал» шаруа қожалығына тиесілі жер көлемі 2000 гектардан асып жатыр. Марал асыраумен қатар, қожалықта жүзден аса қазақы ақбас тұқымды сиырлары, 20 бас жылқы да бар.

Қытымыр қысқа толықтай дайын

Үш жүзден астам маралды қытымыр қыстың аязында күтіп бағу үшін шаруашылық бүгінде қажетті дайындық жұмыстарын атқарған. Көршілес Бесүй ауылындағы Ерболат Омаров басқаратын «Қаражал» шаруа қожалығынан А.Болатов жыл сайын сұлыға, арпа мен бидайға тапсырыс беріп, қажетті мөлшерде оны сатып алады. Мәселен, биылғы қысқа шаруашылық 75 тонна сұлы, арпа мен бидайдан 20 тоннадан алыпты.

-Жемшөп қорын дайындауда есептеуімізше, биыл бізге 800 тонна, яғни, 3000 түк шөп қажет. Қазіргі күні соның екі жарымы дайындалып, шаруашылық маңындағы қор жайларға жеткізілді. Сондай ақ, 500 түк сабан да әкеліп алдық. Бұл істе механизатор жігіттердің еңбегі ерен. Атап айтар болсақ, Виктор Ханин, Александр Шимин, Евгений Горбаткин, Вячесав Федоров сынды тәжірибелі тракторшылар мен жұмысшыларды айтуға болады. Қожалығымыздағы ірі қараны Анатолий Егоров деген азамат інісі Иванмен кезектесе бағады. Жүк көлігінде ұлдарымның екеуі де шаруашылық жұмыстарын атқара береді. Олар бала кезінен әкелерінің жанында жүріп, ауыр жұмысқа шыңдалып өсті. Сондықтан, мен басшы, ол жұмысшы деп ұжымнан ажырамайды, ортақ іске біріге жұмылады, -дейді аналары.

Шипажайға демалушылар көп келеді

«Абзал» шаруа қожалығында ашылған пантымен емдеу шипажайында демалуға ниетті жандардың саны жыл сайын артуда. Алғаш ашылған жылдары бес алты адамнан ғана қабылдай бастған олар бүгінде бір маусымына 150-200 адамнан қабылдайды. Қазіргі күні демалыс орнында 18 панты ваннасы, екі фитобөшке, онан бөлек, демалушыларға ыстықпен булау қызметі де көрсетіледі. Марал мүйізінің қанын ішіп, сорпасына түсу үшін келетін демалушылар денінің көбі Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстаннан, ал биылғы жылы тіптен АҚШ пен Кореядан , көршілес Ресей мемлекетінен келіпті. Майра Дәуітханқызының айтуынша, өзіміздің шығыстан баратын демалушылар саны аз көрінеді.

Шипажай жұмысына барлығы бес-алты адам жұмылдырылған. Демалыс орнында аспаз, даяшы, мүйіз қайнатушы, массаж жасаушы мамандар қызмет етеді. Жалақылары да айтарлықтай. Маусым соңында әрқайсысы кемінде 150 мың теңгеден алады. Мүйіз демекші, марал мүйізін кесіп, оны қайнатушы Алдаберген Тұрғамбаевтың өз ісінің ерекшелігін жақсы біледі. Ол өзінің саналы ғұмырын осы шаруашылыққа арнаған. Кезінде марал совхозында талай жыл еңбек еткен. Демалушыларға шипажайда бес қонақ үй салынған. Қазіргі күні бұнда бір мезетте 35 адамға дейін орналаса алады. Бағасы 15 мың мен 24 мың теңгенің арасында. Емделу, тамақтану, жатар орын, бәрі осының ішіне кіреді екен.

-Бір адам бес күннен төмен демалмауы керек. Барлығы 10 ванна қабылдайды. Марал сорпасына түсіп, қанын ішу бұл денсаулыққа пайдасы зор. Адамның иммунитетіне тигізетін оң әсерін айтпағанда, сүйек және тері ауруларын жақсы емдейді. Бір жылдары бізге алпысты алқымдаған бір егде азамат келді. Айтуынша, Израильге дейін барып, ауруына ем іздепті. Шипажайдағы үшінші күні аяғына тұрып кетті. Онан соң, он жыл бойында бізге келіп тұрды, -деп еске алады М.Бұқатаева.

Шипажай демалушыларына әр күн сайын үш уақыт 20 граммнан пантогемотоген дәрісі беріледі. Жалпы, демалыс орны өз қонақтарын әр жылдың 1 шілдесінен бастап тамыз айының ортасына дейін қабылдайды. Оған дейін мамырдың соңынан бастап мүйіз кесу науқаны жүреді. Абзалдың анасының айтуынша, мүйіз қанын осы өңірдегі «Ақсу ДЭЕН»ЖШС-не олардың арнайы тапсырысы бойынша өткізеді. Ал мүйізді қожалық Кореяның астанасы Сеулдегі тапсырыс беруші орынға келісілген ортақ баға бойынша жібереді. Кореялықтармен новополяковкалық шаруашылық серіктестік орнатқандарына бүгінде он жыл болыпты.
Бұғылардың санын көбейтіп, қан ауыстыру қажет.

Алдағы уақытта «Абзал» шаруа қожалығы бұғылардың санын көбейтіп, қаан ауыстыруды мақсат тұтып отыр. Ол үшін олар марал шаруашылықтырмен келісімге отырып, солармен айырбас жүргізбекші. М.Бұқатаеваның айтуынша, қан ауыстырып, марал тұқымын жаңаламағандарына бес жыл өтіпті. Онан бөлек, қожалық иесінің анасы ұлдарының шаруашылықтағы алдағы қойған жоба- жоспарларына да тоқталды.

-Абзал ендігі кезекте шипажай аумағында демалушылар отыратын қосымша күркелер салуды, демалушыларға жаз мезігілінде киіз үй ашуды ұйғармақшы. Өзімізде қаңқасы темірден жасалған екі киіз үй бар. Соларды шипажай аумағына қойып, ішін салтымыз бойынша безендіріп, қонақтарды күтуге арнамақпыз. Онан өзге қонақ үйлердің жанына тағы бір үй салуды, бильярд және шағын теннис үстелдерін сатып алуды жоспарлап отырмыз. Шаруашылықтың материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында алдағы уақытта «КАМаз» жүк көлігін, жүк тиегіш, доңғалақты трактор сатып алу да ойымызда бар. Көздеген жұмыстардың барлығы ұлымыздың қолынан келетініне бек сенемін. Бүгінде жас та болса, іске келгенде ширақ мінезді танытатын ол шаруашылықтың барлық дерлік жұмысын өзі атқарып жүр. Мен анасы ретінде, бауыры Әлішер, жары, балалары оған әркез демеу болып, жанында боламыз. Бастысы ортақ іске отбасымызбен жұмылу, - дейді Майра Бұқатаева.

Тимур Смағұловтың Фейсбуктегі парақшасынан

 

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

23.10.19, 17:37

Семейде бір ай бұрын құлаған ағаш неге жиналмай жатыр?

23.10.19, 17:15

Қазақстанның үш банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосылды

23.10.19, 16:58

Қазақстанда темекі қымбаттады

23.10.19, 16:19

Өскемендегі №17 автобустың жүру бағыты өзгерді

23.10.19, 15:58

Семейліктер бір күнде 212 рет жол жүру ережесін бұзды

23.10.19, 15:55

Әйел жүргізушілердің жол үстіндегі төбелесі (ВИДЕО)

23.10.19, 15:45

Балаларға смартфон беруге болмайды - Комаровскийдің кеңесі

23.10.19, 15:31

Ипотеканың алғашқы жарнасын жинау үшін қанша уақыт қажет?

23.10.19, 15:19

Семейде жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға арнайы шамдар орнатылды

23.10.19, 14:00

Қазақстанда шетелдіктерге орган ауыстыру отасын жасауға тыйым салынады

23.10.19, 13:28

Бес облыстың әскери соты таратылды

23.10.19, 12:43

ШҚО-да азық-түлік тауарларының бағалары өзгерді

23.10.19, 12:22

Семейде нан қымбаттай ма?

23.10.19, 12:02

"АвтоЦОН" басқа мекенжайға ауысты – Өскемен

23.10.19, 11:25

«Алтай» «Қызылжармен» тең тарқасты

23.10.19, 11:00

Өскеменде үй саламын деген жеке кәсіпкерлерге жер беріледі

23.10.19, 10:51

Өскеменде 10-нан астам үй күреледі

23.10.19, 10:39

Семейде тағы да жүк көлігі көпір астына кептеліп қалды

23.10.19, 10:12

Семейдегі ерекше мектеп шағын автобусқа ие болды

23.10.19, 09:53

Өскеменде жайылып жүрген жылқылардың иесі жауапқа тартылды

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

15.03.19, 16:19

ШҚО тұрғыны үйінің сыртын сыраның қалбырымен қаптап алды

05.06.19, 20:38

Тек қазақша сөйлейтін өскемендік полицей бірден екі қылмысты ашты (видео)

10.04.19, 12:04

Өскеменде 16 әйелді өлтірген КШТ маньягі қалай ұсталып еді?

03.04.19, 09:15

1 сәуірден бастап көпбалалы отбасыларға берілетін көмек. Ең жиі қойылатын 10 сұрақтың жауабы

02.04.19, 15:45

"Жуыну бөлмесіне тығылған". Семейдегі балалар өлімі, оқиғаның анық-қанығы

01.04.19, 10:11

Атаулы әлеуметтік көмектің онлайн-калькуляторы пайда болды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

23.10.19, 17:37

Семейде бір ай бұрын құлаған ағаш неге жиналмай жатыр?

23.10.19, 17:15

Қазақстанның үш банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосылды

23.10.19, 16:58

Қазақстанда темекі қымбаттады

23.10.19, 16:19

Өскемендегі №17 автобустың жүру бағыты өзгерді

23.10.19, 15:58

Семейліктер бір күнде 212 рет жол жүру ережесін бұзды

23.10.19, 15:55

Әйел жүргізушілердің жол үстіндегі төбелесі (ВИДЕО)

23.10.19, 15:45

Балаларға смартфон беруге болмайды - Комаровскийдің кеңесі

23.10.19, 15:31

Ипотеканың алғашқы жарнасын жинау үшін қанша уақыт қажет?

23.10.19, 15:19

Семейде жаяу жүргіншілерге арналған жолдарға арнайы шамдар орнатылды

23.10.19, 14:00

Қазақстанда шетелдіктерге орган ауыстыру отасын жасауға тыйым салынады

23.10.19, 13:28

Бес облыстың әскери соты таратылды

23.10.19, 12:43

ШҚО-да азық-түлік тауарларының бағалары өзгерді

23.10.19, 12:22

Семейде нан қымбаттай ма?

23.10.19, 12:02

"АвтоЦОН" басқа мекенжайға ауысты – Өскемен

23.10.19, 11:25

«Алтай» «Қызылжармен» тең тарқасты

23.10.19, 11:00

Өскеменде үй саламын деген жеке кәсіпкерлерге жер беріледі

23.10.19, 10:51

Өскеменде 10-нан астам үй күреледі

23.10.19, 10:39

Семейде тағы да жүк көлігі көпір астына кептеліп қалды

23.10.19, 10:12

Семейдегі ерекше мектеп шағын автобусқа ие болды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: