KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Жаңа тіркелген емханаларға келесі жылдан бастап қаралуға болады - ШҚО

30.09.2022, 15:04 465

ШҚО-да жаңа емханаларға тіркелу науқаны басталды. Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйектен бастап барлық азаматтар өз қалауы бойынша оларға қызмет көрсетілетін медициналық мекемені ауыстыра алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айта кету керек, медициналық мекемеге Egov порталы арқылы немесе медициналық мекемеге жеке хабарласып тіркелуге болады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болу міндетті.

-        Емхананы еркін таңдау кезінде пациенттер жаңа тіркелген жерінде тек 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қарала алады. Ал, 31 желтоқсанға дейін оларға бұрын тіркелген медициналық мекеме қызмет көрсетілетін болады, - дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Қапанова.

Тұрғындар емхананы 15 қарашаға дейін ауыстыра алады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив