KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да алғаш рет халықтық отбасылық фестиваль өтті

14.09.2022, 12:31 409

Қыркүйек айының екінші жексенбісінде қазақстандықтар Отбасы күнін атап өтеді. Атаулы мерекеге орай ШҚО-да бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өскемен қаласындағы «Ертіс концерт» орталық мәдениет үйінде "Махаббат сәулесі "атты алғашқы халықтық отбасылық фестиваль өтті. Айта кету керек, шара Балалар жылы мен Отбасы күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған.

Іс-шара қоғамның рухани дәстүрлері мен құндылықтарын, ұрпақтар сабақтастығын жаңғырту, жастарды тәрбиелеу және отбасы институтын жетілдіру мақсатында өткізілді. Сондай - ақ, қойылым барысында "Қарлығаш" қайырымдылық үйінің қарттары мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерін қолдау мақсатында екі қайырымдылық акциясы да жоспарланыпты.

Фестивалда әртүрлі мастер-класстар, ойын бағдарламалары, сәндік-қолданбалы өнер көрмесі, барлық жастағы балаларға арналған анимациялық бағдарламалар мен ойын-сауықтардан тұратын "Доброград" интерактивті білім беру және ойын-сауық жобасы бастау алды.

Одан кейін ШҚО-ның үздік кәсіби және әуесқой әртістерінің басын қосқан салтанатты концерттік шоу өтті. Қатысушылар көркем сөз, ән, музыка, би тілімен отбасы құндылықтары, мейірімділік пен әділеттілік, өзара құрмет пен түсіністік, мейірімділік пен даналық туралы айтып берді. Сондай-ақ, сахнада 50 және одан да көп жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптылар өздерінің әңгімелерін айтып, кеңестерімен бөлісті. Отбасы күнінде өз тағдырларын біріктіруге шешім қабылдаған жас жұптың неке қию рәсімі болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив