KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Балалар «ЕРТЕГІЛЕР ФЕСТИВАЛЬНЕ» қатысты- ШҚО

4.11.2022, 18:03 624 Ләззат Қанатқызы

Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері оқушылардың күзгі демалысын ескере отырып, Аблакетка ауданында орналасқан «Самғау» мәдениет және бұқаралық спортты дамыту орталығында мектеп оқушылары мен бүлдіршіндерге «ЕРТЕГІЛЕР ФЕСТИВАЛЬ» ұйымдастырды.

Шараның шымылдығы «Жас талант» үйірмесінің сахналық қойлымымен түрілді. Балалар кітап көрмесімен қатар, заманауй технологиялармен де танысты.

Балалар өздері тұратын шағын ауданда осындай заманауй кітапхананың болғанын армандайды.

- Біз бүгін «Ертегілер фестивальне» қатыстық. Мұнда көптеген ертегі кітаптар оқыдық. Досым екеуміз қараокемен ән айттық. Тоғызқұмалақ және асық ойнадық. Маған ерекше ұнады. Осы жерде осындай кітапхана болса күнде келуші едік, - дейді №14 орта мектептің оқушысы Ақназ Алтай.

Ал сол аудандағы №13 орта мектептің мұғалімі Қуанған Әбілхан бұндай шаралар балалардың білімге деген қызығушылығын оятады дейді.

- Бүгінгі шара оқушылардың білім деңгейін арттыруға үлкен мұмкіндік берді. Көптеген оқушыларым IT-саласына қатты қызығушылқ танытты. Бұл фестиваль біздің ауданда бірінші рет өткізіліп отыр. Қазір мектепте балалар саны артып келеді. Сондықтан ауданымызға заман талабына сай жабдықталған кітапхана керек деп ойлаймын, - дейді Қуанған Әбілхан.

Шара барысында кітапхана қызметкерлері мен арнайы мамандар шеберлік сағаттарын да өткізді. Балалардың көрмеге деген ықыласы ерекше.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив