KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Шығыста аймақтық мүшәйра өтеді

7.10.2022, 23:38 454

Шығыста «Сөз бұйдасын ұстаған – Байбура би» атты аймақтық мүшәйра өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әдеби бәйге жаугершілік дәуірде ғұмыр кешкен, келелі дауда кесім айтқан, бармағынан бал тамған Байбура би Қожабергенұлының (1720-1793) өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа үлге ету мақсатында ұйымдастырылады. Екіншіден, бұл байқау өңір ақындарының шығармашылығына қолдау болмақ.

Жарыстың жүлде қоры бес жүз мың теңге. Қорытынды шара Көкпекті ауданында болатынын айта кетейік.

Мүшәйра шарттарымен таныс болыңыз:

ІІ. Мүшәйраның мақсаты мен міндеті:

2.1. Мүшәйраның мақсаты – өнер кенішіндегі жас өрендерді іріктеу, сөз зергерлерінің еңбегін бағалау. Әділ қазылар алқасы үздік деп таныған шығарма авторларын қаржылай сыйақымен марапаттау.

2.2. Мүшәйраның міндеті:

– Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа баулу, олардың тұлға болып қалыптасуына ықпал ету;

–      Өлке әдебиетінің өркендеуіне үлес қосу.

 

ІІІ. Мүшәйраның шарттары:

3.1. Мүшәйраға қатысатын ақындардың жас мөлшері шектелмейді.

3.2. Бір автордан екі өлең қабылданады:

- тақырыптық

- еркін

- Өлеңдер 2-19-16@mail.ru электронды поштасына 2022 жылдың 20 қазанына дейін жолдануы тиіс;

- автор туралы мәлімет шығармамен қоса беріледі (тегі, аты-жөні, мекен-жайы, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефоны).

- Мүшәйраға ұсынылған шығармалар мына үлгіде компьютерде терілуі керек: Word, Times New Roman, кегль №14, аралық интервал 1.

 

ІV. Мүшәйраны өткізу тәртібі және қорытындылау:

4.1. Байқауға жолданған шығармаларды ақын-жазушылардан, БАҚ өкілдерінен құралған қазылар алқасы сараптайды.

Бас жүлде – 200 000

Бірінші орын – 100 000

Екінші орын – 75 000

Үшінші орын (үшеу) – 50 000

4.2. Байқау қорытындысы 2022 жылы 25 қазанға дейін шығарылып, жүлдегерлерге қосымша хабарланады.

4.3 Марапаттау рәсімі 27 қазанда Көкпекті ауданында өткізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив