Өскемен
-5°
небольшой снег ветер 0,7 м/с, Ю
458.69 501.3 6.52

ШҚО әкімі: Биыл жолдардың 91% - ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болады

2.10.2022, 17:02 70 0 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстандағы сапалы жолдардың үлесі 100% - ға жетеді. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оның айтуынша, өңірде жолдар мен көшелерді жаңғыртуға 19 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда.

  • «Осылайша, жыл қорытындысы бойынша ШҚО-дағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 91% - ға жетеді», - деді Даниал Ахметов.

Сонымен қатар, биыл Өскемен әуежайын қайта құру жұмыстары аяқталып, онда 100 тонналық жүктерді уақытша сақтау қоймасы мен тәулігіне 30 тонналық жүк терминалы салынды.

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы да жалғасуда. Осы жылы жобаға 10 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив