Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 5 шілдесіне валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Алакөлдегі аламан айтыс

0

Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры мен Үржар ауданы әкімдігінің ұйтқы болуымен «Ел айбыны, жыр айдыны - Алакөл» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Соңғы жылдары айбынды айдынымен, шипалы суымен жағасына алыс-жуықтан турист тартқан айтулы демалыс орнында мұндай айтыс алғаш рет өтіп отыр. Еркебұлан Қайназаров, Мақсат Ақанов, Рүстем Қайыртайұлы, Аспанбек Шұғатаев бастаған 14 жыр сүлейі қатысқан сөз барымтасының тағы бір ерекшелігі жергілікті өңірден де бірнеше жаңа ақындар қатысты. Отандық туризмнің дамуына, насихатталуына қолдау жасау, ауылдың рухани өміріне қан жүгірту мақсатында өткен жыр сайысына белгілі айтыс және жазба ақындары, академик-профессорлар, Ұлықбек Есдәулет, Ғалым Жайлыбай, Мұхтарбек Каримов, Дихан Қамзабекұлы, Серік Қалиев, Серікзат Дүйсенғазы, Дәулеткерей Кәпұлы, Бауыржан Халиоллаұлы сынды қабырғалы қаламгерлер баға берді. Айтыстың тізгінін әдеттегідей Жүрсін Ерман ұстады. Көл бетінен көтерілген қазақтың күмбірлі домбырасының үніне үн қосып, бір қыдыру айтулы өнер қайраткерлері де қатысты бұл тойға. Олардың қатарында танымал әнші Еркін Шүкіман, Марат Ілиясов, белгілі күйші Секен Тұрысбек, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек болды. Жергілікті өнерпаздар өнер көрсетіп, көрермен көңілін көтерді.

– Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйенсек, бұл айтысты дәстүрге айналдыратын түрі бар. Әрине, өте құптарлық дүние. Себебі, жаздыгүні шілде болғанда Алакөл жағасы қаптаған демалушыларға толады. Мұнда жүрген қаракөздеріміздің дені өзге ұлттың тілінде балаларымен шүлдірлесіп жүр. Сондықтан осындай қарақұрым халықтың арасына әкеліп айтыс өткізу біріншіден, ұлттық құндылығымызға үлкен серпін берсе, екіншіден, арғы бетте өмір сүріп, қазақ болмысына қалам тербеген Зейнолла Сәнік ағамыздың шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттай аламыз. Аталмыш қордың айтыс өткізудегі бір мақсаты да осы болатын, – дейді қазылар алқасының бірі Дәулеткерей Кәпұлы.

Аталмыш қордың басшысы Қанат Зейноллаұлы. Қанаттың әкесі Зейнолла да, шешесі Шәмшабану Хамзақызы да қазақ руханиятына сүбелі үлес қосқан қаламгерлер. Әке көріп оқ жонған ұл да бүгінде көптеген игілікті істердің басынан табылып жүр. Алакөл айдынына қызыл іңірдің шапағы тараған тұста мәре сызығынан өткен айтулы ақындар елді әдемі әзілімен де, ұтымды ұсыныстарымен де тәнті қылды. Айталық, Алакөлге жетудің әлі де болса машақаты бар екенін тілге тиек еткен ақындар Жарбұлақ ауылында тұрған түсініксіз ескерткіштің орнына Қабанбай тұрақ тепсе деген ой тастады. Шекара шебінде тұрған елді мекенге бұл үлкен рух беретінін айтады ақындар. Сонымен, бұл жолғы айтыстың бір миллион теңгелік бас жүлдесін елордалық ақын Еркебұлан Қайназар, бірінші, екінші орынды Аспанбек Шұғатаев пен Рүстем Қайыртайұлы, екі үшінші орынды Талғат Мықи мен Мақсат Ақанов еншіледі. Қалған ақындарға да ақшалай сый-сияпат жасалды.

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 17:15

Дәрі-дәрмекті қымбаттатқандар жауапқа тартылады – Тоқаев

Бүгін, 16:11

ШҚО-да 10 науқас коронавирустан емделіп шықты

Бүгін, 15:05

National Geographic Нұр-Сұлтанға тарту жасады

Бүгін, 12:13

Коронавирус: Бір адам бірнеше рет ауыруы мүмкін бе?

Бүгін, 11:08

Карантин: Қалааралық автобусқа билет алып қойғандар қайтеді?

Бүгін, 10:15

ШҚО-да өткен тәулікте 149 адам коронавирус жұқтырды

Бүгін, 09:22

Өскеменде 8 бірдей жаңа балабақша салынады

04.07.20, 21:30

ШҚО-да коронавирус жұқтырған 25 науқас емделіп шықты

04.07.20, 16:30

«Нұр-Сұлтан-Өскемен» пойызы жүрмейтін болды

04.07.20, 15:15

«Кейбір нысандар істей береді». №16 қаулыға өзгерістер енгізілді

04.07.20, 14:15

19 шілдеге дейін жабылатын нысандар – ШҚО

04.07.20, 13:20

№16 қаулы: «Тақ және жұп күндер» режімі туралы

04.07.20, 13:05

ШҚО-да 19 шілдеге дейін қозғалыс шектелетін болды

04.07.20, 10:40

ШҚО-дан шетелге мыңнан астам адам көшіп кеткен

04.07.20, 10:15

ШҚО-да өткен тәулікте 152 адамнан коронавирус анықталды

04.07.20, 09:12

Шілдеде неше күн демаламыз?

04.07.20, 08:49

4-6 шілде аралығында доллар бағамы қандай болады?

03.07.20, 17:35

Діни басқарма жаназа мен ас беруге қатысты мәлімдеме жасады

03.07.20, 16:30

5400 теңге. Ақылы жедел жәрдем бригадасы құрылады

03.07.20, 15:43

Коронавирус: ШҚО-да 10 науқас емделіп шықты

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

28.03.20, 09:45

Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

28.01.20, 12:27

Қазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілді

25.04.20, 10:23

Биік белестерді бағындарған әскери бөлім

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бүгін, 17:15

Дәрі-дәрмекті қымбаттатқандар жауапқа тартылады – Тоқаев

Бүгін, 16:11

ШҚО-да 10 науқас коронавирустан емделіп шықты

Бүгін, 15:05

National Geographic Нұр-Сұлтанға тарту жасады

Бүгін, 12:13

Коронавирус: Бір адам бірнеше рет ауыруы мүмкін бе?

Бүгін, 11:08

Карантин: Қалааралық автобусқа билет алып қойғандар қайтеді?

Бүгін, 10:15

ШҚО-да өткен тәулікте 149 адам коронавирус жұқтырды

Бүгін, 09:22

Өскеменде 8 бірдей жаңа балабақша салынады

04.07.20, 21:30

ШҚО-да коронавирус жұқтырған 25 науқас емделіп шықты

04.07.20, 16:30

«Нұр-Сұлтан-Өскемен» пойызы жүрмейтін болды

04.07.20, 15:15

«Кейбір нысандар істей береді». №16 қаулыға өзгерістер енгізілді

04.07.20, 14:15

19 шілдеге дейін жабылатын нысандар – ШҚО

04.07.20, 13:20

№16 қаулы: «Тақ және жұп күндер» режімі туралы

04.07.20, 13:05

ШҚО-да 19 шілдеге дейін қозғалыс шектелетін болды

04.07.20, 10:40

ШҚО-дан шетелге мыңнан астам адам көшіп кеткен

04.07.20, 10:15

ШҚО-да өткен тәулікте 152 адамнан коронавирус анықталды

04.07.20, 09:12

Шілдеде неше күн демаламыз?

04.07.20, 08:49

4-6 шілде аралығында доллар бағамы қандай болады?

03.07.20, 17:35

Діни басқарма жаназа мен ас беруге қатысты мәлімдеме жасады

03.07.20, 16:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: