KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 6 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Сайлау-2022: Кандидаттарды тіркеу аяқталды

22.10.2022, 10:24 443

Қазақстан Президенттігіне кандидаттарды тіркеу аяқталды, олар енді өздерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) отырысында алты кандидат тіркелгендігі жарияланды. Олар:

Қасым-Жомарт Тоқаев – қазіргі Мемлекет басшысы;

Нұрлан Әуесбаев – оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) өкілі;

Мейрам Қажыкен – «Аманат» республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан;

Жигули Дайрабаев – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кандидаты;

Қарақат Әбден – "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" Республикалық қоғамдық бірлестігі атынан;

Салтанат Тұрсынбекова – «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан.

Үгіт жұмыстары 18 қазаннан басталып 19 қараша күні сағат 00.00-ге дейін жалғасады. 19 қараша – тыныштық күні. Ал 20 қарашада кезектен тыс сайлау өтеді.

ОСК президенттікке тағы бір кандидатты тіркеуден ресми түрде бас тартты. Өйткені «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған Жұматай Әлиев кандидатты қолдау үшін сайлаушылардың қолдарын жинау шарттарын орындай алмады.

Сондай-ақ, Бақыт Жаңабаев пен Нұржан Әлтаев сайлауға қатысуға жіберілмеді.

Естеріңізге сала кетейік, комиссия бұған дейін президенттікке үш үміткердің заң талаптарына сәйкес келмейтінін айтқан болатын. Олар –Хайрулла Ғабжалилов, Талғат Ерғалиев және Фатима Бижукова.

Президент сайлауына қатысу үшін барлығы 12 адам құжат тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив