KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, В
449.3 489.69 4.89

Риддерде жылу станциясы қазандықтарының жұмысы уақытша тоқтады

25.10.2022, 12:49 10 841

Риддердегі жылу станциясы қазандықтарының жұмысы уақытша тоқтады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО әкімі Даниао Ахметовтің айтуынша, Риддер ЖЭО басшылығы мазуттың сапасын бақыламай, ол сумен араласып, нәтижесінде қазандықтардың жұмысы уақытша тоқтатылған екен.

Облыс әкімінің басшылығымен шұғыл түрде жедел штаб құрылды.

1. Қазір "Қазмырыш" ЖШС-нің Риддер қаласындағы қоймаларынан жылу станциясының жұмысын қалпына келтіру үшін ЖЭО-ға бірден 60 тонна мазут жіберілді.

2. Өскемен ЖЭО қосымша арнайы машиналармен қалаға 70 тонна мазут жібереді. 4 сағаттан кейін отын жылу көзінде болады.

3. 25 қазан түнгі сағат бірде қалаға тағы қосымша 6 цистерна мазут келеді.


- Бұл отын көлемі жылу станциясының 100 күндік үздіксіз жұмысына жеткілікті. Облыс прокуратурасы Риддер ЖЭО басшылығының немқұрайлылық фактісі бойынша жедел тергеу бастады. Сондай-ақ, менің орынбасарым Е. Нұрбаев Риддер қалада. Қала тұрғындарынан уайымдамауды және тыныштықты сақтауды сұраймын, жағдай менің жеке бақылауымда. Жақын арада ЖЭО қазандықтарын іске қосу алгоритмі әзірленіп, қала тұрғындарына ұсынылады,- деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив