Өскемен
пасмурно ветер 1 м/с, В
457.29 490.35 5.97

Балалар жылына арналған қайырымдылық концерті өтеді – ШҚО

14.06.2022, 13:55 48 0 Мадина Амангелдіқызы
ШҚО-да «2022 жыл - Балалар жылына» арналған «Үміт» балалар үйінің «қайырымдылық концерт» шарасы өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кетсек, елімізде 2022 жыл «Балалар Жылы» деп жарияланды. Республика Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев балаларға ерекше назар аудару керектігін, өйткені олардың әл-ауқаты Қазақстанның табысты болашағының сенімді кепілі екенін атап өткен еді. 
Мемлекет басшысының бастамасы аясында, «AMANAT» партиясының Өскемен қалалық филиалы мен Шығыс Қазақстан облыстық волонтерлер фронт-офисімен бірлесіп, «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілерінің  қайырымдылық концертін ұйымдастырып отыр. 
Қайырымдылық концертте жиналған барлық қаражат игі іске  – сырқат балалардың денсаулығын қалпына келтіруге, колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуға қолдау көрсетуге, өңір мен республика бойынша мәдени-танымдық сапарларды ұйымдастыруға және тағы басқаларға жұмсалады.
Өтетін уақыты: 14 маусым, сағат: 19.00
Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облыстық драма театры, Сәтпаев д., 55

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив