KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қазақстан мен Малайзия арасында тікелей әуе рейсі ашылады

6.10.2022, 17:19 158 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстан мен Малайзия арасында тікелей әуе рейсі ашылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық билік өкілдерімен келіссөздер жүргізді.  Кездесуге Малайзияның көлік министрлігі өкілдері, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі лоукостер "Air Asia" және "Malaysia Airlines" басшылары қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Малайзия арасындағы тікелей әуе қатынасын жаңарту мәселелерін талқылады. Қазақстандық тарап  "ашық аспан" режимін пайдалануды ұсынып отыр.

Куала-Лумпурдан Қазақстанға рейстерді 2023 жылы іске қосу жоспарланған. Олар одан әрі қарай басқа елдерге ұшады.

Тікелей рейсті іске қосудың техникалық мәселелеріне қатысты жұмыстар бойынша "Air Asia" әуе компаниясының атқарушы директоры Қазақстанға арнайы сапармен келмекші.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив