KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

ШҚО-да "Біртұтас ұлт - біртұтас әскер" концерті өтті

14.09.2022, 15:57 303

Күзгі әскерге шақыру және Қарулы Күштердің 30 жылдығы аясында облыс орталығындағы «Ертіс концерт» мәдениет үйінде ҚР Қарулы Күштері әскери-патриоттық орталығы, Орталық әскери ансамблі мен оркестрі ұжымының қатысуымен концерт өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мектеп жасындағы балаларға әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға қаладағы білім ордаларының оқушылары келіп қатысты.

Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы - бұл Орталық әскери ансамбльден, оркестрден, би ұжымдарынан, сондай-ақ Қазақстан армиясы театры мен киностудиядан тұратын мәдени-демалыс мекемесі. Бұл әскерге шақыру жасына дейінгі, әскерге шақыру аудиториясына және қазіргі сарбаздарға әскери-патриоттық тәрбие беру үшін жұмыс істейтін тұтас кешен.

- Қорғаныс министрінің шешімі бойынша бізде ақпараттық-түсіндіру тобы бар, ол өз жұмысын Шығыс өңірінен бастады. Қорғаныс министрлігі әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша үлкен жұмыс жүргізуде, бүгінгі таңда біз "Біртұтас ұлт - біртұтас әскер"кешенді бағдарламасының модераторлары болдық. Өздеріңіз білесіздер, 1 қыркүйекте біздің Жоғарғы Бас Қолбасшымыз Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады және осы бағдарламалық құжаттардың барлығын түсіндіру мақсатында біздің топ жұмысын бастады, - деді ҚР Қарулы Күштері Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы Серік Бұрамбаев.

Іс-шара барысында "Ең үздік сарбаз" номинациясының жеңімпазы ШҚО №27943 әскери бөлімінің қызметкері Ержан Жарылқасын марапатталды. Сондай-ақ, жас сарбаздарға ҚР әскери-оқу орындарының бейнероликтері көрсетілді.

-Биыл Министр бізге жаңа бағыт берді. Біз әскери қызметтің имиджі мен беделін арттыру мақсатында әскери бөлімдерге, қалаларға, елді мекендерге баруға тиіспіз, бұл туралы Мемлекет басшысы бірнеше рет айтқан болатын. Негізінен бұл концерттерді біз балалар мен жоғары сынып оқушылары үшін, біріншіден, рухты көтеру, екіншіден, бірқатар әскери оқу орындарының бар екенін таныстыру және оларды армияда қызмет етуге дайындау үшін өткіземіз,-деп атап өтті Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Асенов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив