Өскемен
-13°
пасмурно ветер 2 м/с, ЮВ
468.98 493.74 7.59

ШҚО-да «М.Әуезов шығармашылығы суретшілер көзімен» атты көрме ашылды

26.10.2022, 15:38 57 0 Ләззат Қанатқызы

А.С.Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында «М.Әуезов шығармашылығы суретшілер көзімен» атты сурет көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Көрменің басты мақсаты - М.Әуезов шығармашылығын зерделеу және зерттеу, оны келер ұрпаққа жеткізу, дарынды жерлестерімізді қолдау көрсету, М.Әуезов шығармашылығына суретші көзімен үңілу.

Естеріңізге сала кетейік, байқауға жұмыстар 1 маусымнан 15 қазанға дейін қабылданды. Облыстың түкпір-түкпірінен бақ сынаған отызға жуық қылқалам шебері өздерінің жұмыстарын көрмеге қойып, халыққа ұсынды.

Қазылар алқасының сараптауы бойынша, балалар арасында І орынды Ермұқан Айназ иеленсе, Темірбекова Арайлым 2-ші, Аманғазы Бексұлтан 3-ші орынға табан тіреді.

Ересектер арасында: Бекбердинова Гүлнәр – І орын, Қайырхан Мади – ІІ орын, Тұрғанбаев Ержан – ІІІ орын, Нұрсадықов Құдаш – ІІІ орынмен марапатталды.

- Сурет байқауын ұйымдастыруға демеушілік көрсеткен «СЕЙ-НАР» ЖШС басшысы Ербол Әлімқанұлы Абдыкалыковқа және  «Тала» ЖШС директоры Мұрат Сұлтанғазыұлы Телебаевқа ризашылығымызды білдіреміз. М.Әуезов шығармашылығына суретшілер көзімен үңілгілеріңіз келсе сурет көрмесі 1 ай көлемінде жұмыс істейтін болады, - дейді кітапхана қызметкерлері. 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив