Өскемен
-18°
небольшая облачность ветер 1 м/с, С
472.14 498.39 7.65

Өскеменде қала күні қарсаңында жәрмеңке өтеді

24.08.2022, 17:00 15 0 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында келесі сейсенбіде қала күні мен ҚР Конституциясы күні атап өтіледі. Айтулы мерекеде мерекелік іс-шаралармен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәстүрлі жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала әкімдігі тартақан мәліметке сүйенсек, Fresh Market сауда - логистикалық орталығының аумағында апта сайын өткізілетін жәрмеңке келесі аптада 27-сінен 30-шы тамызға ауыстырылды. Себебі мереке күндеріне байланысты сенбі жұмыс күні болып белгіленген.

-        Жәрмеңке 30 тамыз күні сағат 9.00-де Назарбаев даңғылы, 68 мекенжайындағы Металлургтер мәдениет сарайының алдында өтеді. Қала тұрғындары қарбыз, қауын, бал, кондитерлік өнімдер, отандық өндірушілердің сүт өнімдері таба алады, - делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында. 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив