KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2,5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

«Қыран елім - Қазақстаным» атты кітап экспозициясы ашылды – ШҚО

26.10.2022, 09:45 566

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен биылғы жылдан бастап Республика Күні қайтадан ұлттық мереке ретінде аталып өтеді. Осыған  орай А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!» атты кітап экспозициясының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Көрменің «ҚАЗАҚСТАН: ӨЗГЕРІСТЕР АҒЫНЫ» атты алғашқы бөлімінде ұсынылған басылымдар Қазақстанның жаңа саяси тарихының негізгі, маңызды оқиғалары жайында баяндайды. Мұнда белгілі мемлекеттік қайраткерлер, тарихшылар, саясаттанушылардың еңбектері шоғырланған. Оның ішінде Қ.-Ж. Тоқаевтың «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу», «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации», «Дипломатия Республики Казахстан»; Республикамыздың ішкі және сыртқы саясатының ғаламдық экономикалық дағдарыс жағдайындағы өзекті мәселелеріне талдау жасалған «Жер тағдыры – ел тағдыры. Қазақ Республикасының тұңғыш жер заңы» (құрастырған С. Аққұлы) жинағын, 30 жылғы идеялық-саяси мұраға талдау-шолу жасайтын А.Е.Чеботаревтың «Егемен Қазақстанның саяси ойы: бастаулары, эволюциясы, қазіргі заман» атты монографиясын, Р.Ә. Нұртазинаның «Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты» еңбектерін атауға болады. Сондай-ақ, еліміздің ішкі-сыртқы саясатынан мол мағлұмат беретін И.Адырбековтың «Елшінің жазбасынан», Б.Қ.Сұлтановтың «Казахстан и современный мир», «Төртінші индустриялық революция», «Председательство Республики Казахстан в ОБСЕ: доверие, традиции, транспарентность, толерантность», «Внешняя политика Казахстана в меняющемся мире» еңбектері ұсынылған.
Экономикалық серпілістер және әлеуметтік саясаттағы жетістіктер көрменің «ЖАҢА ЭКОНОМИКА: ТҰРАҚТЫ ДАМУ» бөлімінде ұсынылған басылымдар бетінен көрініс табады.

Бірегей географиялық орналасуы мен пайдалы қазбалар қорының молдығымен еліміз экономика мен туризмді дамыту жолында айтарлықтай әлеуетке ие. Бұл туралы Қазақстан мен Германия сарапшыларының «Трансформация экономики Казахстана» мақалалар жинағында, А. Әшімбаеваның «Национальная экономика Казахстана в условиях глобализации» екі томдығы мен Қ.Сағадиевтің «Жаңару көшінде» 10 томдық еңбектер жинағында баяндалады,
- «ҰЛТ РУХЫ: БАБА ӨСИЕТІ МЕН ЖАРҚЫН ИДЕЯЛАР» бөлімі Ұлы Дала мәдениетін мазмұны мен мәні жағынан ең бай мәдениеттердің бірі ретінде ұсынады. С. Оспанұлының «Ұлт ұстазы», Г.Бельгердің «Казахское слово», Х.Әбжанов, Ғ. Кенжебаевтардың «Тәуелсіз Қазақстан: жоғары білім, ғылым, саясат», Ш. Тохтабаевтың «Шедевры Великой степи», З. Наурызбаеваның «Вечное небо казахов», Ф.Оразбекова мен А.Шаухановтың «Творчество Мухтара Ауэзова в искусстве» т.б. еңбектерін парақтап, мазмұнды да қызықты мағлұматтар алуға болады. Сондай-ақ, көрмеде соңғы жылдары жарық көрген қазақстандық авторлардың көркем әдеби шығармалары мен Қазақстанның жаңа тарихының инфографикасы ұсынылған. Қазақстанның жетістігі – бүкіл халықтың жетістігі, сол себепті әрбір қазақстандықтың бастамасы, білімі, күнделікті еңбегі – ортақ жарқын болашағымыздың кепілі, - дейді кітапхана қызметкері Жансая Сағидоллақызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив