KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

ШҚО-да TEDх форматында интеллектуалды стендап өтті

22.10.2022, 15:07 8 587

21 қазан күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Республика күніне орай «Мен Қазақстан азаматымын және оны мақтан тұтамын!» атты TEDх форматында интеллектуалды стендап өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Стендапқа ШҚО ішкі саясаты «Жастар ресурстық орталығы» КММ басқарамасының басшысы Жүнісов Данияр, «Oskemen debat» қауымдастығының негізін қалаушылардың бірі, ҚР 2020 жылғы, ТМД-ның 2022 жылғы үздік студенті, ҚР Жастар саясатына қосқан үлесі үшін «Алтын төсбелгі» иегері, Өскемен қаласы әкімдігінің жастар ресурстық орталығының «Оқу орындар және жастар ұйымдарымен жұмыс» секторының маманы, «ӨС» Жастарды қолдау және дамыту» орталығының жетекшісі Еміл Әли Талғатұлы, «Шабыт» студенттік театрының директоры Бейсенғазықызы Айым, «Жалын» лидерлік дебат клубының негізін қалаушы Сәрсенбаев Жігер, «Мұғалім» жобасының стипендия иегері «Ділмәр» дебат клубының аға буыны, «Жастар рухы» ұйымының экс төрағасы, VI-сьезд делегаты, Аманжолов университетінің - Парламент мүшесі Әзімхан Әкімжан, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің қабырғасындағы өзінің TEDх форматындағы жоба бастамашысы Айдана Нұрланқызы, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің белсенді студенті, SKY CINEMA жобасының негізін қалаушы, жас кәсіпкер Тоқтарғалиев Айбек, Қайнар қоғамдық қорының жетекшісі Нұралдинов Жандос Дидарұлы қатысқан.

TEDх форматында интеллектуалды стендапта спикерлер өз жетістіктері мен еңбектері жайлы сөз қозғап, жетістікке жетудің түрлі жолдарымен бөлісті.

-        Әр спикер өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай ұтымды ойларын ортаға салды. Аталмыш стендапта аудиториямен тығыз жұмыс жасалынып, жастар бойына жігер құйылды деп білеміз. Қаламыздың белсенді жастарының қатысуымен өткен стендапта жас буын өкілдері де белсенділік таныта білді. Республика күніне арнау өлеңдерімен, сазды әндерімен кешімізді жандандырды, - дейді А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың қызметкері Жансая Сағидоллақызы.

Аталмыш стендап соңында барлық спикерлер мен белсенді қонақтарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив