Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 28 мамырына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Мектепке қабылдау: 1-сынып құжаттары қашан қабылданады?

0

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін өзінің Faсebook-тегі парақшасында еліміздегі мемлекеттік қызметтің басым бөлігі білім беру саласында көрсетілетінін айтып, мұндағы түрлі анықтама жинау, құжат тапсыру жұмыстарының ыңғайсыз процесс екенін жазған.

-Әсіресе, балабақшаларға, мектептерге, колледждерге және жоғары оқу орындарына қабылдау қызметі – үлкен сұранысқа ие. Білім беру ұйымдарына құжат тапсыру үшін біраз уақыт жұмсау қажет болатын. Ол үшін көптеген анықтама жинап, басқа мемлекеттік органдардан құжаттарды алып, оларды апарып беру сынды бірқатар кезеңнен өту қажет еді. Мұндай процесс өте ыңғайсыз екені түсінікті. Біз бұл жағдайды өзгертіп жатырмыз. Мәселен, балабақшаларға, мектептерге, колледждер мен жоғары оқу орындарына қабылдау процесін автоматтандыру, қағазбастылық деңгейін күрт төмендету, жалпы қабылдау талаптарын жеңілдету жұмыстарын қолға алдық, - деді министр.

Оның мәлімдеуінше, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша да өзгерістер бар.

-Биыл біз балаларды балабақшаларға қабылдау ережелеріне өзгерістер енгіздік. Енді ата-аналар кезекке қою қызметін тек білім беру бөлімінің кеңсесі арқылы ғана емес, сондай-ақ өз бетімен "Азаматтарға арналған үкімет" бөлімдері немесе "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асыра алады. Бұл ретте көптеген құжатты жан-жақтан жинау қажет болмайды, - деді ол.


Министрдің айтуынша, алғаш рет балабақшаларға кезекте тіркелгендер арасында басымдық ең алдымен педагогтердің балаларына және мүгедек баласы бар отбасылардың бүлдіршіндеріне беріледі.

-Егіз балалары, үшемдері бар отбасылар балаларын бір балабақшаға беру бойынша қиындықтарға тап болатын. Енді мұндай ата-аналардың бір баласына белгілі бір балабақшадан орын тиген жағдайда, барлық баласы да (егер тағы орын болcа) сол балабақшаға жолдама алады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орындарды бөлу процесі жүйеге келтірілді. Егер бұған дейін арнайы санаттағы балалар қабылданғаннан кейін, үш күн өткен соң, кезекте тұрғандардың барлығына бірдей жаңа орындарды алу мүмкіндігі ашылса (мұндайда кезектің мәні жойылатын), енді орындар кезекте тұрған келесі бірінші 1 000 (бір мың) өтініш берушіге ашылатын болады, - деді Асқар Аймағамбетов.
Министр мектепке қабылдау жұмыстары бойынша бірқатар өзгеріс барын жазды.

Келер жылдан бастап бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау маусымнан бастап емес, одан ертерек – бірінші сәуір мен бірінші тамыз аралығына дейін жалғасады. Мұндай өзгерістер не үшін қажет? Біріншіден, бұл – ата-аналар үшін ыңғайлы. Олар мектепті алдын ала анықтап, оқуға түсу үшін қажетті құжаттарын мектеп ұжымы немесе өздері еңбек демалысында болған уақытта емес, одан ертерек тапсыра алады. Сонымен қатар, жаз бойы ата-аналар қажетті оқу құралдарын жинақтап, тиісті жұмыстарды жүргізіп, балаларын мектепке дайындауы керек. Ата-аналар құжаттарды жинауға, мектепті анықтауға үлгермейтіндерін айтып шағымданатын, сондықтан құжаттарды өткізу процесі көбінесе 31 тамызға дейін, кей жерде тіпті қыркүйектің ортасына дейін созылатын, - деді ол.

Мектеп әкімшілігінің көзқарасы бойынша, бұл өзгерістер процестерді оңайлатады және мектеп қызметін жоспарлауды әлдеқайда ыңғайлы етеді. 

Яғни, мектеп басшылығы сыныптарды алдын ала толтыра алады. Оқулықтардың қажетті санымен алдын ала қамтамасыз етіледі. Оларды уақытында жеткізеді. Сағаттарды бөледі. Сыныптардың санына байланысты педагогтерді қабылдай алады. Жалпы, оқу жылының басталуына тиімді дайындалуға мүмкіндік туады. Енді ата-аналар балаларының мектепке баруын алдын ала жоспарлап, нақты білім беру ұйымын анықтауы қажет және керек құжаттарды уақытында тапсыруды, жіберуді үйренуі маңызды, - деді министр.

Асхат Аймағамбетов енді осы үдерістердің барлығы толығымен автоматтандырылатынын және "Электрондық үкімет" арқылы қолжетімді болатынын еске салды. 

-Жай ғана үйде отырып, уақыт пен басқа да ресурстарды шығындамай-ақ, портал арқылы 1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш беруге болады. Оқушыларды бір мектептен екіншісіне ауыстыру да жаңа форматта жүргізіледі. Ол процесс те автоматтандырылады. Яғни, ата-аналарға бір мектептен екінші мектепке барудың қажеті болмайды және қағаз түрінде құжаттарды тапсырудың, ескі мектептен кету түбіртегін, одан кейін келу түбіртегін ресімдеудің қажеті жоқ. Мұндай ескірген, уақыт және қаржы шығынын талап ететін рәсімдеу процесімен көбісі "кезікті" деп ойлаймын. Бұл өзгерістер ата-аналар мен мектеп үшін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Біз бұл жұмысты жақын арада аяқтаймыз, - деді ол.
Министрдің айтуы бойынша биылдан бастап колледждер мен жоғары оқу орындарына қабылдау автоматтандырылған режимде қолжетімді.

-Өткен жылы мен ата-аналарға аталған жұмыс 2020 жылы аяқталады деп уәде бергенмін. Енді балаларға құжаттарды қағаз түрінде тапсырудың қажеті жоқ, әрбір болашақ студент өзі үшін таңдаған колледждің және ЖОО-ның сайттары немесе "Электрондық үкімет" порталы арқылы құжаттарын тапсыра алады. Құжат тігетін папкаларды, конверттерді сатып алу, қағаз анықтамаларды тапсыру, таң атпастан жоғары оқу орындары мен колледждердің қабылдау комиссияларында кезекте тұру немесе басқа елді мекенге барудың қажеті жоқ. Мұның бәрі енді оңай және ыңғайлы болады, сайтқа кіріп, бір тетікті басу арқылы барлық құжатты жіберуге болады. Жалпы мемлекеттік қызметтер бойынша біз бизнес-процестерді, рәсімдерді барынша автоматтандырып жатырмыз. Бұл процестер халыққа барынша ыңғайлы болуы қажет, - деп түйіндеді ол.

Дереккөз: baq.kz

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

27.05.20, 16:22

Коронавирустан тағы екі адам көз жұмды

27.05.20, 16:18

Шығыста «Adaldyq alańy» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр

27.05.20, 16:03

Ұлан ауданында жағалаулар тазартылып жатыр

27.05.20, 15:15

Тоқаев COVID-19 туралы: "Екінші толқынға дайын болуымыз керек"

27.05.20, 14:49

Жоғары оқу орны оқытушыларының жалақысы өседі

27.05.20, 12:24

Өскеменде 20 аулада балаларға арналған алаңдар орнатылады

27.05.20, 11:25

1 минут үнсіздік. ШҚО-ның 50 блокпостында қаза болған полицейлерді еске алып, аза тұтты

27.05.20, 10:35

Өмеш асуында бұланды қағып кетті – ШҚО

27.05.20, 10:15

Өскеменде көпқабатты үй карантинге жабылды

27.05.20, 09:58

ШҚО-да коронавирус жұқтырғандардың бірі – Өскемен тұрғыны

27.05.20, 09:25

ШҚО-да 7 адамнан коронавирус анықталды

26.05.20, 17:43

«Одессаның» Күршімнен қайтпайтын түрі бар

26.05.20, 17:11

ШҚО-да бұршақ жауады

26.05.20, 17:01

Алимент төлемей жүргендерге жұма намазы кезінде уағыз айтыңыздар

26.05.20, 16:37

Қоқыс шығару жұмысы қалай бақыланады? – Өскемен

26.05.20, 15:05

Өскеменде жоғары білікті дәрігерлер тегін кеңес береді. Қашан?

26.05.20, 14:36

Өскеменде балалар күніне орай концерт өтетіні рас па?

26.05.20, 14:14

Оқушылар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады – министрлік

26.05.20, 12:16

Асхат Аймағамбетов мектептерге әдеби кітаптарды көптеп сатып алуды тапсырды

26.05.20, 12:01

ШҚО-да екі адам кене энцефалитін жұқтырды

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

28.03.20, 09:45

Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

28.01.20, 12:27

Қазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілді

25.04.20, 10:23

Биік белестерді бағындарған әскери бөлім

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

27.05.20, 16:22

Коронавирустан тағы екі адам көз жұмды

27.05.20, 16:18

Шығыста «Adaldyq alańy» жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр

27.05.20, 16:03

Ұлан ауданында жағалаулар тазартылып жатыр

27.05.20, 15:15

Тоқаев COVID-19 туралы: "Екінші толқынға дайын болуымыз керек"

27.05.20, 14:49

Жоғары оқу орны оқытушыларының жалақысы өседі

27.05.20, 12:24

Өскеменде 20 аулада балаларға арналған алаңдар орнатылады

27.05.20, 11:25

1 минут үнсіздік. ШҚО-ның 50 блокпостында қаза болған полицейлерді еске алып, аза тұтты

27.05.20, 10:35

Өмеш асуында бұланды қағып кетті – ШҚО

27.05.20, 10:15

Өскеменде көпқабатты үй карантинге жабылды

27.05.20, 09:58

ШҚО-да коронавирус жұқтырғандардың бірі – Өскемен тұрғыны

27.05.20, 09:25

ШҚО-да 7 адамнан коронавирус анықталды

26.05.20, 17:43

«Одессаның» Күршімнен қайтпайтын түрі бар

26.05.20, 17:11

ШҚО-да бұршақ жауады

26.05.20, 17:01

Алимент төлемей жүргендерге жұма намазы кезінде уағыз айтыңыздар

26.05.20, 16:37

Қоқыс шығару жұмысы қалай бақыланады? – Өскемен

26.05.20, 15:05

Өскеменде жоғары білікті дәрігерлер тегін кеңес береді. Қашан?

26.05.20, 14:36

Өскеменде балалар күніне орай концерт өтетіні рас па?

26.05.20, 14:14

Оқушылар үшін жазғы мектеп ұйымдастырылады – министрлік

26.05.20, 12:16

Асхат Аймағамбетов мектептерге әдеби кітаптарды көптеп сатып алуды тапсырды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: