Өскемен
-24°
плотный туман Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Алтай ауданында «Заң Керуені» акциясы өтті

31.10.2022, 16:02 120 0 Ләззат Қанатқызы

«Заң Керуені» акциясы аясында облыс прокуроры Алмат Байшолақов пен полиция Департаментінің басшысы Серік Жүнісбеков, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Денис Шәкеновтың және аудан әкімі Ернар Мұстафиннің Алтай ауданының және Серебрянск қаласы, Жаңа Бұқтырма кенті, Октябрь, Средигорный, Соловьев ауылдық округтерінің тұрғындармен кезекті кездесуі өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Горняк» мәдени демалыс орталығында өткен кездесуге 250-ден астам азамат қатысқан.

Кездесу барысында Алмат Байшолақов халыққа облыс прокуратурасының органдары мен Алтай ауданының прокуратурасы заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтты. Жалған ақпараттарды, терроризм актісі туралы жалған хабарларды таратқаны үшін жауапкершілік, азаматтарға қаржы пирамидалары мен алаяқтықтардан сақтық шаралары туралы да түсіндірілді.

- Облыстың полиция және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ведомстволарының басшылары аудан тұрғындарын қылмысқа қарсы күрес шаралары және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі ережелерімен хабардар етті. Кездесуде құқық қорғау органдарының басшылары құқықтық сипаттағы барлық мәселелерге толық түсініктеме беріп, бірқатар мәселелерді жеке бақылауға алатындарын айтты, - дейді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Кездесу соңында азаматтардың жеке қабылдауымен жалғасқан.

- Тұтас алғанда, облыстың барлық аумақтарында өткен «Заң Керуені» акциясы аясында жергілікті тұрғындар да осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізілуіне тілек білдіріп, ашық диалог форматына оң баға берді.Облыс орталығында аталмыш акция ағымдағы жылдың 29 қазаны мен 8-қарашасы аралығында өтеді, - делінген хабарламада.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив