Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 24 қазанына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

АҚШ-тағы қазақ баласы. Ағайынды Теодор мен Рүстем бір-бірін тапты

0

 "Менің қазақша атым - Марат Тоқтарұлы Оразғалиев", деп түп-тамырын іздеген Теодормен бүгін мессенджер арқылы  тілдестік, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Theodore Walton 2001 жылы Өскемен қаласында дүниеге келіпті. 2002 жылы тағдырдың ісімен мұхит асып кеткен бала бүгінде жиырмадағы жігіт болған.

-АҚШ-тағы асырап алған ата-анам өте жақсы адамдар, олар менің туыстарымды 2008 жылдан бастап іздеп, менің қазақ екенімді үнемі есіме салып отырды. Қазақстан деген мемлекеттің, Өскемен деген қаласында туыстарым бар екенін ұмыттырмады,- дейді Теодор.

Айтуынша, бір ай бұрын ғана Өскеменде тұратын Рүстем деген ағасы бар екенін және апайы бар екенін біліпті.

-Екеуімен де кеше байланысқа шықтым, орыс тілі  арқылы интернет аудармамен сөйлестік. Қазір үздіксіз байланыстамыз. Суреттерін көрдім. Биыл туған жерімді, туған қаламды, туыстарымды көрсем деген арманым бар. Қазір жатсам да тұрсам да ойлайтыным - Өскемен қаласы. Ертіс деген өзенді көргім келеді. Қазақ жері қандай, халқы қандай екен, руымды білгім келеді, дейді ол.

Теодор АҚШ-тың Флорида штатындағы Пенсакола қаласында тұрады екен, колледжде оқиды.

Мессенджер арқылы Теодорға  Өскемен мен Ертістің суреттерін жібердім. «Туған жерім неткен керемет!» деп тамсанған ол, әлемдік пандемияның беті бері қарай салысымен қазақ жерін көруге келетінін айтты. Өзі де күн санап асығып отырған сияқты. Туған жердің топырағы, қан дегенің қиын екен ғой. Теодор бауырымыз тіпті  бүгіннен жолға әзірленіп, артынып-тартынып  дайын отыр.

 Енді Теодордың  туған ағасы Рүстем туралы айтайық

Рүстем  Оразғалиев - 1998 жылы туған  екен. Қазыр Күршімде тұрады. Бұйырса  алдағы күндері бастауыш сынып мұғалімі  мамандығының дипломын қолына алайын деп жатыр.

-Біз Өскемендегі балалар үйінде болыппыз. Мені 5 сынып оқып жүргенде асырап алған. Мектепті Күршім ауылынан №4 мектептен бітірдім. «АҚШ-тағы қазақ баласы туыстарын іздеп жатыр» деген жаңалықтар тарап жатыр ғой, сол суреттегі негізі менмін. Туған бауырым бар екенін, оны Америкаға алып кеткенін алғаш рет 7-8 сынып оқып  жүргенде білдім. Бірақ мұхит асып кеткен бауырды табу маған енді мүмкін емес, бос қиял сияқты болып көрінетін.  Кеше ШҚО білім басқармасынан хабарласып:  «сіздің туған бауырыңыз табылды» деген кезде ішімде алай-дүлей сезім болды.   Аударма арқылы сөйлестік. Ол  менің ағылшынша білмегеніме таң қалды. Гугл аударма арқылы  орысша сөйлестік. Келген соң оған қазақша үйрету керек, -деп күлді Рүстем.

Рүстемнің  асырап алған ата-анасы да қуанып жатыр екен. Ал, Теодордың тағы бір әпкем бар деп отырғаны Рүстемның немере апайы екен. Олардың  барлығы америкадағы ұлды асыға күтіп отыр. 

Тағдыр екіге бөлген ағайындылардың кездесер күні енді алыс емес шығар. 

«Тезірек келсе екен, бауырымды қатты көргім келіп тұр, мен оны сағындым. Руын білгісі келеді екен. Келгенде айтамын ғой: наймансың оның ішінде қойсарысың»,-деп әңгімесін аяқтады Рүстем.

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

23.10.20, 18:15

ШҚО-да көп қабатты тұрғын үй қорының жылу маусымына дайындығы 100% құрайды

23.10.20, 17:44

ШҚО-да мобильді топ мүшелері ауыл жастарымен кездесу өткізді

23.10.20, 17:15

Абай ауданында көп балалы отбасыларға баспана берілді

23.10.20, 17:04

Covid-19 симптомдары

23.10.20, 16:45

Жарма ауданында су желісі үйдің іргесіне дейін жеткізілді

23.10.20, 16:12

Өскемен гарнизонында әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша турнир өтті

23.10.20, 15:41

Өскемендегі өнер музейіне – 30 жыл. Мерейтой қалай өтті?

23.10.20, 14:39

«Қайтпас қайсар кеншілер». Жезкентте шахтёрлердің монументі пайда болды

23.10.20, 13:03

Шығыс Қазақстан қысқы апатпен күресуге дайын ба?

23.10.20, 12:00

ШҚО-да 46 мониторингтік топ күн сайын нормалардың сақталуын тексереді

23.10.20, 11:15

Шығыс Қазақстанда оқу жылының басынан бері 62 оқушы коронавируспен ауырды

23.10.20, 10:45

30 жыл жөндеу көрмеген Алтай ауруханасы жөнделіп жатыр

23.10.20, 10:31

Алтай ауданы ауыл шаруашылығы саласында оң динамикаға қол жеткізді

23.10.20, 10:00

Өскеменнің 19-шы шағын ауданында 12 аула қайта түрленді

23.10.20, 09:32

ТЖ мамандары: «ШҚО-да 100 шақырымнан астам жол қар көшкініне ұшырауы мүмкін»

23.10.20, 09:00

ШҚО-да өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар қанша?

23.10.20, 08:45

КОРОНАВИРУСТАН ҚАЛАЙ САҚТАНУ КЕРЕК?

22.10.20, 19:00

ОТБАСЫНЫҢ БІР МҮШЕСІ КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНА ШАЛДЫҚСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

22.10.20, 18:15

Алтай мектептерінде дәретхана мәселесі шешілуде

22.10.20, 17:19

ШҚО-да жол апатынан бір адам қаза тапты

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

16.06.20, 20:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

20.05.20, 12:04

АҚШ-тағы қазақ баласы. Ағайынды Теодор мен Рүстем бір-бірін тапты

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

28.05.20, 10:11

Коронавирус: Өскеменде 3 үй қоршауға алынды

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

28.03.20, 09:45

Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

28.01.20, 12:27

Қазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілді

19.06.20, 17:19

"КШТ" ең қауіпті. Өскеменде вирус өршіп барады

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

23.10.20, 18:15

ШҚО-да көп қабатты тұрғын үй қорының жылу маусымына дайындығы 100% құрайды

23.10.20, 17:44

ШҚО-да мобильді топ мүшелері ауыл жастарымен кездесу өткізді

23.10.20, 17:15

Абай ауданында көп балалы отбасыларға баспана берілді

23.10.20, 17:04

Covid-19 симптомдары

23.10.20, 16:45

Жарма ауданында су желісі үйдің іргесіне дейін жеткізілді

23.10.20, 16:12

Өскемен гарнизонында әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша турнир өтті

23.10.20, 15:41

Өскемендегі өнер музейіне – 30 жыл. Мерейтой қалай өтті?

23.10.20, 14:39

«Қайтпас қайсар кеншілер». Жезкентте шахтёрлердің монументі пайда болды

23.10.20, 13:03

Шығыс Қазақстан қысқы апатпен күресуге дайын ба?

23.10.20, 12:00

ШҚО-да 46 мониторингтік топ күн сайын нормалардың сақталуын тексереді

23.10.20, 11:15

Шығыс Қазақстанда оқу жылының басынан бері 62 оқушы коронавируспен ауырды

23.10.20, 10:45

30 жыл жөндеу көрмеген Алтай ауруханасы жөнделіп жатыр

23.10.20, 10:31

Алтай ауданы ауыл шаруашылығы саласында оң динамикаға қол жеткізді

23.10.20, 10:00

Өскеменнің 19-шы шағын ауданында 12 аула қайта түрленді

23.10.20, 09:32

ТЖ мамандары: «ШҚО-да 100 шақырымнан астам жол қар көшкініне ұшырауы мүмкін»

23.10.20, 09:00

ШҚО-да өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар қанша?

23.10.20, 08:45

КОРОНАВИРУСТАН ҚАЛАЙ САҚТАНУ КЕРЕК?

22.10.20, 19:00

ОТБАСЫНЫҢ БІР МҮШЕСІ КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫНА ШАЛДЫҚСА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

22.10.20, 18:15

Алтай мектептерінде дәретхана мәселесі шешілуде

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: