Глубокое ауданынан Өскеменге жәрмеңке келеді

21 мамыр күні, яғни ертең Глубокое ауданынан Өскемен қаласына жәрмеңке келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Fresh Market сауда орталығының аумағында таңертең 8.00-ден бастап Глубокое ауданының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке болады.
Сиыр етін, жылқы етін, шошқа етін, күнбағыс майын, шұжық өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді нарықтық бағадан төмен бағамен сатып ала аласыздар.
61
0
0
Сонымен қатар оқыңыз