Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 29 қыркүйегіне валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Құрғақшылық: Ауылдағы жұрт малдарын сата бастады - ШҚО

0

Шөп науқаны басталғаны кеше, алайда қарапайым шаруа адамының қалтасына удай қымбат баға әлден-ақ біраз салмақ түсіріп үлгерді. Орта шаруалардың ішінде аздаған малын сатуды ойлап отырғандар баршылық.

Тарбағатай ауданындағы 50 үйлі шағын елді мекен – Шолақорда маңайға табиғи шабындығымен белгілі. Тұрғындарының айтуынша, көршілес Жамбыл, Қарасу, Ақмектеп, тіпті 100 шақырымдай шалғайдағы Жаңаауыл, Шілікті ауылдары шөпті ежелден осыннан сатып алады. Бұл қатарға аудандағы ең ірі екі ауылдың бірі – Ақжардың халқы да кіреді. Дегенмен биыл Шолақорданың өзінің жайы мәз болмай тұр.

– Табиғи шабындықтар тым сұйық. Бұл көктемде жаңбыр болмағандықтан деп ойлаймыз. Сол себепті техникасы барлар қырдан ақтық шабуға кірісті. Біздің жақта құнары аз ақтықты осындай қуаңшылық кезде ғана шабады, – дейді тұрғын Болат Рысбеков.

Қазгидрометтің мәліметі бойынша, мамыр айында 6,2 милиметр жауын жауған. Бұл айлық нормадан 87 пайыз төмен. Маусымда да жауын-шашын мөлшері айлық нормадан 66 пайыз аз болған.

«Топыраққа ылғал жетіспеді. Бұл шөптің түсіміне теріс әсер етті», – деп жазылған облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының бізге берген ресми жауабында.

Халықтың қалтасына салмақ түсті

Шолақорданың ғана басына келген кеп емес бұл. Бозша ауылының тұрғыны Мәуітхан Нұрмұханбетов жылда екі мәшине шөп алатын жерінен биыл бір мәшине шөп те шықпайтынын айтады.

– Жеріміз шабуға келмей қалды. Бұрын қуаңшылық жылдары су қоймасынан арықпен су шығарып, шабындықты суарып алатынбыз. Кейінгі кезде қоймада ондай су жиналмайды. Зардабын, міне, тартып отырмыз, – дейді тұрғын.

Қазір Ақжар көлемінде бір тіркеме шөптің бағасы 50 мыңнан сатылып жатыр. Қымбатшылық, жоғарыдағы шағын ғана мал ұстайтын адамдарды былай қойғанда, үлкен шаруа қожалық иелеріне де оңай соқпай тұр.

– Өзіміз 100 жылқы, 100 сиыр ұстаймыз. Жүгіргеннің арқасында 40 тонна жоңышқа мен 10 тонна арпа шауып алдық та, енді шөп шабуға кірістік. Сол шөбіміздің шығымы аз болып тұр. Жауын жоқ, тау жақтан су келмеді. Ары қарай жетпегенін тағы сатып аламын. Қазір шөптің бағасы өсіп кетті. Шабындық басынан (бір тіркемесін) 50 мыңнан сатып жатыр. Енді есептеңіз, сол шөпті тиеп алып қайту үшін төрт кісі жалдап апарасың. Көлік үстіндегі шөпшіге бес мың, жердегілерге үш мыңнан ақы бересің. Көлікке 20-30 литр бензин құясың. Сонда 80-90 мың теңге кетеді, – дейді Марат Сайқанов.

«Өзіңіз биыл шөп сатасыз ба?» деген сұрағымызға Марат мырза «Әй, білмеймін» деп қинала жауап берді.

Көршілес Көкпекті, Жарма аудандарында да жағдай ұқсас. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы пішен түсімі аз аудандар қатарына Абай, Ұлан және Шемонайханы да қосты.

Көкпектідегі «Асқар» шаруа қожалғының басшысы Қайрат Үмбетбаев ақтық жерлер мүлде шықпай қалғанын айтады.

– Шабындықтың көктік жерінде біраз бар, ал ақтық жерлер мүлде шықпай қалды. Бұйырғанын шауып аламыз, – дейді Қайрат Үмбетбаев.

– Шөп шығымы жылдағыдай емес. Енді-енді жауа бастаған жауын күшейіп кетпесе, ауданға қажетті деген 170 мың тонна шөпті жинауға тырысамыз, – деді Көкпекті аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Серікбек Қонысбаев.

– Жармада жауын көктемде болмағанымен, жазда жақсы жауды. Енді көктеп келе жатыр. Былтырғыдан түсім аз. Шама жеткенше, шабатын жерді көбейттік, – дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Серікхан Сәрсенбайұлы.

Су қоймалары неге толық жұмыс істемейді?

Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылдық округіндегі су қоймасының суы төмендегі төрт-бес ауылға беріледі. Тұрғындар «бұрын арықпен шығарып, шабындық суарып алатынбыз» деген қойма осы. Ауыл әкімі Әбілхайыр Қожахметов қазір тоған қауіпті жағдайда тұрғанын айтады. Бұрынғыдай асып-тасқан су жоқ.

– Егіннің шығымы аз болуын екі себеппен қарастырамыз. Бірінші, халықтың жоңышқасы ескірген. Екінші, жаңартқандарының да түсімі аз болып тұр, бұл құрғақшылықтан. Су жылдам жерге сіңіп, құрғап кетіп отырды. Су қоймасы қауіпті жағдайда тұр. Жылдағыдай асып-тасып жатқан жоқ. Бірақ одан егінге қажетті су берілді, – деді ауыл әкімі.

«ҚазСуШар» мекемесінің Ақжар өндірістік пайдалану учаскесінің басшысы Болат Нұрпейісов те су қоймасына күрделі жөндеу қажет екенін айтты.

– Қоймадан сүзгі су шығып жатыр. Біз оны фильтрация дейміз. Яғни, 36 метр тереңдікте қабырға арасынан су кетіп жатыр. Сол себепті су деңгейін көтере алмай отырмыз. Фотосы мен видеосын түсіріп, Үкіметке хат та жаздық. Қаражат әлі бөлінген жоқ, – деген Болат Нұрпейісов 43 миллион текше метрлік қоймаға қазір 15 миллион текше метр су ғана жиналатынын жеткізді.

Осы аудандағы Ақсуат өндірістік учаскесіне қарайтын Қарғыба су тоспасы мен Жаңатоғам магистральді каналы да қазір жөндеу күтіп тұр. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әділ Балғабаевтың айтуынша, тоспаға мемлекеттен 2016 жылы қаражат бөлінген. Алайда содан бері жағдай реттелмеді. Канал бойындағы 4332 гектар егістік алқап төрт жылдан бері пайдалануға жарамай қалып, шаруалардың қолын байлап отыр. «Осындай құрғақшылық кезде тоспа жұмыс істеп тұрса, елге жақсы көмек болар еді» дейді маман.

– 2016 жылы жөндеу жұмысына 400 миллион теңгенің үстінде қаражат бөлінгені рас. Алайда мердігер мекеменің тарапынан қателіктер кетіп, соманың біраз бөлігі сот арқылы қайтарылды. Қазір оны жөндеу жұмысын басқа бір компания ұтып алды. Қаражат қайта есептелді, – дейді ол туралы «ҚазСуШардың» Ақсуат өндірістік учаскесіне басшылық ететін Кенжебек Шыныбаев.

Маманның сөзінше, жұмыс қашан тәмамдалатыны белгісіз. Қазір суды жинамай, ағызып жіберіп отыр олар.

Бағаға мониторинг қашан жасалады?

Шөптің аздығы өңірде мал басының да азаюына әкеліп соғуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары мұның алдын алу және жемшөпті үнемдеу үшін жайлаудан түскен бұқашықтарды ет өңдеу кәсіпорындарына тапсыру керек екенін айтады.

Ал орта шаруалар төлді ғана емес, жалпы мал басын азайтуды ойлап отырғанын, алайда мал сатып алушы жоқтығын алға тартады. Кейбірі түгелдей сатып та жібермек.

– Биыл екі бие, бір ат, алты сиыр, 15 қойымды сатып жіберіп, ақшасын сақтап қойсам ба деп те ойлаймын. Қыстан шыққан соң, көктемде орнына қайта сатып алуға болады ғой. Келесі жылы құрғақшылық бола қоймайтын шығар деп үміттенемін. Осы әдіс тиімдірек. Көреміз енді, нақты ештеңе айта алмай отырмын. Тіпті шөп жоқ болса, менде басқа амал да жоқ. Өмірі естімеген 70-80 мың теңге деген аспандаған бағалар айтылып жатыр қазір, – деген Бозша ауылының тұрғын Дастан Сахариев бізден мал сатып алатын таныстарыңыз жоқ па деп сұрады.

Жұрт «Олай тартсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынадының» кері келді» деп алаңдайды. Олардың айтуынша, ағылып келіп жататын мал алатын «Камаздардың» қарасы биыл аз. Ал «аттай қалап» шақыртқан сатып алушылар төмен баға ұсынады.
Оның себебін тиісті мекеме өкілдері карантин шектеулерімен байланыстырады.
– Барлық жердегі карантин шектеуіне байланысты мал ешқайда өтпей тұр. Құрбан айтта да қалаға ет кіргізбей, барғандарды кері қайтарды. Халық өз ішінде ет сатып жатыр. Арнайы алушылар жоқ, – деді Көкпекті аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Серікбек Қонысбаев.

Тарбағатай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары Ақсуат өңірінде шөптің бағасы 35 мың теңгеден, ал Ақжар өңірінде 45 мың теңгеден жоғары болатынын, енді одан төмендемейтінін айтты.

– Ақжар өңірі ежелден қымбат. Нарық заңдылығы сол, – деді бөлім басшысы Бейбіт Сербатыров.

Облыстық ауыл шарушылығы басқармасының ресми жауабында бағаны сатушы мен тұтынушы өздері реттейтіні, алайда баға тым жоғары болмауын мемлекеттік органдар бақылап отыруы керектігі айтылған.

«Бородулиха, Глубокое, Алтай аудандарында шөп жинау өткен жылғы көрсеткіштен төмен болмайды. Бұл пішен жетіспеушілігі байқалатын көршілес аудандарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ өңдеуші кәсіпорындар қойылтылған жем сатады. Бұл да шөп үнемдеуге сеп», – деп қосты облыстық басқарма басшысы Владимир Гайламазян.

Алайда, оның сөзінше, жем бағасы егін жинау науқаны аяқталған соң, сұранысқа сәйкес қалыптасады.

Халық та, міне, осы бақылаудың уақыт созбай жүруін және көрші аудандардан қолжетімді бағада пішен жеткізілуін күтіп отыр. Әйтпесе, аспандаған баға жерге түспейтін сияқты. Малын өткізе алған жұрт сатып, өткізе алмағаны қымбатшылыққа батып жүре бермек. «Жаман айтпай жақсы жоқ» демекші, төрт түлікке, шынымен де, қауіп төнгендей. Тым құрығанда малдың төлін өткізе алмаған ағайынның қалтасында шөп сатып алатын қаражат жоқ.

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 18:00

Еуро бағамы 500 теңгеден асты

Бүгін, 17:37

Жаңа Ахмердегі қазандық жөнделді

Бүгін, 16:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

Бүгін, 14:17

«Аға сеньор»? Ол қандай жоба?

Бүгін, 13:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

Бүгін, 12:33

Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр

Бүгін, 12:16

Марқакөлдегі мәдениет үйін енді көрсеңіз танымай қалар едіңіз (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бүгін, 11:45

Үржарда Шәкәрім Құдайбердіұлы бейнеленген мурал салынды

Бүгін, 10:20

Өскемендегі «Алтай» стадионының қақпасы жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылды

Бүгін, 10:10

Шемонаиха полицейлері қоян ұрлаған адамды "ізін суытпай" ұстады

Бүгін, 10:06

ШҚО-дағы барлық маңызды нысандар қысқа толық дайын

Бүгін, 09:45

Глубокоеның шеткері ауылдары ауыз сумен қамтылады

Бүгін, 09:40

ШҚО-да өткен тәулікте 21 адам коронавирус жұқтырды

Бүгін, 09:30

Мұғалімдікті оқып жатқан студенттердің стипендиясы едәуір өсті

28.09.20, 17:21

ШҚО-ның миллионнан астам тұрғынына көмір жеткізілді

28.09.20, 16:39

Екі пәтерлі 19 үй салынады - Жарма ауданы

28.09.20, 16:25

«Алтай» «Қыранға» қарсылық көрсете алмады

28.09.20, 16:22

Бесқарағайда автобекет ашылады

28.09.20, 15:15

Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр

28.09.20, 14:45

Учаскелік инспекторларға қатысты жаңа алгоритм қабылданды

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

16.06.20, 20:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

20.05.20, 12:04

АҚШ-тағы қазақ баласы. Ағайынды Теодор мен Рүстем бір-бірін тапты

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

28.05.20, 10:11

Коронавирус: Өскеменде 3 үй қоршауға алынды

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

28.03.20, 09:45

Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

28.01.20, 12:27

Қазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілді

25.04.20, 10:23

Биік белестерді бағындарған әскери бөлім

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бүгін, 18:00

Еуро бағамы 500 теңгеден асты

Бүгін, 17:37

Жаңа Ахмердегі қазандық жөнделді

Бүгін, 16:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

Бүгін, 14:17

«Аға сеньор»? Ол қандай жоба?

Бүгін, 13:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

Бүгін, 12:33

Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр

Бүгін, 12:16

Марқакөлдегі мәдениет үйін енді көрсеңіз танымай қалар едіңіз (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Бүгін, 11:45

Үржарда Шәкәрім Құдайбердіұлы бейнеленген мурал салынды

Бүгін, 10:20

Өскемендегі «Алтай» стадионының қақпасы жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылды

Бүгін, 10:10

Шемонаиха полицейлері қоян ұрлаған адамды "ізін суытпай" ұстады

Бүгін, 10:06

ШҚО-дағы барлық маңызды нысандар қысқа толық дайын

Бүгін, 09:45

Глубокоеның шеткері ауылдары ауыз сумен қамтылады

Бүгін, 09:40

ШҚО-да өткен тәулікте 21 адам коронавирус жұқтырды

Бүгін, 09:30

Мұғалімдікті оқып жатқан студенттердің стипендиясы едәуір өсті

28.09.20, 17:21

ШҚО-ның миллионнан астам тұрғынына көмір жеткізілді

28.09.20, 16:39

Екі пәтерлі 19 үй салынады - Жарма ауданы

28.09.20, 16:25

«Алтай» «Қыранға» қарсылық көрсете алмады

28.09.20, 16:22

Бесқарағайда автобекет ашылады

28.09.20, 15:15

Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: